«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ҰЛЫ ДӘНЕКЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері Тұңғыш Президент күніне орай ғылыми-теориялық конференция өткізді. “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың стратегиялық нұсқауы – Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің бағдарындай” деген тақырыпта өткен ғылыми-теориялық конференция барысында кітап көрмесі де ұйымдастырылды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Ал ғылыми-теориялық конференцияда елімізде тәуелсіздік алғалы бері этносаралық қарым-қатынасты реттеу бағытында атқарылып жүрген жұмыстар жан-жақты талқыланды. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің Тарих және құқық факультетінің деканы Сабыр Ыбыраев “Тарихтағы тұлға рөлі” жайлы баяндап, маңызды шешімдер мен оқиғаларға тарихшы ретінде сараптама жасады. Сондай-ақ конференция барысында Тұңғыш Президенттің этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы екендігі айтылып, еліміздің халықаралық саяси және экономикалық аренадағы беделін арттыруға Елбасының қосқан үлесі жайы сөз болды.

Тарихшылар мен заңгерлер елдегі этносаралық жағдайға сараптама жасаса, этнобірлестіктердің өкілдері бір-бірімен қарым-қатынастарын қарапайым тілмен жеткізді. Сондай-ақ этнотуризмді дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады. Осы мәселемен айналысып жүрген “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығы” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Роман Гостренко аталмыш бағытта атқарған жұмыстарын баяндады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp