«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.12.2013

ҚАМБАР АТА ТҮЛІГІНІҢ ТҮРЛЕРІ

Түріне, күтімі мен өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы шамамен 25-30 жыл өмір сүреді екен. Кей кездері кейбірінің жасы 40-тан асады. Тарихи деректерге үңілсек, ХІХ ғасырда Ескі Билли деген ат 62 жыл жер басып, ең көп жасаған жануар ретінде есте қалған. Қазіргі заман аттарының арасында Шуга Пафф есімді құлан 2007 жылы 56 жасында Гиннесс кітабына …

ҚАМБАР АТА ТҮЛІГІНІҢ ТҮРЛЕРІ Read More »

ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ – ЖҰТСЫЗ

Гүлбике КУБЕНОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Қақаған қыс айының ортасында кіретін Жылқы жылы өзімен бірге көп жақсылықты ала келуі мүмкін деседі жұлдызшылар. Дегенмен де, қазақ халқы үшін жылдың жаманы жоқ. Бұрынғы заман-нан бері ата-бабаларымыз әр жылдың қандай болатынын өзінше болжаған. Сонымен: Тышқан жылы – тыныштық; Сиыр жылы – сыйлық;Барыс жылы – бірлік;Қоян жылы – қамбалы;Ұлу жылы – үлгілі;Жылан …

ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ – ЖҰТСЫЗ Read More »

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАДІРІН ЕЛ БІЛЕДІ

Кәмила МӘЖЕНОВА,Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 8-сынып оқушысы. Тәуелсіздік қадірін ел біледі,Көк туымыз аспанда желбіреді.Осы күнді аңсаған бабамыздыңАрмандары ұрпаққа белгілі еді. Асқақтайды нақ бүгін Астанамыз,Астанамен ғаламға мақтанамыз.Елбасымыз нұсқаған жолдан таймай,Келеді ғой жалғасып бастаған із. Жыл сайынғы Жолдауы рух берген,Орын тиіп халқыма биік төрден.Біз жасаймыз қарышты қадамменен,Алға басып әрқашан сүйікті елмен!

“КЕДЕЙСІЗ АУМАҚ” ҚҰРУҒА ҰМТЫЛЫС нәтижесінде 91 ауылдық округте атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ

Тәуелсіздік жылдары қоғамның әлеуметтік саласында мемлекеттік бағдарламалардың арқасында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Тұрғындар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп, мүгедектердің, қарттардың және аз қамтылған азаматтардың өмір сүру сапасы жақсарды.  Асқар САҚЫПКЕРЕЕВ, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы. Еңбек нарығындағы белсенді саясаттың жүргізілуі өнімді жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетіп, өмір сапасын жақсартуға бағытталған. 1999 жылы …

“КЕДЕЙСІЗ АУМАҚ” ҚҰРУҒА ҰМТЫЛЫС нәтижесінде 91 ауылдық округте атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ Read More »

БИІНЕН ӘН ЕСЕДІ ӘСЕМГҮЛДІҢ

Әнді арқау, биді қанат етіп, алға қойған мақсатына ұмтыла білген өнерлі жас қыздардың бірі – Әсемгүл Есенғазина. Ол облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернаттың оныншы сыныбында оқиды.  Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,“Солтүстік Қазақстан”. Тал шыбықтай бұралған қазақ қызын бүгінгі жастарға үлгі етіп айтуға әбден болады. Оның өз қатарластарынан ешбір айырмашылығы жоқ. Керісінше, артықшылығы бар десе де болады. Әсемгүл Есіл …

БИІНЕН ӘН ЕСЕДІ ӘСЕМГҮЛДІҢ Read More »

МҰЗДАН ҚАШАЛҒАН МҮСІНДЕР Өңірдің бас шыршасына сән берді

Облыс орталығындағы басты алаңда Жаңа жылдың мерекелік лебі желтоқсан айының бірінші күнінен басталғантын. Шырша жағылып, маңы мұзды шаһарға айналған алаңнан өткен жұрт мәз-мейрам. Қала әкімдігінің ұйымдастаруымен жүргізілетін безендіру жұмыстары жылдан-жылға түрлене түсуде. Биыл үлкен шырша түбіне мұздан қашалған мүсіндер қойылған.   Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Оны жасап шыққандардың біреуі алматылық болса, екеуі – Екатеринбургтен келген …

МҰЗДАН ҚАШАЛҒАН МҮСІНДЕР Өңірдің бас шыршасына сән берді Read More »

ҚАРИЯЛАРДЫҢ ТӘРБИЕ МЕКТЕБІН АШПАҚПЫЗ

Бабаларымыздың аңсаған асыл армандарына қол жетіп, тәуелсіз ел болып, зайырлы мемлекет құрып жатырмыз. Тұңғыш Президентіміз бас болып Қазақтың кең-байтақ даласында егеменді елдің іргетасын қаладық.  Болат САҒЫНДЫҚОВ, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы ақсақалдар алқасының төрағасы. Сонау тоқсаныншы жылдардың басында, күйреген Кеңес Одағынан жаңа ғана еншімізді алып, іргемізді ажыратып жатқан, қиыншылықтары қабырғаны қайыстырған, қыр арқаны езген кезеңнен азбай-тозбай …

ҚАРИЯЛАРДЫҢ ТӘРБИЕ МЕКТЕБІН АШПАҚПЫЗ Read More »

БАС КИІМІНІЗДІ КІМ ТІККЕН? “Сокирко С.Н.” жеке кәсіпкерлігі емес пе?

Егер облыс орталығындағы “Меховая радуга” ателье-дүкеніне жолыңыз түсе қалса, оның сөресіндегі бірінен-бірі сәнді тымақтар мен жеңіл бас киімдерге таңдау жасауыңыз оңай болмайды. Олар – петропавлдық шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар.   Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”.   ӨҢІРДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ЦЕХ Сергей Сокирко бас киім тігуді 13 жасында бастапты. Оның айтуынша, ертеректе Сергей Николаевичтің отбасы жүздеген қоян өсіріп, …

БАС КИІМІНІЗДІ КІМ ТІККЕН? “Сокирко С.Н.” жеке кәсіпкерлігі емес пе? Read More »

Біржан ШАЙМЕРДЕНОВ: “АСЫЛТҰҚЫМДЫ ЖЫЛҚЫ БАПТАУ – ҚАНҒА СІҢГЕН ҚАСИЕТ”

Ақ-қайың ауданындағы “Дайындық” ЖШС биыл да гектар берекелілігін 25 центнерге жеткізіп, облыстың көшбасшы агроқұрылымдарының қатарынан көрінді. Серіктестік егіншілікпен бірге мал шаруашылығын қатар дамытып келе жатқандығымен де ерекшеленеді. Аталмыш шаруашылықтың директоры, “Құрмет” орденінің, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері Біржан Шаймерденов іскер басшы ғана емес, қазақтың бәйге десе делебесін қоздыратын асылтұқымды жылқыларын ұстап, Қызылжар өңірінің атын республика …

Біржан ШАЙМЕРДЕНОВ: “АСЫЛТҰҚЫМДЫ ЖЫЛҚЫ БАПТАУ – ҚАНҒА СІҢГЕН ҚАСИЕТ” Read More »

МҰНДА МҰҚТАЖДАРҒА БӘРІ ТЕГІН

Қала орталығында осыдан үш жыл бұрын “Аялы алақан” атты әлеуметтік дүкен ашылған болатын. Басқа дүкендерге қарағанда оның өзіне тән бір ерекшелігі бар. Яғни, бұл жерде барлығы тегін беріледі. Тек қалауыңыз бойынша шетінен таңдап ала беріңіз. Әрине, заттар ұсталған, бірақ жаңасынан ешбір айырмашылығы жоқ екенін айтып өткіміз де келеді. Аталмыш дүкеннің бүгінгі аяқ алысы қандай екендігі …

МҰНДА МҰҚТАЖДАРҒА БӘРІ ТЕГІН Read More »

АТ СПОРТЫНЫҢ БЕС ТҮРІ Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде үйретіледі

Ата-бабамыздан Қамбар ата тұқымының қадір-қасиеті “жесең – тіске, жемесең – түске кіретін” етімен, ішсең тілді үйіретін бал қымызымен, “құлыным!”, “құлыншағым!” деген жүректі жылытатын лебізбен ғана емес, ұлттық болмысымызды танытып тұратын “Қыз қуу”, “Теңге алу”, “Аударыспақ”, “Көкпар”, ”бәйге” сияқты ат спорты түрлерімен де мирас болып қалған. Еліміз егемендік алғалы ұлттық спорттың осы түрлеріне ерекше назар аударылып …

АТ СПОРТЫНЫҢ БЕС ТҮРІ Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде үйретіледі Read More »

ПРЕЗИДЕНТТЕРГЕ АС ДАЙЫНДАҒАН АСПАЗ Петропавл қаласында тұрады

Юрий Дубининнің мамандығы – аспаз болғанда да қарапайым аспаз емес. Қазақстанның бас аспаздар қауымдастығының мүшесі, осы ұйымның өңірдегі өкілі. Халықаралық аспаздар байқауларының жеңімпазы. Қаланың үздік аспазы атанған ол – облыс орталығындағы №2 кәсіптік-техникалық училищенің түлегі. Астана, Алматы және облыс орталығында ашылған көптеген мейрамханалардың жетекшісі болған, әлемдік деңгейде өзінің есімін мойындата алған, өзі ойлап тапқан тағам …

ПРЕЗИДЕНТТЕРГЕ АС ДАЙЫНДАҒАН АСПАЗ Петропавл қаласында тұрады Read More »

ТАЛШЫҚТА БАР ҚАРЫНДАС

Ибрай ИЛЬЯСОВ. Талшықта бар қарындас, Сөз таппаймын теңерге. Есімі оның – Қалимаш, Білгің келсе егер де.

ТӨРТІНШІ МӘРТЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Солтүстікқазақстандық спортшылар Ақсу қаласында гір көтеру спортынан өткен ел кубогының төртінші мәрте жеңімпазы атанды. 16 жерлесіміз жеңістің биік сатысына көтерілсе, қостанайлықтар мен павлодарлықтар екінші және үшінші орындардан көрінді.   Жерлес спортшылар Елена Костенко (58 кг.) мен Виталий Диденко (95+ кг.) алтын медальға қол жеткізіп, чемпиондық тұғырға көтерілді. Ал Наталья Нохрина (58 кг.), Александр Лузан (63 …

ТӨРТІНШІ МӘРТЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ Read More »

БИАТЛОНШЫЛАР – ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Облыстық құрама командасы Щучье қаласында өткен спорттық бағдарлаудан бірінші республикалық қысқы ауыл жастары ойындарынан олжалы оралды. Үш күнге созылған сайыста жасөспірімдер арасында спринтпен орташа қашықтықта Алексей Лукаш ешкімге дес бермеді. Белгіленген қашықтықта Денис Петров құрметті орынның екінші табалдырығына табан тіреді. Қыздар арасында Александра Кашинская спринтте алтын алса, орташа қашықтықта күміс медальді жеңіп алды. Жеке сында …

БИАТЛОНШЫЛАР – ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА Read More »

ЖАСӨСПІРІМДЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Владимир ХОЛОД. Өскелең ұрпаққа спортқа деген қызығушылықты арттыру, саламатты өмір салтын насихаттауды көздеген спорттық шара барысында қатысушылар “Толқынды доп”, “Кім жылдам?”, “Өрмекші” ойындарында шапшаңдықтарын, ал футбол, баскетбол және хоккей ойындарында ептіліктерін көрсете білді.   Қазылардың қойған ұпайларының нәтижесі бойынша “Қызыл-Жар” жеңімпаз атанды. Ал “Достық” пен “Импульс” құрама командалары екінші және үшінші орындарды иеленді. Балалардың бос …

ЖАСӨСПІРІМДЕР СЫНҒА ТҮСТІ Read More »

ЕЛ ҚҰРАМАСЫ – 15-ші ОРЫНДА

Италияның Трентино провинциясында XXVI Қысқы Универсиада аяқталды. Сайыс қорытындысы бойынша Ресейдің қоржынында 50 медаль (15 алтын, 16 күміс және 19 қола). Ал екінші орын – польшалық спортшыларда – 23 (10 алтын, 10 күміс, 3 қола), үшінші орында Оңтүстік Корея – 24 (8 алтын, 9 күміс, 7 қола).   Қазақстандық студенттер 30 құрама команданың ішінен 15-ші …

ЕЛ ҚҰРАМАСЫ – 15-ші ОРЫНДА Read More »

ЖЕҢІСТЕН ЖЕҢІСКЕ БАСТАЙДЫ

Адамдардың саламатты өмір салтын ұстануы спортпен шұғылдануға байланысты. Дене қимылы, жаттығуларға бейімділік адам денсаулығын жақсартуда ешқашанда өзінің мән-маңызын жойған емес. Сондықтан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық спортты дамытуға бағыт ұстап, республика халқына жыл сайынғы Жолдауларында осы мәселеге жан-жақты көңіл бөліп келеді. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Өзге өңірлер сияқты, біздің облысымызда да спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігі артып отыр. …

ЖЕҢІСТЕН ЖЕҢІСКЕ БАСТАЙДЫ Read More »