«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.12.2013

ҰЛТТЫҚ ТАРИХ ТІЛГЕ ТИЕК БОЛДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғановтың төрағалығымен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелерін үйлестіру жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Онда тарихи ғылыми-зерттеу материалдарын жинау мен жүйелеуді ұйымдастыру, ұлттық тарихты оқытуға жаңаша көзқарас, Солтүстік Қазақстан облысының 2014-2016 жылдарға арналған өңірлік өлкетану бағдарламасын талқылау мәселелері қаралды. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Фархад Қуанғанов облыста өңірдің ұлттық тарихын зерделеуге байланысты …

ҰЛТТЫҚ ТАРИХ ТІЛГЕ ТИЕК БОЛДЫ Read More »

ЕГІНГЕ БАЙ, МАЛҒА ЖАЙ ауданда бүлдіршіндерге балабақшаларда орын жетіспейді

Бұрнағы күні аудан әкімдерінің қатысуымен өтетін дәстүрлі брифингте Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Марат Тасмағанбетов аталмыш өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен таныстырды. Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Сөзін аграрлық сектордың жетістігінен бастаған Марат Тасмағанбетов үстіміздегі жылы 610 мың гектар алқаптан 1 миллион тоннадан астам астық жинап, егін өнімділігі 16,5 центнерді құрағандығын ерекше атап өтті. Ауыл шаруашылығы техникасы да …

ЕГІНГЕ БАЙ, МАЛҒА ЖАЙ ауданда бүлдіршіндерге балабақшаларда орын жетіспейді Read More »

АНАЛАР ЖАЛҒЫЗ ҚАЛМАСЫН!

Әйел үшін балалы болу – бір арман. Енді осы арман-ға қол жеткізген соң сол бір бақытты күн де туады әйтеуір. Яғни, тоғыз ай күткен сәбиіңді аман-есен қолыңа алып, құшағыңа қысасың.  Осымен бақытты күндер ұйқысыз түндермен үйлесіп өтіп жатады. Көзді ашып жұмғанша бала бір жасқа да толып қалады. Міне, осы жерден бастап мәселенің бір шеті жылтиып …

АНАЛАР ЖАЛҒЫЗ ҚАЛМАСЫН! Read More »

ЖҰПТАР ЖАРАСЫМЫ – тәрбиенің бір түрі

Жаңа отау құрған соң жастар өздерінше өмір сүре бастайды. Өз кезегінде үйдің жұмысы мен кейбір міндеттерін де бөліп алады. Өкінішке қарай, осы кезде таразы басы тең түспейді. Әрине, әйелдің міндеті көбірек болады.  Бір қарағанда мән бергісіз болғанымен, уақыт өте келе бұл үлкен мәселеге айналатын “титтей” дүние жайында оқырмандар не ойлайды екен:

БАЛА СҮЮ БАҚЫТЫ БҰЙЫРАДЫ

Бала – өмірдің жалғасы. Қарапайым ғана тіршілікті нұрландырып, мейірім шуағына бөлейтін сәби – баға жетпес байлық. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда түрлі себептерге байланысты балалы бола алмай жүрген отбасылар аз емес. Бұл мәселенің бір шеті ерлі-зайыптылардың ажырасуына да себеп болып отырғаны баршаға мәлім. Сондықтан да отбасы құндылығын сақтап, елімізде бала туу санын арттыру мақсатында маңызды іс-шаралар …

БАЛА СҮЮ БАҚЫТЫ БҰЙЫРАДЫ Read More »

ЖОЛДАН ТАЙЫП, ЖАЗАҒА КЕСІЛГЕН қыз-келіншектерге түзелу үшін барлық жағдай жасалған

2011 жылы Солтүстік Қазақстан облысында әйелдер колониясы ашылды. Нәзік жандарға арналған түрме сан жағынан алғанда Қазақстан бойынша алтыншы. Бұдан басқа да осы тектес түрмелер Алматы, Қарағанды, Шымкент, Атырау, Өскемен қалаларында бар. Әйелдерге қолайлы болу мақсатында қайта жөндеуден өткізіліп, ашылған аталмыш ғимаратта бұған дейін жасы кәмелетке толмаған ұлдар жазасын өтеген. Бірақ белгілі себептерге байланысты олар оңтүстіктегі …

ЖОЛДАН ТАЙЫП, ЖАЗАҒА КЕСІЛГЕН қыз-келіншектерге түзелу үшін барлық жағдай жасалған Read More »

ЕР ЖОЛЫ – ЕЛ ЖОЛЫ

Сауытбек АБДРАХМАНОВ. “Жазушы есебінде маған, әрине, мыңдаған жылдық ұзақ тарихы бар әдебиеттің артықшылығы, жақындығы сөзсіз. Сан ғасырлар, талай таланттар адамның әлемді көркем сөз арқылы бейнелеу қабілетін ғажап мүмкіндіктерге жеткізді. Ал өнер атаулының ең жасы – кино әдебиетпен салыстырғанда, соншама балаңдығына қарамай, осы аз ғұмырында-ақ өмірдің өзгермелі құбылыстарын қалтқысыз көрсетуде таңғаларлық икемділік танытып үлгерді. Бір кезде …

ЕР ЖОЛЫ – ЕЛ ЖОЛЫ Read More »

БЕРЕКЕГЕ ҰЛАСҚАН МЕРЕКЕЛІ ЖЫЛ

Самат ЕСКЕНДІРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. Тәуелсіздігіміздің тағы бір жылы аяқталар тұста Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мерекесі тарихи таңдау күні, барлық қазақстандықтардың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні ретінде ерекше белсенділікпен, саяси зор өрлеумен атап өтілді. Биылғы жылды солтүстікқазақстандықтар жасампаз еңбекке, қажыр-қайратқа толы биік асулармен, жарқын белестермен аяқтағалы отыр. Бұл орайда, “Қазақстан – 2050” Стратегиясында …

БЕРЕКЕГЕ ҰЛАСҚАН МЕРЕКЕЛІ ЖЫЛ Read More »

ОМБЫДАҒЫ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА АЛАУЫ ЭСТАФЕТАСЫ

Солтүстiк Қазақстан облысының делегациясы Ресейдің Омбы қаласында XXII Қысқы Олимпиада алауы эстафетасына арналған шараларға қатысты. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Самат Ескендiров губернатор Виктор Назаровтың шақыруымен шекаралас өңірге барып қайтты.

Фотоайыптау

Қайран тілім, шодырланған, сорланған,Буратино дүкенінде қор болған.Фототыстар деп жазудың орнынаФотосы тар сөзін қалай қолданған? Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ. 

ТАЭВАНДОШЫЛАР ҚОРЖЫНЫНДА – 16 МЕДАЛЬ

Семейде таэкван-до бойынша “Семей Кубогы” атты халықаралық турнир және кадеттер мен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтті. Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстаннан 450-ден астам спортшы қатысқан додада солтүстікқазақстандық спортшылар түрлі дәрежедегі 16 медальды жеңіп алды. Бәсі биік сайыста жерлес таэвандошылар – Виолетта Баева (2 алтын, 1 күміс), Айнұр Қадірменова (2 алтын, 1 қола), Әділхан Темірболат …

ТАЭВАНДОШЫЛАР ҚОРЖЫНЫНДА – 16 МЕДАЛЬ Read More »

ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНЫ ЕСКЕ АЛЫНДЫ

Петропавл қалалық классикалық гимназиясында жерлесіміз, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Нұржан Қалиасқаровты еске алуға арналған волейболдан дәстүрлі турнир өтті. Осымен 17 рет қолға алынған дода барысында 10 команда үш топқа бөлініп, күш сынасты.  Спорттық шараның ашылу салтанатында спорт жарысының ұйымдастырушылары – “Желтоқсан ақиқаты” республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі, Желтоқсан оқиғасында зардап шеккен Боташ Қажымов, …

ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНЫ ЕСКЕ АЛЫНДЫ Read More »

ӘНШІЛЕР ТОБЫНА – 20 ЖЫЛ

Петропавл қалалық Мәдениет үйінде ардагерлердің “Лейся, песня!” тобының 20 жылдығына арналған концерт өтті. Анна КУЧЕРЕНКО, зейнеткер. Мерейтойлық концертте соғыс жылдарындағы патриоттық, лирикалық, халықтық әндермен қатар ауыл өмірін бейнелеп, жүрек қылын шертетін әсем әуендер шырқалды.   Ерлерден құралған хор тобының орындауындағы “Березы” әні тыңдармандардың жүрегіне жетті. Борис Захаровтың орындауында шырқалған:

