«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІН ОЙЛАҒАН РЕФОРМАТОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Павел ФИЛИППОВ,

облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы.

Реформатор сөзінің жалпықоғамдық мәні тұрғысынан алсақ бұл жауапкершілігі жоғары жұмыс. Реформалардың қиыншылықсыз және өмір деңгейінің уақытша төмендеуінсіз өтпейтінін көптеген әлем елдерінің тарихи тәжірибесі көрсетіп отыр.  

90-шы жылдарды еске алсақ, қазақстандық экономиканы реформалау қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, жұмыс істеп тұрған өндірістік құрылымдардың құлауы, экономикалық реформа жүргізу тәжірибесінің жоқтығы жағдайында жүргізілді.

1990 жылдардағы нарықтық өзгерістер жаңа экономикалық қатынастардың, ақша-кредит, бюджеттік және кедендік саясаттың қалыптасуымен байланысты еді. Бұл кезең бірте-бірте макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткізу сипатында болды, өндірістерді қайта қалпына келтіруге, инвестициялық қызметтің жандануына жағдай жасалды, банк секторын басқару жүйесін реформалау, ұлттық валюта – теңгеге көшу жүзеге асырылды. Бұл кезде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы саласында болашақтағы жетістіктерінің негізі қаланды.  

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің экономикалық дамуында басты рөл атқарды. Оның еншісіне республиканың қалыптасу кезеңінде басқару миссиясы тиді.

Мемлекет басшысының стратегиялық көрегендігі, қайсарлығы, сарабдал, ақылға салынған саясатты жүргізуі Қазақстанның экономикасын нығайтуға септігін тигізді. Тұңғыш Президенттің бастамасының арқасында әлемнің барлық дерлік мемлекеттерінің ұлттық экономикасына салқынын тигізген ғаламдық қаржы дағдарысынан республика сәтті өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым отбасында өскен және қатардағы тұрғындардың қажеттіліктерін жақсы біледі. Президент жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық реформалар ел халқының игілігіне арналып отырғанын сеніммен айтуға болады. Барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салынып жатыр, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға арналған әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындармен жиі кездесу өткізіп, халық өмірінің “тамырын басып”, елдің әр аймағын назардан тыс қалдырмай, республиканың барлық проблемалық сұрақтарын біледі.

ТЖМ қызметкерлері егемен Қазақстанның қалыптасуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз өмірін арнаған Президент саясатын қызу қолдайды және күн сайын ел қауіпсіздігін нығайтуға өз күш-жігерін жұмсауда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp