Петропавлдағы Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатта 10-сыныптар оқушылары арасында өткен “Елі сүйген, елін сүйген Елбасы” тақырыбындағы сынып сағаты Тұңғыш Президентке арналды.
Гүлзат ТЕМІРБЕКОВА,
Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернат тәрбиешісі.
Сынып сағатында Елбасының өмір жолы, ерекше қасиеттері, ерен еңбегі туралы терең де мағыналы мәліметтер айтылды. Оқушылар мұны қызыға тыңдап қана қоймай, сабаққа өздері де белсене атсалысты. “Болмасаң да, ұқсап бақ” деп ұлы Абай айтқандай, өскелең ұрпақ Елбасыны өнеге тұтатынын, оған ұқсауға тырысатындарын ашық айтты.
Нұрсұлтан Әбішұлының өмірі мен еңбегін үлгі тұту, жаңа буынды елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімді жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу, олардың өз ойын ашып айту дағдысын қалыптастыру, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыруда бұл шараның маңызы зор болды деп санаймын.
Петропавл қаласы.