«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАРЫНДЫ ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент күніне орай қалалық Мәдениет үйінде “Елбасы – елімнің тірегі” атты жас дарындар фестивалі өтті. “Жас Отан” жастар қанаты мен облыстық жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма мұрындық болған шараға облыс орталығының үздік өнер ұжымдары, өнердегі алғашқы қадамдарын басқан колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу және талант иелерін анықтау мақсатында қолға алынған мәдени шара барысында мінберге көтерілген “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ-ның атқарушы хатшысы Мұса Танақұлов қатысушыларды айтулы мейраммен құттықтап, өз сөзінде Тәуелсіз Қазақстанның, ел экономикасының дамуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосып отырған үлесі мол екендігін атап айтты.

Бір сағатқа созылған фестивальда қалалық колледж студенттері Гүлжауһар Рамазанова, Елдар Дәркеев, Нұржан Қабдош, Есенгелді Нұғыманов пен Темірлан Зағыпаров “Туған жер”, “Елім менің”, “Сәлем саған, туған жер!”, “Қазақтай ел қайда?!” әндерін нақышына келтіріп орындаса, би ұжымдары ұлттық және заманауи билерді билеп, көрермендердің қошеметіне бөлене білді.  

Фестиваль соңында белсенділік танытқан жас дарын иелеріне сертификаттар табысталды.

Суретті түсірген автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp