«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАНТТАРДЫ ТАНЫТҚАН БАЙҚАУ жерлестерімізге де олжалы болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“АРТ Фестиваль – Роза ветров” қоры (Мәскеу қаласы) өткізген талантты балалар арасындағы өнер додасы өз мәресіне жетті. “Қазақстандағы жел бағыты” III халықаралық балалар мен жасөспірімдер және “Балалар балалар үшін ойнайды” халықаралық театр байқаулары нәтижесінде облысымыздың өнер саласы жаңа есімдермен толықты. 

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Ресейдің Челябі, Омбы, Түмен, Қорған, Свердлов облыстары, Башқұртстан, Саха (Якутия) және Қазақстан атынан сынға түскен 700-ден астам өнерпаздың ішінде жас ақын, ұстаз Аманжол Зағыпардың оқушысы Нәдира Шерематова өлең оқу мәнерімен, сахнадағы актерлік шеберлігімен көзге түсті. Болашағынан зор үміт күттіретін жерлесіміз халықаралық конкурстың І сыйлығының иегері атанды.

Эстрадалық вокал аталымы бойынша жерлестеріміз Карина Кадимова, Екатерина Лысенко, Дарья Ускова, Аслан Атығаевтың бағы жанды. Петропавлдық “Арай” халық би ансамблі (көркемдік жетекшісі Диляра Сабырова) “Хореография” аталымында топ жарып, лауреат атанды. Жас өнер иелері көрермендерге “Чернява” және “Алтын өрнек” билерін ұсынды. Сондай-ақ петропавлдық Зарина Сыздықова қазылар алқасының ықыласына бөленіп, Мәскеуде білім алуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болды. Зарина облыс орталығындағы №1 өнер мектебінің 11-сыныбында оқиды. Бойжеткен мектепті тамамдаған соң Өнер институтының эстрада және джаз ән салу факультетінде тегін білім алатын болады.

“Импровизация”, “Алуа”, “Движение”, “Қызылжар”, “Қарлығаш” және “Бұлақтар” сынды би ансамбльдері кезекті рет жүзден жүйрік екендіктерін байқатты. Бұл топтар түрлі дәрежедегі дипломдарға ие болды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp