«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖУРНАЛИСТЕР ЖАҢА МОДЕЛЬМЕН ТАНЫСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Павлодар қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменовтің төрағалық етуімен “Мемлекеттік қызметті реформалау: ішкі түйін және аймақтық БАҚ-тағы көрінісі” деген тақырыпта журналистерге арналған семинар өтті. 

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Еуропа Одағының “Қазақстан Үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және жаңғырту” жобасының қолдауымен жүзеге асқан семинар жұмысына қатысқан Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының БАҚ өкілдері мен коммерциялық емес ұйымдармен өзара ықпалдасу және ынтымақтасу бойынша қоғамдық кеңес мүшелері, Тәртіптік кеңес мүшелері мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мәселелерін, оның ішінде мемлекеттік органдардың қоғаммен бірлесе әрекет ету жолдарын талқылады.

Өңір тілшілері бас қосқан семинарда Әлихан Бәйменов журналистердің конкурстық процедуралар ашықтығы тетігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, “командалық көшуді” азайту мен өзге де мәселелерге қатысты сауалдарына жауап беріп, жаңа мемлекеттік қызмет моделінің негізгі қағидаларын түсіндірді.

– Біз бұған дейін заңға енетін өзгерістердің негізгі қағидаттарын талқыладық. Мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін заңға өзгерістердің енгізілгені дұрыс. Себебі, бүгінде кейбір басшылар қызметін ауыстырғанда өзінің “командасын” жинайды, екіншіден, әлі де болса мемлекеттік қызметшілерге әдептілік және жемқорлық тұрғысынан алғанда, кейбір талаптардың орындалмауы көрініп отыр. Үшіншіден, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен мемлекеттік қызметтің көрсету сапасын көтеру керек, – деді Әлихан Бәйменов.

Әлихан Мұхамедияұлының айтуынша, соңғы мәлімет бойынша республикада мемлекеттік қызметшілердің саны – 97839, соның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілер – 439 адам­­. Мемлекеттік қызметтегі әйел­дер­дің саны – 47834. Жалпы мемлекеттік қыз­мет­ші­лер­дің орта жасы 39 жасты құ­рай­ды.

Агенттік жетекшісі мемлекеттік органдардың қоғаммен бірлесе әрекет етуінің және мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырудың, жұртшылықты мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг жасауға кеңінен тартудың маңыздылығын атап өтті. “Бүгінде агенттік пен оның өңірлік департаменттері жанынан мемлекеттік қызмет сапасы бойынша қоғамдық кеңес құрылған. Сонымен бірге агенттік жанынан кеңесші орган – мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі сарапшылар кеңесі жұмыс істейді”, – деген агенттік басшысы Франция елінің мемлекеттік қызметінің басшысымен, Францияның жоғары басқару мектебінің басшылығымен кездескенінде олардағы “Дарындарды басқару” жүйесімен танысып, аталмыш бастаманы Қазақстанда қолдануды Парламентке ұсынғандығын айтты.

Форумда сөз алған “Қазақстан Үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және жаңғырту” жобасының жетекшісі Джордж Мирогияннис мемлекеттік қызметті дамытудың заманауи үдерістеріне, Қазақстанның мемлекеттік қызметті жаңғыртудағы озық еуропалық тәжірибені қолдану мәселелеріне тоқталды. Қазақстандағы мемлекеттік қызметті жаңғырту бойынша жұмыс жүргізіп келген танымал еуропалық саясаттанушы өз сөзінде Еуропа Одағы қаржыландырып отырған бұл жоба мемлекеттік басқару мәселелері бойынша еуропалық тәжірибені Қазақстанда интеграциялау мақсатында жүзеге асатын халықаралық бастама екендігін, жоба мемлекеттік қызметті реформалау бойынша нормативтік-құқықтық актілерді даярлау және оларды жүзеге асыру бойынша сараптамалық қолдау көрсететіндігін айтты.

Семинарда сонымен бірге кадрларды іріктеу мен жоғарылатуда меритократия қағидаттарын қолдану, мемлекеттік қызметтегі этикалық және жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту, “А” корпусын қалыптастыру мен мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелері талқыланды. Ал шараға қатысқан журналистер болса келелі ойларымен бөлісіп, агенттік басшысына өз ұсыныстарын жеткізді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp