«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРШАНЫҢ ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Петропавл қаласының орталық алаңында облыс әкімі Самат Ескендіровтің қатысуымен жаңажылдық шыршаның шамы жағылды. Бұл салтанатқа Аяз ата мен Ақшақар, үстіміздегі және алдағы жылдың бейнелері ретінде Жылан мен Жылқы қатысты.

Қанат АТАМАНОВ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Бұл күні кешкісін орталық алаңға көптеп жиналған балалар мен ата-аналар, қала тұрғындары орнатылған шыршаның айналасына топтасты. Қызылжарлықтар алдында сөз алған облыс әкімі Самат Ескендіров жиналған қауымды алдағы келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, айтулы мереке табысымен келсін деген игі тілегін жеткізді.

Жаңа жылды өңіріміз жақсы нәтижелермен қарсы алғалы тұрғанын атап өткен Самат Сапарбекұлы: “Жаңа жыл баршаңызға бақыт, денсаулық әкелсін, табыстан табысқа жете берейік!” – дей келе, жаңажылдық шыршаның шамын жақты.

Аталмыш мереке барысында Аяз аталардың, ертегі кейіпкерлерінің шеруі өткізілді. Артынша мерекелік шара балалар әні мен биіне ұласса, жаңажылдық киімдерін киген ертегі кейіпкерлері мерекелік шараның әрін кіргізе түсті. Сондай-ақ мәдениет қызметкерлері, облыстың үздік шығармашылық ұжымдары, балалардың ән және би ұжымдары шараны тамашалауға келген солтүстік-қазақстандықтардың назарына театрландырылған шоу ұсынды.

Бұл жолғы қаланың бас шыршасының биіктігі – 20 метр. Құрамалы биік шыршаны безендіру үшін 4 мыңнан астам ойыншық, диодтық шамдар мен гирлянділер ілінген. Ал орталық алаңның мерекеге сай безендірілуі үшін қалалық Сәулет және қала құрылысы бөлімі Алматы қаласының сәулетшілерімен ақылдасып, тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Кеш бойы балақайлар әсем көркемделген шыршаны айналып, естелік суретке түссе, үлкендер шара аясында ұйымдастырылған ұлттық тағамдар мен аспаздық өнімдердің жәрмеңкесін тамашалады.

Суретті түсірген

 Талғат ТӘНІБАЕВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp