«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАР ТИІМДІ ЕКЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Жақында облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаменті биылғы қазан және қараша айларының қорытындысы бойынша жалпыүйлік жылу қуатын есептегіш құралдарын орнатқан көпқабатты жайлы үйлердің көрсеткіштерімен таныстыру және есептегіштерді орнатудың тиімділігін М.Жұмабаев көшесіндегі 113-ші тоғызқабатты үйдің мысалында түсіндіру үшін журналистерге баспасөз турын ұйымдастырды.

Оны жүргізген департамент басшысының орынбасары Нелли Бабакехян жалпыүйлік есептегішті орнатудың экономикалық тиімділігі қазірдің өзінде аңғарылып отырғанын айтты. Мысалы, осы жылдың 1 қазанынан күшіне енген тариф бойынша бір шаршы метр жылуға 87,41 теңге және ыстық су үшін бір адамға бір айда 466,18 теңге төленетін жағдайда жылу есептегіштері орнатылған 163 үй бойынша екі айдағы қорытынды төлем көрсеткіштері былайша түзілді: бір шаршы метрді жылытудың орташа тарифі 57,36 теңгені құрады, ыстық су төлемі бір айда бір адамға 446,18 теңгеден айналды, яғни бұл үйлердегі іс жүзіндегі көрсеткіштер бекітілген тарифтерден сәйкес түрде 34,4 және 4,3 пайызға төмен. Бұл ретте 152 үйде (немесе 93 пайызында) есептегіш құралдары бойынша жылу тарифі шаршы метріне 70 теңгеден асқан жоқ. Соның ішінде 75 үйде – 50 теңгеден төмен, 51 үйде – 50-60 теңгенің аралығында және 26 үйде 60-70 теңгенің аралығында түзілді. Ал 8 үйдегі жылудың шаршы метрі – 70-80 теңгеден, тағы 3 үйде 80-87 теңгеден айналды.

Жылуға 22,38 теңге көлеміндегі және ыстық суға бір адамға айына 451,51 теңгені құраған ең төменгі тариф Брусиловский көшесіндегі 49-шы үй бойынша байқалды. Бұл үйде екі бөлмелі 50 шаршы метрлік пәтерде тұратын үш адамның жылу есептегіші бойынша төлем үнемі қазан-қараша айында 6591 теңгені құрады.

М. Жұмабаев көшесіндегі 113-ші үйдің пәтер иелері кооперативінің төрайымы Тамара Пахомованың түсіндіруінше, биылғы екі айдың қорытындысы бойынша ғана үй тұрғындары 600 мың теңгенің үстінде қаржы үнемдеді. Есепті кезеңде жылудың орташа айлық тарифі 31,62 теңгені, ал 1 адамның жұмсаған ыстық суы 447,32 теңгені құрады.

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтерге есептегіш орнатудың қажеттілігі мен тиімділігі туралы түсінік беру жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp