«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

23 ЖАСЫНДА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Шахматтан әлем чемпионының тәжі жолындағы тайталас қайтадан ФИДЕ-нің қол астына өтіп, оның президенті Кирсон Илюмжинов Үндістанның Ченнаи қаласында 9 қарашада бұл атақты сарапқа салатын үміткерлер 43 жасар үндіс, жер-жаһанның жеңімпазы Вишванатан Ананд пен норвегиялық Магнус Карлсенді матчтың басталуымен құттықтаған еді.

Ал енді он екі партияға шақталған жекпе-жек күні бұрын, он ойыннан кейін аяқталып, норвегиялық шахматшы әлемнің жаңа жеңімпазы болып жарияланды.

М. Карлсен биыл бірнеше дүбірлі жеңістерге қол жеткізіп, аймақаралық іріктеу жарыстарының бәрінде қарсыластарын қапы қалдырды. Олардың арасында әр жылдардағы әлем чемпиондары ресейлік Владимир Крамник пен болгариялық Веселин Топалов, сондай-ақ израильдік мықты ойыншы Борис Гельфанд болғанды.

Сөйтіп, 6,5:3,5 есебімен Магнус әлемдегі екінші жас шахматшы атанды. Ол 30 қарашада жиырма үш жасқа толады. М. Карлсен әлемнің жиырмасыншы жеңімпазы болып, сол үшін 1,3 миллион доллар сыйақы еншіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp