«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРЫС ЖОЛЫНДА – ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Бескөл ауылының “Болашақ” дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде полицейлер отбасылары арасында жарыс болып өтті.

Сайыста СҚО ІІД және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің СҚО бойынша департаменті, қалалық Ішкі істер және Мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының бес командасы сынға түсті. Кімнің командасы ең жылдам, мықты және ұйымшыл екендігін анықтау үшін офицерлерге және олардың жақындарына он кезеңнен өту керек болды. Эстафета, қаптармен жүгіру сияқты қызықты сында әркім өз есесін жібермеуге тырысты. Әсіресе, командалардың қызу тартысын сайыстың шешуші сәті, яғни ұзындыққа секіруде тамашаладық. Нәтижесінде барлық кезеңдерден сүрінбей өткен қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкері, полиция майоры Қуандық Ысқақовтың отбасысы бірінші орынды иеленді.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp