«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ жүйесіне – 65 жыл

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

  Біліктілікті арттыру жүйесі 65 жылдан бері солтүстікқазақстандық педагогтердің кәсіби біліктілігін дамытуға өз үлесін қосып келеді. Олар мыналар еді: облыстық әдістемелік кабинет (ХХ ғасырдың 30-шы жылдары), облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институты (1948 жылдың наурызынан бастап), педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты (1999 жылдың қаңтарынан). Бүгінгі күні ол – “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ СҚО ПҚБАИ филиалы. Күн сайын жүздеген педагогтер курстарда білім алуға тәжірибесін ұсынуға, толғандырған мәселелерін талқылауға, пікірлестерімен кездесуге асығады. 

Біздің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты курстық және курсаралық кезеңдерде педагогтердің кәсіби дамуына жетекшілік ете отырып, қазақстандық білім беруді жаңғырту үдерісінде өз міндеттерін атқаруда. Педагогке ұлттық игілік ретінде қарау – аталмыш міндеттердің этикалық негізі.

Институт ұжымы 80-нен астам адамнан құралады, оның ішінде 2 кафедраның 19 оқытушысы, 11 сертификатталған жаттықтырушы (“Назарбаев Зияткерлік мектебі” ДББҰ Кембридж университетімен бірлесіп әзірлеген бағдарламалар бойынша курстық даярлықты жүзеге асырады), бөлімдердің 20 қызметкері педагогтердің кәсіби дамуына жетекшілік етеді.

Оқытушылар мен қызметкерлердің көпшілігі – 20-40 жас аралығындағылар. Демек, біз жаспыз және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру эстафетасын лайықты жалғастыруға күш-жігеріміз жетеді.

Институтта өзінің мазмұны: өлшемдері, деңгейлері, факторлары, көрсеткіштері, дәстүрлері жағынан қызметкерлердің ұйымдастырудағы сәйкестік сезімін, олардың бұдан да жоғары құндылықтар мен сенімге берілгендігін, педагогикалық қызметтің мәдени үлгілерінен қалмай, бастамашылдық көрсететін, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мен дамытуға ерекше назар аударамыз.

Институттың корпоративтік мәдениетінсіз оның педагогтер арасында беделі, білім беру ортасында бәсекелестігі болуы мүмкін емес.

Корпоративтік мәдениет бізге алда тұрған міндеттерімізге қол жеткізу үшін мұғалімдердің корпоративішілік тұлғааралық қатынастарын кәсіби дамытуға, құзыреттілік, шығармашылық ұмтылыс, командалық рух, алқа болып шешім қабылдауға, “Өрлеудің” ұлттық мәртебесіне мақтануға, сол мәртебені қызметтің жаңа қырларымен нығайтуға дайын болуға әкімшілік қысымсыз, табиғи, әлдеқайда тиімді жолды таңдай отырып қол жеткізуге, біліктілікті арттырудың құнды жүйелерін таратуға мүмкіндік береді.

Институттың корпоративтік мәдениеті мектеп, лицей, гимназия және тағы басқа білім беру ұйымдарының ұйымдастыру мәдениетін қалыптастырудың ынталандыру-үлгісі қызметін атқаратынын атап өту керек. Әрі ұйымдастыру-корпоративтік мәдениет – білім сапасын қоғам мен еңбек нарығының күтіп отырған талаптарына жақындатудың маңызды ресурсы.

Институттың оқытушылары мен қызметкерлерінің курстық дайындықтың ашылу күндеріндегі ресми-мерекелік киім үлгісін корпоративтік мәдениеттің маңызды белгілері деп санаймыз. Ондағы басымдыққа ие ақ түстің қарамен үйлесімі біздің ашықтығымыз бен ынтымақтастыққа дайындығымызды көрсетсе, сөзі мен музыкасын солтүстікқазақстандық педагогтер Г. Рамазанов, В. Коноплев, Е.Шеффинг жазып, авторлары атанған “Өрлеу” гимнін орындау біріктіруші элемент болып табылады.

Оқытушыларымыз бен облыс педагогтері авторлары болып табылатын өзіміздің “Педагогикалық ізденіс” және әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару кезінде ұдайы алға басып, дамып, жетіліп келе жатқан білім беру саласының жетекші идеяларын басшылыққа алуға тырысамыз. “Педагогикалық ізденіс” басылымы білім беру мен мәдениет салаларындағы барлық өзгешеліктерді көрсетуге, облыс педагогтерін инновацияларды тез қабылдауға және оларды қолдауға бағыттайды. Институтта шығарылған басылымның сапасы корпоративтік мәдениеттің маңызды элементі екенін түсінеміз. “Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы” атты монографиясында Асқарбек Құсайынов: “Оқыту әдістемесін жетілдіруге ұмтылу ұстаз мамандығының алдына қойған міндет ретінде қарастырылады” деп өте орынды ескерткен.

Курстық даярлық кезінде “Мұғалімнің әдебін және корпоративтік мәдениетін қалыптастыру”, “Педагогикалық беделтану” тақырыптарындағы сабақтар қарастырылған. Өз кезегінде әр курс кураторлық сағаттармен ашылады, онда оқытушытьюторлар біліктілікті арттырудағы жаңа білім беру саясатына, ұсынылып отырған элективтік үлгінің философиясына, оқу материалының орналасу қисынына, интерактивтік сабақ үлгілерін таңдауға, даярлық курсының қатысушыларын бағалау жүйесіне түсінік береді. Бұл курсқа қатысушылар мен оқытушылар арасында сындарлы әріптестік қатынас орнатуға көмектеседі, сонда екі жақ та өздерін қорғалғандай сезінеді әрі әрқайсысының өз ұстанымы болады.

Осындай қатынас орнатудың нәтижесінде курстық даярлықтың соңында тыңдаушылардың шығармашылықтары топтық есептер, стендтік материалдар, әдістемелік ұсыныстар, эссе, білім беру жобалары, ақындық, дыбыс және бейнематериалдар түрінде көрініс табады.

Корпоративтік мәдениетті дамыту жағдайында ұйымның бет-бейнесін көрсететін сайт қажет. Институт сайтын материалдарды орналастырудағы жеделдігі мен ұтқырлығы, өзектілігі, айдарларының мазмұнының тәжірибелік құндылығы және әрекеті, бұқарамен және баспа қызметімен, инновациялық дамудағы тексеру мен талдауды әдістемелік қамтамасыз ету бойынша сайтпен жұмыс істейтін ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бөлімі қызметкерлерінің жаңашылдық сезімі, талғамы, стилі айқындайды.

Институттың 2014 жылға жоспарланып отырған қызметі де корпоративтік мәдениетті көкейкесті етуге, педагогикалық қоғамдастықтың шығармашылығын дамытуға бағытталған. Бұл облыс педагогтері үшін кәсіби шеберлік конкурстары (соның ішінде тәлімгер-педагог пен жас маманның бірлескен жұмысы, “Ауыл мектебі”, “Жаңа мектеп”), “Мұғалімнің кәсібилігінің құрамдас бөлігі” мәселелері бойынша “дөңгелек үстелдер”, “Білім берудегі көшбасшылық” жөніндегі пікірталастар, педагогикалық шешендікке байланысты тренингтер, педагогикалық беделге үйретуге арналған оқыту семинарлары, “Мұғалімнің харизматикалық бейнесі” туралы пікір алмасу алаңдары және басқалар.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімінің арасындағы меморандумға сәйкес 2014 жылы 754 мұғалімді үшінші (базалық) деңгейдің (бұл жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курстары), 343 мұғалімді – “Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану”, 2057 педагогті – білім мен тәрбиенің өзекті мәселелерін дамыту бағдарламалары бойынша жоғары ғылыми және тәжірибелік деңгейде курстық даярлықтан өткізу керек.

Ұйымның 65 жылдығын “Біліктілікті арттыру жүйесін жаңғыртудың өзекті бағыттары адами капиталды дамытуға бағдарланған осызаманғы білім беру үлгісінде” тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциямен қарсы аламыз. Оған солтүстікқазақстандық мұғалімдерден, қазақстандық ғалымдардан, шетелдік серіктестерден 260-тан астам мақала түсті, бұл – олардың бізге деген қызығушылығының көрінісі.

Осы ерекше оқиға қарсаңында Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан Петропавлдағы “Алтын бесік” балабақшасы (инновациялық жобалар конкурсына қатысқан М.Дарбаева) мен медициналық колледж (инновациялық жобалар конкурсына қатысқан И.Кузнецова мен М.Мейрамғалиева) ұжымдары бірінші орындарды иеленгендігі туралы қуанышты хабар келді.

Біз педагогтер мен институт ұжымының бірлескен шығармашылық жұмыстары ұзақ жылдар бойы жоғары сапа белгісімен бағаланатынына сенімдіміз.

Алма МЫРЗАЛИНОВА,

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ СҚО ПҚБАИ филиалының директоры.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp