«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.01.2014

ОБЛЫСТАҒЫ КҮНДІЗГІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ

Облыстағы 552 мектепте немесе барлық мектептің 95,3%-ында асхана немесе ыстық тамақ беретін буфеттер бар. 62,3 мың адам немесе оқушылардың 85,5%-ы ыстық тамақпен тамақтанады. Білім беру сапасы айтарлықтай дәрежеде материалдық-техникалық базаға байланысты. 2013-2014 оқу жылының басынан бері облыста жалпы білім беретін 579 күндізгі мектеп жұмыс істейді, барлық мектеп үй-жайларының жалпы көлемі 1276,9 мың шаршы метрді құрады, …

ОБЛЫСТАҒЫ КҮНДІЗГІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ Read More »

СӨЗІНЕ МЫҒЫМ АЗАМАТ

Айнагүл ҚАБДІЛМАНҚЫЗЫ, журналист. Кезінде мектепті бітіргеннен кейін туған ауылында жүргізуші болып еңбек етіп, кейін Бағанаты орта мектебінде география және биология пәндерінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Шал ақын аудандық қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік инспектор болып тәжірибе жинақтаған Дулат Жарқынбаев қазіргі уақытта облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы “Шал ақын ауданының білім қызметкерлерінің …

СӨЗІНЕ МЫҒЫМ АЗАМАТ Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ – білім беру сапасының индикаторы

Білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігін бақылаудың бір түрі – мемлекеттік аттестаттау. Ол 5 жылда бір рет жоспарлы түрде өткізіледі. Өңіріміздегі білім ошақтарын аттестаттаудың 2013 жылғы нәтижесімен танысу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау жөніндегі департаментінің басшысы Ерлан Әбілдиновті әңгімеге тарт – Ерлан Слямбекұлы, 2013 жылы облыстың қанша білім …

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ – білім беру сапасының индикаторы Read More »

КЕЛІНДЕР АТ ҚОЮШЫ ЕДІ ЕРКЕЛЕТІП…

Қыз баланың тәрбиесі – ұлтымыз үшін үлкен сын. Сондықтан да үлкендер жағы “Қызға – қырық үйден тыйым” деп үнемі айтып отырады. Бұл сөзге құлақ аспай, қыз баланың тәрбиесінен жіберген қателіктің кесірінен кейіннен оның өзі де, ата-анасы да өмірден түрлі соққы алып жататын жағдайлар көптеп кездесуде. Мұның барлығы берген тәрбиенің ащы жемісі. Бұрын қыз баланы көбіне …

КЕЛІНДЕР АТ ҚОЮШЫ ЕДІ ЕРКЕЛЕТІП… Read More »

Азаматтық неке – БІЗГЕ ТАҢСЫҚ БОЛҒАН ШЕТЕЛДІҢ ҚАҢСЫҒЫ

Заң жүзінде мүлдем қарастырылмаған азаматтық неке жайында бұрын-соңды кинодан ғана көретінбіз. Бүгінгі таңда жастар арасында мұндай “жаңашылдық” кең етек алып бара жатқандай. Ислам да, өзге діндер де тыйым салған бұл құбылысты қолдайтындардың қазірде асығы алшысынан түсіп тұрғаны рас.  Бүгінгі таңда қаншама жастардың бейресми некеде тұратыны белгісіз. Жоқ, мәселе бұл жайында мәлімет ала алмағанымызда емес, оны …

Азаматтық неке – БІЗГЕ ТАҢСЫҚ БОЛҒАН ШЕТЕЛДІҢ ҚАҢСЫҒЫ Read More »

ҚЫЗ КӨРКІ – ШАШ, оны сатуға болмайды

Өзім бес қыздың ортасында өстім. Бала кезімізде барлығымыздың шашымыз белімізден асатын. Таңертең бізді ерте оятпас үшін анамыз ұйықтар алдында шашымызды әдемілеп өріп беретін. Сонымен ертеңгі күні әп-әдемі болып мектепке баратынбыз.

ИЫҒЫНА ПОГОН ТАҚҚАН, үйінің отын маздатқан

Бүгінгі таңда ішкі істер органдарында нәзік жандардың алар орны ерекше. Қайраттылықты қанат етіп, ауыр да жауапты жұмыс атқарып жүрген қазақ қыздарына қарап, қайран қаласың. Ерлерге бергісіз еңбек етіп, әйел затының ақылына көркі сай екенін іспен дәлелдеп жүрген қарлығаштарымыздың қатары күн санап артуда. Міне, көңілге қуаныш ұялататыны да осы. Қандай жұмысқа болмасын білек сыбана кірісіп, абыроймен …

ИЫҒЫНА ПОГОН ТАҚҚАН, үйінің отын маздатқан Read More »

Бесіктен Безінбейік

Бүгінгі таңда ақшасы бар адамға дүкеннен небір жақсы, қолайлы заттарды сатып алуға болады. Солардың бірі – памперс (бұл тек біреуінің ғана атауы, негізінде олардың түрлері өте көп). Ананың қызметін айтарлықтай жеңілдететін ыңғайлы болғандықтан, памперстің пайдасы да аз емес. Бұған кез келген ананың көзі жетті деп әбден айтуға болады. Біріншіден, ананың уақытын үнемдейді, үй ішіндегі тазалықты …

Бесіктен Безінбейік Read More »

ОЙЫ ҰШҚЫРДЫҢ ОЮЫ ҰНАМДЫ

 Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ғасырлық тарихы бар. Ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып, бүгінгі таңда қайта қолданысқа еніп, дамып келе жатқан өнердің жолын жалғастырушылардың бірі – қаламыздың тұрғыны Әсия Дүйсенова.  Бала кезінен ине-жіпке біртабан жақын жүретін кейіпкеріміз анасына еліктеп тоқу тоқығанды жақсы көреді екен.   – Кішкентай болғанда анамның қасынан бір елі қалмайтынмын. Ұсақ-түйек шүберектердің барлығын жинап алып, …

ОЙЫ ҰШҚЫРДЫҢ ОЮЫ ҰНАМДЫ Read More »

ҚОБЫЗШЫ ҚЫЗ ФАРИЗА – өңіріміздің ең үздік жас дарыны

Соңғы уақытта өңірімізде өтетін түрлі мәдени шараларда ұлтымыздың ежелгі аспабы – қобызда ойнайтын жастарды жиі көретін болып жүрміз. Бір қуантарлығы, қобызшылардың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан мұрасы бүгінгі ұрпаққа еш өзгеріссіз, мінсіз қалпында жетті. Ұлт өнерін сүйген жастар Қорқыт, Ықылас сияқты дала дарындарының шығармаларын сахнада орындап, замандастарының ұлттық өнерден сусындауына түрткі болуда. Осындай кештердің бірінде …

ҚОБЫЗШЫ ҚЫЗ ФАРИЗА – өңіріміздің ең үздік жас дарыны Read More »

САХНАДА – ҚЫЗ ЖІБЕК, ЭКРАНДА – КҮЛӘШ

Қазақтың бұлбұлы атанған опера әншісі Күләш Байсейітова жайлы көпсериялы фильм “Хабар” арнасында көрсетілді. Тарихи-өмірбаяндық телехикаяның басты рөлін жерлесіміз Әйгерім Уәлжанова сомдады. Өңірімізде Әйгерімді Сәменова тегімен таниды. Жастайынан өнерге бір табан жақын жүрген Әйгерім – облыс орталығындағы Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаттың түлегі. Көптеген байқаулардың жеңімпазы. Соның ішінде Семей қаласында өткен республикалық Абай …

САХНАДА – ҚЫЗ ЖІБЕК, ЭКРАНДА – КҮЛӘШ Read More »

ОҚУ мен СПОРТТЫ ҰШТАСТЫРҒАН ЖЫЛ

Жуырда Петропавл құрылыс-экономика колледжінің көрермендер залында біздің орталық жыл қорытындысын шығарды. Мерекелік шараға өңірдің дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімдері, спорт бойынша әдіскерлері мен БЖСМ директорлары қатысты. Қанат СӘДУАҚАС, өңірлік дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындық орталығының директоры. Салтанатты шараның құрметті қонақтары: Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, КСРО-ның Құрметті спорт шебері Жамбыл Тасеменов пен биатлоннан КСРО-ның …

ОҚУ мен СПОРТТЫ ҰШТАСТЫРҒАН ЖЫЛ Read More »

ЖАС ПАЛУАНДАР ЖЕҢІСІ

Өткен сенбіде Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық балалар және жасөспірімдердің спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушылар Мұхтар мен Жәкен Өсіповтерді еске алуға арналған еркін күрестен республикалық ашық турнир өтті.  Сағыныш ҚАСЫМТАЙҚЫЗЫ, журналист. Ауданымызда осымен екінші рет өткізіліп отырған турнирге Астана, Теміртау, Қостанай, Көкшетау, Щучье қалаларынан, Айыртау, Мамлют, Уәлиханов және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандардан 1999-2002 жылдары туған 132 мектеп оқушысы …

ЖАС ПАЛУАНДАР ЖЕҢІСІ Read More »

АЯЗДА ОЙЫҚТА ШОМЫЛУ – олардың он жыл бойғы әдеті

Қақаған қыста ойықта шомылмақ түгіл, саусағыңды малуға жүрегің дауаламайтын мұздай суға түскенді тап қасында тұрып көремін деп ойламаппын да. Алайда, сөйтуге тура келді. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Оқиға былай болды: Петропавлдағы машина жасау колледжінде 2004 жылдан бері “Денсаулық” аталатын клуб жұмыс істеп, оның мүшелері адам ағзасын нығайтатын дене жаттығуларынан, жүгіруден, шынығу амалдарынан өзге, қыстыгүні ойықта …

АЯЗДА ОЙЫҚТА ШОМЫЛУ – олардың он жыл бойғы әдеті Read More »

ӘМБЕБАП ПОЛИЦИЯНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

Өткен жылдың 1 қарашасынан бастап елімізде әмбебап полиция құрылып, бір жол полициясы және екі патрульдік полиция қызметкерлерінен құралған экипаждар өз қызметтеріне кіріскен болатын. Нәтиже көп күттірмеді. Өткен бір айдың ішінде әмбебап сақшылар 7 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтап, 37 қылмыстың бетін ашты. Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. Реформа жобасы алдымен сынақ ретінде Павлодар, Жамбыл облыстарында қолданылған …

ӘМБЕБАП ПОЛИЦИЯНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР Read More »

Гүл себетін тоқитын шебер әнші құстар аулап та табыс табады

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Шал ақын ауданындағы Повозочное ауылының тумасы Сергей Пономарев мектептің 9-шы сыныбын аяқтағаннан кейін өзі сияқты ауыл балаларымен бірге Сергеевка қаласындағы №12 кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсті. Ондағы ойы механизатор мамандығын алып, ауылдағы ең қажетті кәсіп – егіншілікпен айналысу болатын. Басында сол таңдаған жолынан табылып, міндетті әскер қатарына шақырылғанша “Приишим” кеңшарында тракторшы-комбайншы болып …

Гүл себетін тоқитын шебер әнші құстар аулап та табыс табады Read More »