«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ тағы бір мәрте сөз болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан-Түркия арасындағы байланыс уақыт өткен сайын нығайып келеді. Петропавлдағы “Түрік мәдениеті” ҚБ қос елдің байланысы жайлы “дөңгелек үстел” өткізді. 

Данаш ХАМЗИНА,

журналист.

Кешегі кеңес дәуірінде бауырлас елдердің қарым-қатынасына шектеу қойылды. Ал еліміз тәуелсіздік алған жылдары түбі бір түркі жұртының қос бұтағы – Қазақстан мен Түркияның байланысы қайта жаңғырды. Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Тұрғыт Өзал 1991 жылдың наурызында Қазақстанға алғаш сапарын жасаған болатын. Біздің Тәуелсіздігімізді алғаш болып таныған да осы бауырлас ел. Содан бері ортадағы алыс-беріс пен барыс-келіс көбейді. Оның нәтижесін экономикадан, білім мен ғылымнан, мәдениет пен бизнестен көруге болады.

– Қазақстан мен Түркия арасындағы достықты екі елдің басшылары: Нұрсұлтан Назарбаев пен Тұрғыт Өзал жаңғыртты. Біздің “Сұлтан Элеватор-Диірмен-Макарон кешені” АҚ осы сыйластықтың арқасында тұрғызылды, – деді “Сұлтан ЭДМК” АҚ бас директорының көмекшісі Дина Байбусинова.

Шахмандар Искандаров – Қазақстан азаматы. Жамбыл облысында дүниеге келіпті. Өмір бойы қазақтың арасында өскен кәсіпкердің тарихи Отанына кеткісі жоқ. Туған жерін сүйген азамат елі үшін еңбек етуді көздейді.

– Петропавлға 1992 жылы көшіп келдім. Балаларым да осында өсіп, осы жерде білім алды. Өзіміздің отбасылық бизнесіміз бар. Жиендерімнің көбі медицина саласында еңбек етуде, – дейді “Түрік мәдениеті” ҚБ құрылтайшысы Шахмандар Искандаров.

“Дөңгелек үстелге” қатысқан М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің тарих және құқық факультетінің студенттері Қазақстан мен Түркияның арасындағы бауырмалдық пен экономикалық қарым-қатынас жайлы зерттеулерімен таныстырды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp