«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ФОТОСУРЕТТЕР “СӨЙЛЕЙДІ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бейнелеу өнері мұражайында Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік – фотокамера объективінде” көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге біздің редакцияның және облыстық “Северный Казахстан” газетінің фототілшілері Амангелді Бекмұратов пен Талғат Тәнібаевтың, Вадим Мударисовтің әр жылдары түсірген фотолары ілінді.

Көрме бірнеше бөлімге бөлінген. Көрермен назарына “Астана – ең жас астана”, “Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Солтүстік Қазақстан облысына сапары”, “Солтүстік Қазақстан облысы тәуелсіздік жылдарында: кәсіпорынның, ауыл шаруашылығының, спорттың, мәдениеттің, Петропавл қаласын абаттандырудың дамуы”, “Халықтар достығы”, “Қазақстанның белгілі адамдары”, “Ардагерлер” және “Бақытты балалық шақ” бөлімдерінде үш фототілшінің оқиғалар ортасында түсірген фотосуреттері ұсынылды. 2001-2013 жылдар аралығындағы оқиғаларды қамтыған фотосуреттерде Елбасының өңірімізге жасаған сапары кезінде қарапайым тұрғындармен, жұмысшылармен, этнобірлестіктердің өкілдерімен, комбайншылармен сөйлесіп тұрған сәттері сәтті бейнеленген. Мәселен, әріптесіміз Амангелді Бекмұратов пен Талғат Тәнібаевтың фотосуреттерінде өңіріміздің ауыл шаруашылығы саласы қалай дамығанын көруге болады. Жаңа техника, ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлері, егін орағы жан-жақты көрсетілген. Ал “Бақытты балалық шақ” бөлімінде бүлдіршіндердің шаттықтан балбұл жайнаған жүздерін көріп, еріксіз езу тартасың.

(Өз тілшімізден).

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp