«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сөз жоқ, бұл баршамыз үшін маңызды, айрықша мағынаға ие мереке. 1991 жылы нақ осы күні қазақстандықтар алғашқы бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты өздерінің Тұңғыш Президенті етіп сайлады.

Президентіміздің күшті саяси ерік-жігері, сараланған және көреген саясатының нәтижесінде біз бүкіл қиындықты лайықты түрде еңсеріп қана қоймай, сонымен бірге қысқа мерзімнің ішінде тамсанарлық және таңғаларлық жетістіктерге қол жеткіздік.

Бұл жетістік Қазақстанның бірлігін, Конституцияны, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Тұңғыш Президенттің тұлғасымен тығыз байланысты және ажырағысыз.

Бүгінгі таңда Қазақстанды бүкіл әлем біледі және құрметтейді. Ауқымды саяси және әлеуметтік экономикалық реформаларды ойдағыдай жүзеге асырған еліміз ТМД-ның көптеген елдеріне және бүкіл Орталық Азия өңіріне серпінді дамудың үлгісі болып отыр.  

Бүкіл республикамызбен бірге біздің Солтүстік Қазақстан облысы да қарқынды даму үстінде. Экономика мен әлеуметтік салада орнықты өсім қамтамасыз етілді, жаңа өндіріс орындары мен кәсіпорындар ашылуда, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар салынуда.

Бүгінгі таңда көпэтностық қоғамдағы татулық пен келісім біздің ырысымыз болып табылады. Біз бүкіл әлемдік қоғамдастық таныған өзіміздің қазақстандық даму жолын таңдадық.

Тарихта бірде-бір мемлекет ешқашан небәрі 20 жылдың ішінде халықаралық беделдің мұндай деңгейіне қол жеткізіп көрген жоқ.

Қазақстан кең-байтақ Еуразия құрлығындағы ықпалдастық үдерістерінің асқан ірі бастамашысы болып табылады. Біз көршілерімізбен және одақтастарымызбен бірге өңірлік және ғаламдық қауіпсіздіктің жаңа тетіктері – АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ құрдық.

Біздің еліміз қазіргі уақытта да әлемдік саясатқа елеулі үлес қосуды жалғастырып келеді. “ЭКСПО – 2017” беделді халықаралық көрмесін өткізу құқығының Қазақстанға берілуі – осының айқын дәлелі.

Бүкіл осы ұлан-ғайыр жеңістер мен жетістіктер, сөз жоқ, осыдан 22 жыл бұрын Қазақстан халқы жасаған тағдырлы тарихи таңдаудың нәтижесі.

Тәуелсіз мемлекеттің күнтізбесінде жаңа жалпыұлттық мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнінің пайда болуы бүкіл халқымыздың Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жоғары сенімінің, терең құрметі мен ілтипатының айшықты дәлелі.

Қымбатты солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді осы тамаша мерекемен шын пейілмен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, амандық-саулық, молшылық, ашық аспан және Отанымыз – Қазақстан Республикасының көркеюін тілеймін!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp