«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҒИМАРАТТА – ЖАҢАША ЖҰМЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тұңғыш Президент күніне орай облысымыздың 9 ауданында “Нұр Отан” партиясының жаңа кеңселері ашылды. Солардың бірі – Бескөл ауылындағы жаңа ғимараттың таспасын “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Самат Ескендіров қиып, партия қатарына қосылған мүшелерге партиялық билеттерді табыстады.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,

Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ,

журналистер.

Бескөл ауылындағы “Нұр Отан” партиясы ғимаратының ашылуына партия мүшелері, белсенділері келді. Самат Ескендіров оларды жаңа нысанның тұсаукесерімен құттықтады.

Ғимараттың таспасын өңір жетекшісі мен еңбек ардагері Жұмаш Қуандықов қиды. Кейін жиналған қауым “Нұр Отан” партиясының жаңадан ашылған кеңсесін аралап көрді. Нысанға 40 млн. теңге қаражат жұмсалған екен. Бұдан кейін өңір басшысының төрағалығымен жиын өтті. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков қатысты. Отырыс барысында облыс әкімі партия қатарына қосылып отырған жастарға партиялық билеттерін табыстады.

Кейін ауыл ақсақалдары, партия мүшелері сөз алып, алғыстарын жеткізді. “Нұр Отан” партиясы Қызылжар аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Еркебұлан Кәменов жерлестерін жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Ол: “Жаңа кеңседе жаңа леппен жұмыс істейміз деп ойлаймын. Тұңғыш Президент күні қарсаңында жаңа ғимараттың ашылуы – біз үшін үлкен мәртебе” дей келіп, өңір басшысына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Ал көпшілік Сақып апай деп кеткен Сақып Құсайынова партияның алғашқы билеттерінің нұсқасын сақтап келеді екен. Өз кезегінде ол қазақ салтымен байғазын берді. Айта кету керек, Бескөл ауылында жаңадан ашылып отырған кеңсенің қасбеті еліміздегі өзге филиалдың арасында үздік деп танылыпты.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков “Мынадай жаңа ғимаратты салу – заман талабы. Ішін аралап көрдім. Құрылысы көңілімнен шықты. Аудандарда партия филиалдарының ашылуы ауылдықтардың тынысына жаңа дем беретініне сенімдімін. Мұнда қызметкерлердің сапалы жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Солтүстік өңір де өзге аймақтардан қалыспай, жаңа ғимараттар ашып жатқанына қуаныштымын. Әсіресе, Тұңғыш Президент күні қарсаңында іске қосылғаны қуантады. Себебі, Елбасының сындарлы саясатының арқасында біз бірлікте өмір сүрудеміз. Әрі облыс әкімі тарапынан да қолдау жақсы Сіздерге”, – деп өз ойымен бөлісті.

Президенттің бастамасымен құрылған саяси ұйымға 46 мыңнан артық солтүстікқазақстандық мүше. Оның 6 мыңға жуығы – қызылжарлықтар.

Суретті түсірген

Виталий ВЛАСЕНКО.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp