«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДАМУЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұлдыз ОСПАНОВА,

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының

кеңсе меңгерушісі.

Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға – Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет бүкілхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін қалаушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл күн еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігіне қол жеткізу тарихында және жаңа мемлекеттің даму стратегиясын айқындауда орасан маңызға ие. Елбасының басшылығымен Қазақстан мемлекеттілігінің барлық нышандары бар егемен және тең құқылы мемлекет ретінде қалыптасты. Тұңғыш Президент 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын осы күнге дейін тұтастай және толық орындауда. Қазіргі таңда Қазақстан – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастыққа танымал ел.

Мемлекет басшысы құқық қорғау саласында көптеген жаңашылдыққа бастамашы болды. Тәуелсіздік жылдарында тәуелсіз сот билігі мен заманауи құқық қорғау жүйесі қалыптасты. Тә­уелсіз елмен бірге жасасып, бірге қалыптасқан сот жүйесі – бүгінде биліктің мықты бір тармағы. Ең бастысы, Елбасымыз судьялардың тәуелсіздігін бекітті. Соттар қызметінің тиімділігі, олардың шығаратын шешімдерінің әділеттілігі мен жедел және толық орындалуы – кез келген мемлекеттің демократиялық дамуының негізгі көрсеткіші.

Еліміздің сот жүйесінің алдағы қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында белгіленген стратегиялық дамуды іске асыруға бағытталуға тиіс.

2010 жылдың 17 тамызында Елбасы тәуелсіз Қазақстанның құқық қорғау және сот жүйесінің қызметін жетілдірудің негізгі бағытын айқындап берген “Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды. Нәтижесінде сот саласын халықаралық стандарттарға сай жетілдіру, судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігін, біліктілігін арттыру, сот орындаушылар институтын дамыту, заңдарды ізгілендіру бағытында қыруар жұмыстар атқарылуда.

“Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында Елбасы ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңін бастау керектігін айқындады. Сот жүйесі халықтың құқығын қорғайтын басты механизмге айналуы тиіс. Мемлекет сот жүйесін бұдан әрі жаңғыртып, күшейтуі керек. Бұл сот жүйесінің беделін көтеруге, қоғамның оған деген сенімін арттыруға бағытталған. Азаматтар сотқа сеніп, барлық проблемаларын сотта шешуі тиіс, ал сот тек қана Конституцияға, заңдарға бағынуы керек.

Бұл стратегияны жүзеге асыру мақсатында жаңа Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-атқарушылық және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстер қажеттілігіне қарай жетілдірілуі тиіс екендігіне көп көңіл бөлінген.

2013 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде Мемлекет басшысы: “Біз Мәңгілік Ел боламыз деп, кемел мемлекет құруды көздеген халықпыз. Сот төрелігінің әділдігі мен жедел, әрі толық орындалуы – кез келген елдің кемел болмысының көрінісі. Сот жүйесінің дамуы тоқтап қалатын құбылыс емес, оны үздіксіз жетілдіріп отыру керек. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз. Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам. Біздің мақсатымыз – дәл сондай қоғам құру. “Қазақстан – 2050” Стратегиясының басты межелерінің бірі – осы”, – деп түйіндеген болатын. 2050 жылға дейін бәсекелестікке қабілетті ең дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын атап өткен Мемлекет басшысы бұл үрдістен сот жүйесінің де артта қалмауын айтты.

Қазақстанның сот жүйесі алдыңғы қатарда болуы қажет. Жоғарғы Соттың абыройы – Қазақстанның абыройы, жалпы биліктің абыройы. Президентіміздің осы сөздері әр сот қызметкерінің жұмыс қағидасына айналуы тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp