КӘСІПКЕРЛЕРДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ “АҚСАП” ТҰР
Петропавл қаласы ІІБ Әкімшілік полициясы бөлімінің бастамасымен “Нұр Отан” партиясының солтүстікқазақстандық филиалында қаламыздың сауда нысандарын қылмыскерлерден қорғау мәселелері жөнінде “дөңгелек үстел” өтті. Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы. Полицейлердің мәліметі бойынша, мүліктік қылмыстардың алдын алу және оларды ашу жөніндегі жұмыстарға жүргізілген талдаулар қарақшылық тонаудың басым бөлігі кәсіпорындарда, яғни сауда, несиелік-қаржылық нысандарда орын алатындығын көрсетті. …