«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі” мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында департамент бастығы жанындағы кеңестің отырысы өтті. 

Онда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің алқасы шешімдерінің жүзеге асырылу барысы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарының алдын алу, департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде ақпараттықталдау қызметін ұйымдастыру туралы, департамент бастығы жанындағы кеңес қызметінің 2013 жылғы қорытындысы, аумақтық органды кешенді тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы мәселелер қарастырылды.

Отырыс барысында ішкі бақылау бөлімі, кадр және ақпараттық-талдау жұмысы бөлімдерінің басшылары мен мамандарының хабарламалары тыңдалды.

Департаменттің жауапты қызметкерлері тапсырмаларды орындау жөніндегі жұмыс туралы баяндады, анықталған кемшіліктерді көрсетіп, оларды шешудің оңтайлы жолдарын айқындады.

Облыстық ТЖ департментінің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp