«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГТК-нің ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ЕРЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда гір көтеруден облыстық ашық турнир өтті. Әлем біріншілігінің алдында өткізілген жарыста облыс орталығының және аудандардан келген 90 спортшы бағын сынады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Дода барысында 7 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен жасөспірімдер және ересектер 16, 24 және 32 килограмдық гірді жұлқа және серпе көтеруден сайысқа түсті. Жарыс ережесі бойынша әр қатысушыға 10 минут уақыт берілді.

Жуырда Шымкент қаласында өткен республикалық “Ақ бидай” ойындарында алтыннан алқа тағынған Сергей Басов 73 кг. салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, топ жарды. Гуманитарлық-техникалық колледждің намысын қорғаған атлет екі қолымен 32 кг. гірді 50 рет жұлқа көтерді.  

Ал спорттық шараға қатысқан 6 нәзік жан арасында гір көтеруден өткен ел біріншілігінің күміс жүлдегері, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті Мария Наумова ерекше көзге түсті. Ол 16 кг. гірді 113 рет бір қолымен серпе көтеріп, қарсыластарынан басым түсті.

Жарыста спортшылардың жекелей және командалық жетістіктері есепке алынды. Біріншіліктің қорытындысы бойынша облыс орталығындағы гуманитарлық-техникалық колледждің құрама командасы дода жеңімпаздары атанды.

Барлық жеңімпаздар медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp