«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗ СЫЙЛЫҚТАРЫН БАЛАЛАРҒА ҰСЫНУ – қаржыгерлердің қашанғы дәстүрі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздің қаржыгерлері Тұңғыш Президент күніне орай волейболдан жарыс ұйымдастырды.

Санат МАСКЕНОВ,

“АТФ банктің” бас маманы.

Биылғы доданы “АТФ банк” өткізді. Үш жүзден аса қызметкер шеберлік салыстырған жарыс Ұлттық валюта – теңгеміздің 20 жылдығының құрметіне де арналды.

Барлығы отыз екі команда сынға түсті. Әйелдердің он алты командасының ішінен “БТА” және “АТФ” командалары басымдық танытты. Ақыр-соңында осыларға “Ұлттық банк” қосылып, жеңімпаз үштікті құрады.

Ал ерлердің сайысында “БТА банк” құрамасы қола жүлдені місе тұтса, жеңіс тұғырына “Ресей жинақ банкінің” командасы көтерілді. Оларға ақтық айқаста жол беріп қойған “Каспий банкінің” волейболшылары екінші жүлдені иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер өздеріне тапсырылған бағалы сыйлықтарды қаламыздағы спорт мектептерінің тәрбиеленушілеріне беруді ұйғарды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp