КӘКІМБЕК САЛЫҚОВТЫҢ ҚАЙТЫС БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті ақын Кәкімбек Салықовтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасысы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы жеделхатта Кәкімбек Салықовтың бүкіл білімі мен тәжірибесін, қажыр-қайратын туған елі мен халқының игілігіне арнап, жемісті еңбек еткен белгілі тұлға екенін атап өткен.