«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘУЛЕТ – БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Тұңғыш Президент күніне орай “Елбасы – мақтанышым” атты облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті. “Өз туындыларын орындау” аталымы бойынша Айыртау ауданындағы Дәуқара орта мектебінің 7-сынып оқушысы Дәулет Құрмаш жеңімпаз атанды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Байқаудың облыстық кезеңіне өңіріміздің мектептерінен іріктелген 45 оқушы қатысты. Облыстық байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде оқушылар өздерінің өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Екінші кезеңінде қатысушыларға 10 минут уақытта “Мен – ақын баламын” тақырыбында өлең жазу ұсынылды. Байқаудың екі кезеңінен де сүрінбей өткен Дәулет 1-орын алды.

– Дәулет бұған дейін аудан көлемінде өткен түрлі мәнерлеп оқу сайыстарында жүлделі орындардан көріне білді. Ол “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” атты XIII облыстық “Абай оқуында” Білім басқармасының III дәрежелі дипломымен марапатталған. Бесінші сыныптан бастап өлең жазудың, ақындықтың қыр-сырын қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Қасым Нұрғалиевтен үйреніп жүр, – дейді сынып жетекшісі Мара Жахина.  

Бірінші сыныптан бері оқу озаты болып келе жатқан Дәулеттің спорттан да көрсеткіштері жаман емес. Ол қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және Жеңіс күні мерекелері құрметіне орай өткізілген облыстық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншіліктерінде жүлдегер атанған. Ауыл мектебінде оқып, тәлім-тәрбие алып жүрген жас өреннің болашағы зор, арманы асқақ. Ол өз мақсатын мына бір шумақ өлеңге былай сыйғызыпты:

Ел басқарам өскенде,

Қиындық елге түскенде.

Атқа мінер батырмын,

Ел тағдырын шешкенде.

Дәулет “Елбасым – мақтанышым!” байқауына ұсынған өлеңінде былай деп толғанады:

Жол таба алмай қиналғанда еліміз,

Қиындықтан қайысқанда беліміз.

Сол бір шақта қазағыма, Елбасым,

Көшбасшы боп жол нұсқаған едіңіз.

Иесіз қап жүдегенде жеріміз,

Сәні кетіп қисайғанда төріміз,

“Бірлік пенен ынтымақты

болсаңдар,

Ырыс, байлық өзі келер” дедіңіз.

Еңбек етіп елі үшін еріміз,

Төгілсін деп бақыт үшін теріміз.

Қазақ елін жеткізем деп биікке,

Күні-түні елдің қамын жедіңіз.

Астананы жаңа үлгіде

салдырып,

Жүректерге үміт отын

жандырып,

Жаңа өмірге жаңа қадам

бастыңыз,

Кедергінің бәрін кейін

қалдырып.

Өтті солай қиын күндер зу етіп,

Сіз жүрдіңіз ел бірлігін ту етіп.

Елге арнаған Жолдауыңыз шыққанда

Ел қолдады бір адамдай шу етіп.

 

Бәйтерек тұр Астанама жарасып,

Мәз болады көрген жандар қарасып.

Елбасының тұлғасындай

бұл нысан

Аспандағы бұлтпен

басы таласып.

Алты алаштың мақтанышы –

Нұр ағам,

Бар қазақтың басын

елге құраған.

Оралмандар туған

жерге оралып,

Ортамызда бақыт тауып

жүр аман.

 

Елбасымыз елге арнады

бар күшін,

Таусылмасын денің сау боп,

нар күшің!

Алашыңды алға бастап

әрдайым,

Ала бергей елдің бата, алғысын!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp