«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.12.2013

КОНЬКИШІЛЕР ОЛИМПИАДА ЖОЛДАМАСЫН САРАПҚА САЛМАҚ

Астанадағы “Алау” мұз сарайында конькиден әлем кубогы басталады. Спорттық шараға әлемнің 30 елінен келген үздік спортшылар, соның ішінде Олимпиада мен әлем чемпионатының жүлдегерлері қатысып, күш сынасады деп күтілуде. Додада 10000 метрлік қашықтықта “Сочи – 2014” Олимпиадасына жолдама сарапқа салынады.

ҚАЖ МЕКЕМЕЛЕРІ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫНЫҢ БӘСЕКЕСІ

Президент күніне орай әйелдер колониясында Қылмыстық атқару жүйесі бөлімшелері арасында волейболдан жарыс өтті. Спорттық шара бары-сында 5 команда үздік атануға тырысып бақты. Сайыс қорытындысына келсек, “ЕС-164/1” мекемесi топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды. Ал әйелдер колониясының құрамасы мен “ЕС-164/3” мекемесі екінші және үшінші орындарды еншіледі. Додада жүлделі орындардан көрінген командалар мен үздік ойыншылар грамоталармен марапатталды.(Өз тілшімізден).

ТУРНИРДЕН ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ

Алматыда кекушинкай каратэден республикалық турнир өтті. Сайыс еліміздің барлық аймақтарынан 700-ге жуық спортшының басын қосты. Кекушинкай каратэден өткен біріншілікте Александр Симанов – алтын, Никита Ковалев – күміс, ал Александра Жанғазина, Земфира Хлебникова, Қадыр Ескендір қола медаль жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары облыс орталығындағы “Тұлпар” балалар мен жасөспірімдер клубында жаттығады.

ШАРШЫ АЛАҢДА – ЖЕКПЕ-ЖЕК МАЙТАЛМАНДАРЫ

Петропавлдағы “Жеңіс” мамандандырылған мектебінде жекпе-жек бойынша облыстық ашық біріншілік өз мәресіне жетті. Бәсі биік додаға бокс, кикбоксинг, тай боксы және жұдырықтасу спортының өрендері қатысты. Жасөспірімдер санатындағы ақтық кездесулердің арасында Сапарғали Қайырғалиев пен Қайрат Ғалихановтың жекпе-жегі, әсіресе, тартымды болды. Дегенмен, қазылардың шешімімен Сапарғали 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал кездесулердің басым бөлігі түрлі себептерге байланысты уақытынан бұрын …

ШАРШЫ АЛАҢДА – ЖЕКПЕ-ЖЕК МАЙТАЛМАНДАРЫ Read More »

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЕКІНШІ ОРЫНДА

Алматыда әйелдер арасында “Б” Жоғары лигасының бірінші туры аяқталды. Теміртаулық “Металлург АМТ” командасы барлық жеті ойында жеңіске жетіп, үшінші саналатын дивизионда көш бастады. Әйелдер “Б” Жоғары лигасында “Спартак АМТ” (Теміртау), “Қазығұрт” (Оңтүстік Қазақстан обл.), “Қуаныш және К” (Солтүстік Қазақстан обл.), “Жетісу-2” (Алматы обл.), “Дворец школьников” (Астана), “Астана-2”, “Металлург АМТ” (Теміртау), “Академия волейбола” (Алматы) құрамалары сайысуда.

ТҮРКІСТАННАН – ТӨРТ МЕДАЛЬ

Түркістан қаласында еркін күрестен Қазақстан біріншілігі өтті. Сайыс барысында жеңістің биік тұғырына көтерілгендер қатарында солтүстікқазақстандық балуандар да болды. Атап айтар болсақ, әртүрлі салмақ дәрежесінде Нұрқожа Қайпанов (59 кг.) пен Досын Ержан (53 кг.) қарсыластарын тізе бүктіріп, алтыннан алқа тағынды. Ересен Қайыргелдинов (73 кг.) – күміс, ал Сәбит Төлегенов (47 кг.) қола медальға ие болды.Жеңімпаздар – …

ТҮРКІСТАННАН – ТӨРТ МЕДАЛЬ Read More »

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК БОКСШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

ESPN америкалық кабельді спорт арнасы әлемнің он үздік боксшысы рейтингісінің өз нұсқасын жариялады. Оған WBA/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин де енгізілді. Рейтингтің басында Мичиган тумасы кіші Флойд Мейвезер көш бастап тұр. Ол 45 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен. Одан бөлек АҚШ-тың 4 боксшысы тізімге енген. Салмақ дәрежесін есепке алмай жүргізілген …

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК БОКСШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ Read More »

ЕСЕП 3:1

Солтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары өткен демалыста Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығын мерекелеу қарсаңында волейболдан жарысқа қатысты. Жарыс өте жақсы өтті.Солтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары және Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің қызметкерлері арасындағы волейбол ойыны 3:1 есебімен Солтүстік Қазақстан облысының Сот …

ЕСЕП 3:1 Read More »

“ЖЕҢІС” МЕКТЕБІНІҢ ЖАС БАЛУАНДАРЫ белдесулерін атаулы күнге арнады

Лилия КОЗЫРКИНА, “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебінің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі. Тұңғыш Президент күніне лайықты тарту жасау мақсатымен біздің мектебіміздің де грек-рим күресі бойынша жас балуандары ашық жарыс өткізіп, өз араларындағы жеңімпаздарды анықтады. Сегіз салмақ дәрежесі бойынша мектепте бірнеше жаттықтырушылардан дәріс алып жүрген балалар шеберліктерін сынға салды.

ЖЕРЛЕС ЖЕЛАЯҚТАР ТОП ЖАРДЫ

Петропавлда Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған жеңіл атлетикадан республикалық ашық біріншілік мәресіне жетті. Сайыс барысында 9 бен 13 жас аралығындағы 220 жеңілатлетші жүгіру мен ұзындыққа секіру бойынша сынға түсті. Тартысты доданың қорытындысы бойынша бар спортшының ішінен 48-і жеңіс тұғырына көтерілді. Аталмыш додада солтүстікқазақстандықтар да жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр. Атап айтқанда, жерлестеріміздің қоржынында 9 …

ЖЕРЛЕС ЖЕЛАЯҚТАР ТОП ЖАРДЫ Read More »

ОТҚА ОРАНДЫ ТАЛАЙ ҮЙ…

Жыл басынан бері облыста 635 өрт болып, одан 307 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 46 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның 8-і – бала. 48 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. Өткен аптада облыс бойынша 20-дан астам өрт оқиғасы тіркелді, одан зардап шеккендер де бар. Петропавлдағы Михеев көшесіндегі жеке тұрғын үйден шыққан өрт төбені, …

ОТҚА ОРАНДЫ ТАЛАЙ ҮЙ… Read More »

СҰҒАНАҚ ҚОЛ ҚЫЗДАР ҰСТАЛДЫ

Петропавл қаласының ІІБ бірінші бөлімінің қызметкерлері жұрттың сөмкесінен әмиян ұрлауды кәсіп қылған екі қызды ұстады, деп хабарлады СҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен. Қалалық ІІБ полицияның бірінші бөліміне қала тұрғындарынан әмияндарының жоғалғандығы туралы бірнеше арыз түскен.

ПЕНЬКОВО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ көлік апатынан көз жұмды

Облыс аумағында орын алған жол-көлік апатынан 25 жастағы жаяу жүргінші қаза тапты. Апат Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының маңында Челябі-Новосібір автожолының 540-ыншы шақырымында орын алған. 52 жастағы жүргізуші “Ниссан” көлігінде келе жатып, жол жиегінде жаяу бара жатқан Пеньково ауылының тұрғынын басып өткен. Тергеудің алдын ала болжамдары бойынша жәбірленуші абайсызда жақын келе жатқан көліктің алдына шығып кеткен. …

ПЕНЬКОВО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ көлік апатынан көз жұмды Read More »

ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН МЕРЕКЕ

Айгүл МҰСТАФИНА, Соколовка жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат директоры. Таяуда Соколовка балалар үйінде “Ризашылық” мерекесі өтті. Өздерінің жыл сайын асыға күтетін мерекесіне тәрбиеленушілер мұқият дайындалды. Көптен күткен мерекелік зал балалардың өз қолымен жасалған әдемі гүлдермен, түрлі түсті шарлармен безендірілді. Әдемі киінген балалар сүйікті қонақтарын көңілді әуенмен қуана қарсы алды.  

БАЛАЛАР МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ – басым бағыт

Балалардың мүдделерін қорғау мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыты болып табылады. Соған қарамастан, кейбір мекемелер аталған талаптарды тиісінше орындай бермейді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының тексерістері осыны көрсетті. Қуандық ЖАППАРОВ, облыстық Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарманың Арнайы есепке алу бөлімінің бас прокуроры. Атап айтқанда, арнайы есептердің …

БАЛАЛАР МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ – басым бағыт Read More »

“БАЗАР ЖОҚ” КҮЛКІГЕ КЕНЕЛТТІ

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Тұрсынбек Қабатов бастаған “Базар жоқ” театрының әзілкештері Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өнер көрсетіп, әзіл-қалжың сүйетін жас-кәріні күлкіге кенелтті.

ЕКІ ТІЛДІ ЕРКІН МЕҢГЕРГЕН ЕКАТЕРИНА Абай мен Мағжан жырларын жатқа айтады

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. 2009 жылы Петропавл қаласының орыс мектептерінде білім алып жүрген оқушылардың арасында “Тіл – халық жанын танудың кілті” деген тақырыпта сайыс өтіп, оның жүлдесін №10 орта мектептен сынға түскен Екатерина Смирнова деген шәкірт жеңіп алған еді. Сол жылы ол облыстық олимпиаданың да жүлдесін иеленіп, жеңімпаз ретінде Астанада республикалық сайыста да жұлдызы жанып, …

ЕКІ ТІЛДІ ЕРКІН МЕҢГЕРГЕН ЕКАТЕРИНА Абай мен Мағжан жырларын жатқа айтады Read More »

ОБЛЫС БЮДЖЕТІНІҢ ЖАРИЯЛЫЛЫҒЫ қолжетімді бола түсті

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Сорос-Қазақстан” қорының қолдауымен Қазақстанның ұлттық бюджет желісі және “Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты” ҮЕҰ “2012 жылы Қазақстандағы жергілікті бюджеттің жариялылық индексі” зерттеуін жүргізіп, бұрнағы күні соның қорытындысын жариялады.

ШАҒЫН ОРТАЛЫҚҚА ДЕМЕУШІЛІК ЖАСАДЫ

Гүлмира ЗЕЙНУЛЛИНА, “Даму” қоры облыстық филиалының менеджері. Петропавл қаласында “Даму – Көмек” бағдарламасының аясында мүгедек балаларға арналған “Северный бриллиант” ЖШС-нің бейімдеу орталығына “Садаков В.Г.” жеке кәсіпкерлік компаниясы демеушілік көмек көрсетіп, балалардың дамуына септігін тигізетін ойыншықтар сатып әперді.

“БИЗНЕС-КЕҢЕСШІДЕН” “ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАРҒА” ДЕЙІН

Гүлмира ЖАҚЫПОВА, “Даму” қоры облыстық филиалының менеджері. Облыстың он екі кәсіпкері биыл “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының 4-ші бағыты аясындағы “Іскерлік байланыстар” жобасы бойынша Астана қаласында оқудан өтті. Солардың бірі – мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру қызметімен айналысатын “Баларман” ЖШС-нің директоры Балдырған Ілиясов.