БАЛҒЫН ӨНЕРПАЗДАР БАҚ СЫНАДЫ

Облыстық Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өткен “Волшебная кулиса” атты театр ұжымдарының облыстық фестиваліне қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылған болатынмын. Сахналық көріністермен тәнті еткен балғын өрендер өнерлерімен бірден баурап алды.  Рашит ИСМАИЛОВ. Екі жылда бір рет өткізілетін фестивальдың басты мақсаты жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының мәдениетін дамыту, дарынды балаларды табу болатын. Аудандардан және …

БАЛҒЫН ӨНЕРПАЗДАР БАҚ СЫНАДЫ Read More »

ҚҰНЫҚҚАНДАР мен ДӘНІККЕНДЕР жайы қоғамдық кеңесте сөз болды

Қаржы полициясы агенттігінің сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің селекторлық режімдегі отырысы өтіп, онда заңсыз алкоголь саудасы мен қаржы айналымы мәселелері талқыланды.  Нұрлан ЖАХИН, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбай-лас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы. Қаржы полициясы агенттігінің Экономикалық және қаржылық қылмысты ашу департаментінің бастығы Жанат Еламанов алкоголь өнімдерінің заңсыз …

ҚҰНЫҚҚАНДАР мен ДӘНІККЕНДЕР жайы қоғамдық кеңесте сөз болды Read More »

ПЕШТЕН ШЫҚҚАН ПӘЛЕ

Жыл басынан бері облысымызда 652 өрт шығып, 309 млн. теңгенің шығынын келтірді. Өрттің салдарынан 46 адам қаза тапса, оның 10-ы – бала. Сонымен қатар 52 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған. Қызылжар ауданындағы Архангелка ауылында тұрғын үйден шыққан өрт 52 жастағы ер адам мен әйелдің өмірін қиған. Өрт мас күйінде төсекте жатып, шылым шеккеннен шыққан.

АБАЙЛАҢЫЗ: КӨКТАЙҒАҚ!

Қыс енді басталғанына қарамастан, жолдарды көк мұз басқан. Бұл жолдардағы төтенше жағдайлар санының артуына әкеледі.   “Көкшетау-Омбы” жолында, Дәуіт елді мекенінің маңында көктайғақ салдарынан тіркемесі бар “МАН” жүк автокөлігінің жүргізуші рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Ақжар ауданының жедел реттеу отряды жүк көлігін сүйреп алып шыққан.

ЕСІЛДІКТЕР ЕРЕКШЕ ЫНТАЛЫ

Мемлекеттік тілді оқыту жүйесінде мультимедиалық кабинет ашқандардың бірі – есілдіктер. Аудан орталығындағы Мәдениет үйінде орналасқан қазақ тілі кабинеті биыл аудан бюджетінен бөлінген 2 миллион 291 мың теңгеге жабдықталыпты. Шағын кабинет ішіндегі сужаңа 17 компьютер, интерактивті тақта және басқа да көрнекі құрал-жабдықтар көз қызықтырады. Оқытушылардың әдістемелік құралдары, оқулықтар мен сызбалар да жеткілікті.

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

Петропавл қаласындағы №8 эстетикалық тәрбие және жалпы білім беретін мектеп-кешенінде облыстық Білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалары сайысының облыстық кезеңі өтті.  Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Ғылыми жобалар сайыстары оқушылар арасында зияткерлік жарыстар өткізу ережелеріне және ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес жыл сайын өткізіліп тұрады. Оның мақсаты – …

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ Read More »

ШЕБЕРЛІК ШЫҢЫНА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫМ

Заманауи талаптарға сай жаңашыл ұстаз үнемі ізденіс пен зерттеу үстінде, жаңалыққа құмар, шығармашыл тұлға болуы қажет. Адам ғұмыр бойы білімін көтеріп отыруға тиіс. Мен де осы мақсатпен оқытудағы Кембридж тәсілінің негіздерін меңгеру үшін педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсына келіп, өзіме керекті мол ақпарат алдым.  Әсем АТЫҒАЕВА, Рудный орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Бұл бағдарламаның …

ШЕБЕРЛІК ШЫҢЫНА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫМ Read More »