«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.11.2013

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ әлеуметтік бастамаларды іске асыруға мүмкіндік берді

Премьер-министрдің орынбасары Ербол Орынбаев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайының артуы туралы айтты.   «Еліміздің тұрақты экономикалық өсуі әлеуметтік саладағы көптеген әлеуметтік бастамалар мен бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік берді. 2013-жылғы қаңтар-қазан айларының қоырытындысы бойынша еліміздің ІЖӨ 5,8% өсті», – деген вице-премьер өз сөзін: «Дүниежүзілік банктің ақпаратына қарағанда, Қазақстан 2011 жылдың өзінде-ақ табысы ортадан …

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ әлеуметтік бастамаларды іске асыруға мүмкіндік берді Read More »

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сөз жоқ, бұл баршамыз үшін маңызды, айрықша мағынаға ие мереке. 1991 жылы нақ осы күні қазақстандықтар алғашқы бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты өздерінің Тұңғыш Президенті етіп сайлады. Президентіміздің күшті саяси ерік-жігері, сараланған және көреген саясатының нәтижесінде біз бүкіл қиындықты лайықты түрде еңсеріп …

Мерекелік құттықтау Read More »

Парламент депутаттары – Қызылжар өңірінде

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Халықаралық қатынас, қорғаныс істері жөніндегі комиссияның төрағасы Икрам Адырбеков пен комиссия мүшесі, армия генералы, Халық қаһарманы Мұхтар Алтынбаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында жұмыс сапарымен Қызылжар өңірінде болып, №6637 әскери бөлімі мен Петропавл Әскери институтының жеке құрамымен кездесті, Қорғаныс министрлігіне қарасты зауыттардың тыныс-тіршілігімен танысты. Аталмыш нысандарға халық қалаулыларын облыс …

Парламент депутаттары – Қызылжар өңірінде Read More »

ЕЛБАСЫ

Болат САҒЫНДЫҚОВ,Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы. Елбасымыз – халқымыздың тірегі,Жұртына адал, батыл оның жүрегі.Игілікке атқаратын істердіңБілек түріп, басында өзі жүреді.

ЖЫЛ ЖЕМІСІ ҚУАНТАДЫ: 5 миллион тоннадан астам астық алынды

Кеше Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында ауыл шаруашылығы жылын қорытындылауға арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Оған Қызылжар өңірінде жұмыс бабымен жүрген ҚР Парламентінің және жергілікті мәслихаттың депутаттары, барлық деңгейдегі әкімдер, олардың орынбасарлары, ведомстволар мен ұйымдардың басшылары, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, еңбек озаттары мен қала жұртшылығы қатысты. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. – Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы …

ЖЫЛ ЖЕМІСІ ҚУАНТАДЫ: 5 миллион тоннадан астам астық алынды Read More »

ҚАРТТАР ҚАМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЛМАСЫН ДЕП…

Болат ҚОЖАХМЕТОВ, “Солтүстік Қазақстан”. “Ауылда әр үйге қажет бір машина отын мен екі тонна көмір сатып алу үшін үш айлық зейнетақың кетеді”. Кеше облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысында жарыссөзге шыққан Иван Квашин осылай, деді. Шынында да, зейнетақының ең азын алатын ауыл тұрғындарына қазіргі қымбатшылық оңай болып отырған жоқ. Олар түгіл, облыс орталығындағы ұядай жылы …

ҚАРТТАР ҚАМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЛМАСЫН ДЕП… Read More »

ҚАЛАНЫҢ КЕЛІНДЕРІ ҚАНДАЙ КЕРІМ?!

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында келіндер сайысының қалалық кезеңі өтті. “Жақсы келін – жанұя бақыты” сайысын қалалық әкімдік пен “Томирис” гендерлік білім беру орталығы бірлесіп өткізген. 

БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ тағы бір мәрте сөз болды

Қазақстан-Түркия арасындағы байланыс уақыт өткен сайын нығайып келеді. Петропавлдағы “Түрік мәдениеті” ҚБ қос елдің байланысы жайлы “дөңгелек үстел” өткізді.  Данаш ХАМЗИНА, журналист. Кешегі кеңес дәуірінде бауырлас елдердің қарым-қатынасына шектеу қойылды. Ал еліміз тәуелсіздік алған жылдары түбі бір түркі жұртының қос бұтағы – Қазақстан мен Түркияның байланысы қайта жаңғырды. Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Тұрғыт Өзал 1991 …

БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ тағы бір мәрте сөз болды Read More »

АҒАЙЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ АЛАУЫЗДЫҚ баршамызға ой салды

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры тағы бір жаңа қойылымын дүниеге әкелді. Бұл жолы өнерсүйер қауымның назарына Олжас Жанайдаровтың “Бір, екі, үш…” атты пьесасы бойынша қойылым ұсынылды. Оның қоюшы-режиссері – ҚР мәдениет қайраткері Батырбек Шәмбетов. 

ФОТОСУРЕТТЕР “СӨЙЛЕЙДІ”

Бейнелеу өнері мұражайында Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік – фотокамера объективінде” көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге біздің редакцияның және облыстық “Северный Казахстан” газетінің фототілшілері Амангелді Бекмұратов пен Талғат Тәнібаевтың, Вадим Мударисовтің әр жылдары түсірген фотолары ілінді.

АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Облыстық әкімдіктің кіші залында мемлекеттік қызметке алғаш кіріскен мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады және бірқатар мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан сүбелі үлестері үшін Алғыс хаттармен марапатталды.  Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл шара Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтің ұсынысына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Байменовтің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды. …

АНТ ҚАБЫЛДАДЫ Read More »

ТАҢДАУЫМ – ҚАЗАҚСТАН

Менің туған жерім – Әзірбайжан. Алтын бесік ауылым Таулы Қарабақтың қақтығыс алаңында орналасқандықтан, балалық, бозбала шағымның алаңдаушылықпен өткенін жасыра алмаймын. Қазір онда ата-анам, бауырларым тұрады. Ал менің Қазақстанды мекен етіп жатқаныма отыз жылдан асып барады. Тағдырымның ділі де, діні де бір, тілі ұқсас, жаны жайсаң қазақ ағайындармен тоғысқанына еш өкінбеймін. Өзім де, отбасым да Қазақстанның …

ТАҢДАУЫМ – ҚАЗАҚСТАН Read More »

ЕЛІМІЗДІҢ ГҮЛДЕНУІ, ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІ – ынтымағымыз бен ырысымыз

Рухани байлық, парасаттылық қай уақытта да материалдық игіліктерден жоғары бағаланып, құндылығымыз болып саналған. Дін – әрбір халықтың өзіндік қайталанбас тарихы, мәдениеті аталған құндылықтарымыздың алтын құндағы болып табылады. Сондықтан да еліміздің қазіргі дамуында, бүкіл әлемдегі сияқты, дін ерекше орын алып отыр. Мұратбек ЗЕЙНУЛЛИН, облыстық Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы. Егемендіктің алғашқы жылдарындағы аса күрделі кезеңдерде, еліміздің …

ЕЛІМІЗДІҢ ГҮЛДЕНУІ, ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІ – ынтымағымыз бен ырысымыз Read More »

БІЗ ҮЛГІ ТҰТАТЫН ТҰЛҒА

Қазақстан халқы Елбасыны белді саясаткер ғана емес, шығармашылық тұлға ретінде де таниды. Президенттің қазақтың қара домбырасымен де, жай да ән шырқағанын тыңдап, түрлі спорт түрлерімен шұғылданғанын көріп, талай ғылыми еңбектерін оқыды. Сол себепті де еліне жақын Елбасының жан-жақты азамат екенін мойындайды. Досан БАЙДИЛДИН, №2 Благовещенка орта мектебінің 10-сынып оқушысы. Елбасының бос уақыты мүлдем жоқ екенін …

БІЗ ҮЛГІ ТҰТАТЫН ТҰЛҒА Read More »

ДӘУЛЕТ – БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ

Облыстық Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Тұңғыш Президент күніне орай “Елбасы – мақтанышым” атты облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті. “Өз туындыларын орындау” аталымы бойынша Айыртау ауданындағы Дәуқара орта мектебінің 7-сынып оқушысы Дәулет Құрмаш жеңімпаз атанды. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Байқаудың облыстық кезеңіне өңіріміздің мектептерінен іріктелген 45 оқушы қатысты. Облыстық байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде …

ДӘУЛЕТ – БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ Read More »

ПАРАСАТТЫ ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

Егемен елдің топырағында туған өрендер бұл күндері ержетіп, еңбекке белсене араласуда. Саналы ұрпақ қазіргі таңда “Тәуелсіз жұртыма менің тигізер пайдам қандай?” деген сауалды өздеріне жиі қояды. Олардың мақсаттары да биік. Бірі еліміздің өнерін өркендетіп жүрсе, енді бірі спортта оза шауып, бас бәйгені қолдан бермеуге барын салуда. Тағы біреулері білім көкжиегінде самғап ұшып, ғылымға көңіл бөлуде. …

ПАРАСАТТЫ ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ Read More »

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІН ОЙЛАҒАН РЕФОРМАТОР

Павел ФИЛИППОВ, облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы. Реформатор сөзінің жалпықоғамдық мәні тұрғысынан алсақ бұл жауапкершілігі жоғары жұмыс. Реформалардың қиыншылықсыз және өмір деңгейінің уақытша төмендеуінсіз өтпейтінін көптеген әлем елдерінің тарихи тәжірибесі көрсетіп отыр.   90-шы жылдарды еске алсақ, қазақстандық экономиканы реформалау қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, жұмыс істеп тұрған өндірістік құрылымдардың құлауы, экономикалық реформа жүргізу тәжірибесінің …

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІН ОЙЛАҒАН РЕФОРМАТОР Read More »

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДАМУЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШІ

Жұлдыз ОСПАНОВА, Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі. Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға – Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет бүкілхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін қалаушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл күн еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігіне …

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДАМУЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШІ Read More »

ЕЛ – ЕРІМЕН, ЕР ЕЛІМЕН МАҚТАНАДЫ

Елімізде екінші рет аталып өткелі отырған Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасының өмірі мен қызметі жайлы сыр шертетін суреттер мен құжаттарды тамашалап, тәуелсіз еліміздің қалыптасу кезеңдерін бір сәтке көз алдымыздан өткізбек үшін облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған залға бас сұққан болатынбыз. Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. Өткеннің елесі мен бүгінгінің тынысын біріктіруді мақсат тұтқан …

ЕЛ – ЕРІМЕН, ЕР ЕЛІМЕН МАҚТАНАДЫ Read More »

Еркебұлан МӘМБЕТОВ: “МАЛ шаруашылығын дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз”

Мамлют ауданындағы “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігі – өңірімізде егіншілікте озық технологияларды пайдалана отырып, мол астыққа қол жеткізіп жүрген ірі агроқұрылымдардың бірі. Алдыңғы жылы 17 мың гектар егістік алқаптың 14 мыңына жоғары өнімді “Астана”, “Омбы-35”, “Омбы-36” сұрыптарын егіп, әр гектардан орташа есеппен 33 центнерден өнім алса, былтырғы қуаңшылықтың өзінде гектар берекелілігін 20,4 центнерге жеткізіп, облыс …

Еркебұлан МӘМБЕТОВ: “МАЛ шаруашылығын дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз” Read More »