«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сейсенбі күні бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясы болды.

Онда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев облыстық мәслихаттың жаңадан сайланған депутаттары – “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұловқа, Мамлют ауданындағы “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігінің бас директоры Еркебұлан Мәмбетовке және Уәлиханов ауданының “Нұр” көтерме-бөлшек сауда желісінің директоры Рашида Темірбековаға депутаттық куәліктерін тапсырды. Ал облыстық Тексеру комиссиясының мүшесі Ләззат Шайхлесова мемлекеттік қызметші ретінде салтанатты түрде ант берді.

Сессияда қаралған негізгі мәселе – облыстық бюджетке өзгеріс енгізу жөнінде Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Өтеуленова хабарлама жасап, республикалық қазынадан Мамлютка қаласының Жұмысшы кентінде салына бастаған 300 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысын жалғастыруға 61 миллион 503 мың теңге қосымша мақсатты трансферт бөлінгендігін айтты. Оның құрылысы келесі жылы аяқталуға тиіс. Депутаттар осы қаржыны жыл аяғына дейін игеру жайын сұрап біліп, қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылдады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp