«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.12.2013

ДАРЫНДЫ ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Президент күніне орай қалалық Мәдениет үйінде “Елбасы – елімнің тірегі” атты жас дарындар фестивалі өтті. “Жас Отан” жастар қанаты мен облыстық жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма мұрындық болған шараға облыс орталығының үздік өнер ұжымдары, өнердегі алғашқы қадамдарын басқан колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу және талант иелерін …

ДАРЫНДЫ ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ Read More »

ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК

Облыстық Ішкі істер департаментінде жас қызметкерлермен жұмысты ұйымдастыру мәселесі бойынша семинар-кеңес болып өтті.  Семинар жұмысына облыстық ТЖ департаментінің тәлімгерлік мәселесімен айналысатын мамандары да қатысты. Семинарды ұйымдастырушы – облыстық ІІД аса маңызды істер бойынша аға инспекторы – психолог Айгүл Чуланова тәлімгерлер мен олардың қамқорлығындағылардың темпераменттерін анықтауға экспресс-тестілеу өткізді. Тәжірибелі психолог түсініктеме берді. Семинарда психотерапевт дәрігерлер, психоневрологиялық …

ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК Read More »

МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі” мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында департамент бастығы жанындағы кеңестің отырысы өтті.  Онда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің алқасы шешімдерінің жүзеге асырылу барысы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарының алдын алу, департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде ақпараттықталдау қызметін ұйымдастыру туралы, департамент бастығы жанындағы кеңес қызметінің 2013 жылғы қорытындысы, аумақтық …

МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ Read More »

АЙЫППҰЛ АҚШАСЫН ҚАЛТАСЫНА БАСҚАН пошта қызметкерлері жұмыстан қуылды

Облыс прокуроры Степан Зайтлердің төрағалық етуімен заңдылықты, құқық тәртібін және қылмыспен күресті қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда ақпараттық есептік құжаттардың толықтығы, нақтылығы және уақтылы түсуі, сондай-ақ 2013 жылдың тоғыз айында әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жағдайы талқыланды. Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Прокуратура қызметкерлері әкімшілік айыппұлды өндіріп алу жөнінен облысымыздың артта қалып …

АЙЫППҰЛ АҚШАСЫН ҚАЛТАСЫНА БАСҚАН пошта қызметкерлері жұмыстан қуылды Read More »

КАДР САЯСАТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕ

Қазақстандағы демократиялық үрдістердің қарқынды дамуы құқық қорғау жүйесін әлемдік стандартқа сәйкестендіру қажеттігін көрсетіп отыр. Осыны ескере отырып және Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп, құқық қорғау органдарының кадрлық саясатының тұжырымдамасын жасады. Кадрлар жағдайы, оның әлеуеті кез келген органның өз қызметін тиімді жүзеге асыру …

КАДР САЯСАТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕ Read More »

ӨРЕНДЕРДІ ЖЕТЕЛЕП ӨНЕР ЖОЛЫНА…

Гүлнәр Құсайынова осыдан жеті жыл бұрын біздің мектепке жұмысқа орналасқан кезден-ақ өзінің жылы қоңыр даусымен, сыпайы мінезімен, біліктілігімен, өз пәніне деген сүйіспеншілігімен ұжымды баурап алғантын. Сонда біз оның ұстаз болуға жаралған жан екенін аңғарған едік. Енді бүгін оған тіптен көзіміз жетті.

ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢЕЙЕДІ

Есіл аудандық музыка мектебінің Мәдениет үйіне көшірілгеніне бір жыл болды. Бұған дейін көшіп-қонып жүрген ұжым тұрғын үйді жалға алып, отынын дайындап, пешін де өздері жағып, тірліктерін жасап келгенді. Енді, міне, Мәдениет үйінің бір жақ қанатына жайғасқан олардың көңілдері орнығып, өз таланттарын жан-жақты көрсетуге мүмкіндік алды. 2008 жылдан бері аталмыш өнер ортасына басшылық жасап келе жатқан …

ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢЕЙЕДІ Read More »

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ: білім берудегі көшбасшылық және жоғары сапа

Қазіргі таңда жалпы орта білімнің инновациялық моделін құру шынайы қажеттілік болып табылады. Аталмыш модель қазақстандық және әлемдік ең озық дәстүрлерді үйлестіруі керек. Сонымен қатар, мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды ғылыми-зерттеушілік пен эксперименттік іс-әрекеттерге баулып, халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын және белсенді өмір ұстанатын жоғары білімді тұлғаларды қалыптастыруы тиіс.  Заман талабына сай болу үшін Қазақстанда Назарбаев Зияткерлік …

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ: білім берудегі көшбасшылық және жоғары сапа Read More »

ОБЛЫСТЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ жүйесіне – 65 жыл

  Біліктілікті арттыру жүйесі 65 жылдан бері солтүстікқазақстандық педагогтердің кәсіби біліктілігін дамытуға өз үлесін қосып келеді. Олар мыналар еді: облыстық әдістемелік кабинет (ХХ ғасырдың 30-шы жылдары), облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институты (1948 жылдың наурызынан бастап), педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты (1999 жылдың қаңтарынан). Бүгінгі күні ол – “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” …

ОБЛЫСТЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ жүйесіне – 65 жыл Read More »

АУЫЛЫМЫЗДЫҢ АРДАҚТЫСЫ

Әрбір елді мекеннің беделді де тәжірибелі, жастарға үлгі-өнеге көрсететін, жүрегі таза адамдары болатыны сөзсіз. Осындай құрметке ие болған ел ағасы біздің ауылымызда да бар екенін мақтаныш етеміз. Бұл азамат – қадірменді ардагер ұстаз Көкенай Рамазанов.  Көкенай Рамазанов – Ақжар ауданындағы Ұялы ауылдық округіне қарасты Жарқын ауылында атақты жерлесіміз, қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың кіндік қаны тамған …

АУЫЛЫМЫЗДЫҢ АРДАҚТЫСЫ Read More »

АТА-АНАҒА ЖАДНАМА

Бұл жаднаманы өзіңіздің жұмыс үстеліңіздің үстіне іліп қойып, кейде оған жазылған ережелер мен талаптарға сәйкестігіңізді талдап отыруыңызға болады. Балаңызбен жүзбе-жүз қарым-қатынасты ешқашан үстел үстіндегі фотосымен алмастырмаңыз!  1. Сіздің балаңыз бен отбасыңыз өміріңіздегі ең басты құндылық екенін ұмытпаңыз! 2. Отбасы Сізден ешқайда қашпайды деп ойламаңыз, оны “содан кейін” қарастыруға болатын маңызды істер қатарына жатқызбаңыз.

ЖАРДЫҢ ЖИЕГІНДЕ ТҰРҒАНДАРҒА жанашырлықпен қол созады

Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдердің өз-өздеріне қол жұмсауы үлкен мәселеге айналып отыр. Оның себептерін қоғамдық өмірден, әлеуметтік жағдайлардан, сонымен қатар адамның ішкі жан дүниесінен іздеуге болады. Облысымызда үстіміздегі жылдың басында құрылған “Рух” психология және тұлғаны дамыту орталығы осы бағытта жұмыс істейді. Орталықтың жұмысымен жақынырақ танысу мақсатында оның басшысы Резеда Баймұхаметованы әңгімеге тартқан едім. – Резеда …

ЖАРДЫҢ ЖИЕГІНДЕ ТҰРҒАНДАРҒА жанашырлықпен қол созады Read More »

ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК

Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернатта Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы мамандарының ұйымдастыруымен “Дарынды оқушыларды психологиялық демеу” тақырыбында облыстық семинар өтті. Дарынды балаларды анықтауға, оларға қолдау көрсетіп, өзөздерін дамытуларына, мамандығын дұрыс таңдауға, психологиялық және дене саулығын сақтауға ықпал етуге арналған шараға облыс мектептерінің психологтері, білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Білім …

ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК Read More »

КӘРІСТІК ӘРІПТЕСТЕРДЕН үйренетін тұстар бар

Таяуда Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің директоры Рәзия Қасымова Сеул қаласында өткен халықаралық сайысқа қатысып келді. Ол – Қазақстаннан барған жалғыз өкіл.  Сайыс ережесі бойынша оған ағылшын тілін білетін мектеп директорлары қашықтықтан қатысып, бірінші іріктеу кезеңінің сұрақтарына жауап жібереді.

МЕКТЕПКЕ КӨМЕГІ ЗОР

Шал ақын ауданындағы С.Сауытбеков атындағы Балуан негізгі мектебінде 45 бала тәлім-тәрбие алады. Жаңа оқу жылы қарсаңында ауылдағы білім ошағына жан-жақты жөндеу жүргізілді. Мектептің шатырын жөндеуге аудандық бюджеттен қаражат бөлінді. Пеші де ауыстырылды.

БАЛАЛАРДЫ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН МЕРЕКЕ

“Бөбек” қорының президенті Сара Назарбаеваның бастамасымен 2009 жылдан бері жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында “Ризашылық” – “Мейірімділік балалар игілігі үшін!” атты қайырымдылық мерекесін өткізу дәстүрге айналған. Қарашаның 28-і күні дәстүрлі мереке облысымыздағы осы санаттағы 13 мекемеде өтті. Жас ерекшеліктері әртүрлі топтардағы жәудір көз балғындардың қоршаған ортамен үйлесімді дамуына, рухани-адамгершілік тұрғыдан толығуына, …

БАЛАЛАРДЫ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН МЕРЕКЕ Read More »

Жанна ТОҚҚОЖИНА: “ОҚУШЫЛАРЫМНЫҢ ЖЕТІСТІГІ – Еңбегіме берілген баға”

Жанна Тоққожина Шал ақын ауданының Сергеевка қаласындағы Е. Букетов атындағы мектеп-гимназияда география және биология пәндерінен сабақ береді. Ол – аталмыш аудандағы Кривощеково орта мектебінің түлегі. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің география-биология факультетін бітіргеннен кейін өзі оқыған мектебінде 6 жыл еңбек еткен. Жанна Жұмабекқызы жалпы ұстаздық өтілінің 12 жылын Сергеевкадағы мектеп-гимназияда атқарып келеді. Бірінші санатты …

Жанна ТОҚҚОЖИНА: “ОҚУШЫЛАРЫМНЫҢ ЖЕТІСТІГІ – Еңбегіме берілген баға” Read More »

ҚҰТҚАРЫЛҒАН АДАМ ӨМІРІ – ең жақсы сыйлық

Виктор ДЕРЖАНСКИЙ, Суда құтқару қызметінің басшысы. Елбасы қойған тапсырмаларға жету үшін әр адам өз жұмыс орнында барлық күшін салып, адал еңбек етуі қажет. Әр қазақстандық өз жұмысында қағаз жүзінде емес, нақты іспен көзге түссе, бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне жақсы сый деп ойлаймын. Біздің құрылым өңірдегі су айдындарында солтүстікқазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан …

ҚҰТҚАРЫЛҒАН АДАМ ӨМІРІ – ең жақсы сыйлық Read More »

ДЕПУТАТ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІНЕ ДЕН ҚОЙДЫ

Облыстық С. Мұқанов атындағы кітапханада ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков “Студенттер альянсы” жастар қоғамдық бірлестігі мен “Жас Отан” жастар қанатының өкілдерімен кездесті. Кездесуге сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, студенттер қатысты. Халық қалаулысымен болған кездесуде ХV съезде қабылданған “Нұр Отанның” жаңа Саяси доктринасы, оның құндылығы және жастар тәрбиесі жайында әңгіме өрбіді. Алма …

ДЕПУТАТ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІНЕ ДЕН ҚОЙДЫ Read More »

ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ҰЛЫ ДӘНЕКЕРІ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері Тұңғыш Президент күніне орай ғылыми-теориялық конференция өткізді. “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың стратегиялық нұсқауы – Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің бағдарындай” деген тақырыпта өткен ғылыми-теориялық конференция барысында кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Ал ғылыми-теориялық конференцияда елімізде тәуелсіздік алғалы бері этносаралық қарым-қатынасты реттеу бағытында атқарылып жүрген жұмыстар жан-жақты талқыланды. …

ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ҰЛЫ ДӘНЕКЕРІ Read More »