«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.01.2014

ҚАЙСАР МАЛҒАЖДАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚОР жас спортшыларға қолдау көрсетпек

Облыс орталығындағы “Есіл” мейрамханасында жас спортшыларға қолдау көрсетуді көздейтін Қайсар Малғаждаров атындағы қайырымдылық қорының таныстырылымы өтті. Әуе апатында қаза тапқан белгілі жерлесіміз, Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің “Алматы” кеден бекеті бастығының міндетін атқарған полковник Қайсар Малғаждаровты еске алуға арналған шараға оның әріптестері мен туған-туысқандары қатысты. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Естеріңізде болса, қайғылы оқиғамен басталған …

ҚАЙСАР МАЛҒАЖДАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚОР жас спортшыларға қолдау көрсетпек Read More »

“ЕҢ ҮЗДІК ҚАБЫРҒА ГАЗЕТІ” АНЫҚТАЛДЫ

Бауыржан МАЛҒАЖДАРОВ, Серік ЖОЛЫМБЕТОВ, ЕС-164/3 түзету мекемесіндегі Петропавл кәсіптік колледжінің оқытушылары. ЕС-164/3 мекемесіндегі Петропавл кәсіптік колледжінде ең үздік қабырға газетінің байқауы өтті. Түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру үдерісін жетілдіру, саламатты өмір салтын қалыптастыру, сотталғандардың шығармашылығын дамыту, сондай-ақ жаңа жылдың мерекесін атап өту мақсатында КВН ойындары мен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, қабырға …

“ЕҢ ҮЗДІК ҚАБЫРҒА ГАЗЕТІ” АНЫҚТАЛДЫ Read More »

ЖАЛДАМАЛЫ ҮЙДЕН ҚУЫЛДЫ

Жалдамалы үйде заңсыз тұрып жатқан отбасы үшін Жаңа жыл жайсыз басталды. Олар сот шешімін орындамағандықтан, пәтерден шығарылды. Оқиға осыдан 9 жыл бұрын басталған болатын. Баспанасы бас қайғысына айналған екі баласы бар ерлі-зайыпты таныстарының үйінде уақытша тұра тұруға сұранады. Барак тәрізді салынған үйінде тұруға келісімін берген ескі танысы осыдан бес жыл бұрын дүние салған. Марқұмның мұрагерлері …

ЖАЛДАМАЛЫ ҮЙДЕН ҚУЫЛДЫ Read More »

ҚАРЫЗЫН ТӨЛЕМЕГЕН КӘСІПОРЫН

Елена СКАКУНОВА, СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы. Мұнай өңдеумен айналысатын екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік өткен жылдың соңында “Казкоммерцбанк” АҚ-на және мемлекетке 2 миллиард теңге қарыз болып қалды. Сот орындаушылары өткен жылдың 17-19 желтоқсаны аралығында серіктестіктің бірінің кепілдегі жылжитын және жылжымайтын мүліктерінің тізімдемесін жасады. Тыйым салынған мүліктер саудаға түсіп, одан түскен қаражат қарызды …

ҚАРЫЗЫН ТӨЛЕМЕГЕН КӘСІПОРЫН Read More »

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ ӘРІ АҚЫН ЕДІ

Достық үйінде “Солтүстік Қазақстан облыстық орыс қауымы” мен “Дуслык” облыстық татар-башқұрт орталығы” қоғамдық бірлестіктері және облыстық бейнелеу өнері мұражайының ұйымдастыруымен жерлес суретші, ақын Тимур Азизлярды еске алу кеші өтті. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Саналы өмірін өнерге арнаған дарынды суретші Соколовка ауылында дүниеге келген. Суретке деген әуестігі бала кезінен байқала бастаған. Әскери борышын өтеген соң …

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ ӘРІ АҚЫН ЕДІ Read More »

ЖӨНСІЗ “ӘЗІЛ” ОПЫҚ ЖЕГІЗЕДІ

Әсет ШАЙКИН, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісі. 2013 жылы жарылғыш зат қойылғаны туралы 8 жалған ақпарат түскен. Тәжірибеден байқағанымыздай, мұндай қылмыстардың ашылуы жоғары және “әзілкештер” заң бойынша қатаң жазаланады. “Телефон террористері” қатарын, әсіресе, балалар, жасөспірімдер және ақыл-есі кем адамдар құрайды. Құқық қорғау органдары үшін кінәліні ұстап, тұтқындау – абыройлы …

ЖӨНСІЗ “ӘЗІЛ” ОПЫҚ ЖЕГІЗЕДІ Read More »

ЖАЗАЛАРЫ ҚАТАЙТЫЛДЫ

Саят МҰҚАЖАНОВ, СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 ҚАИ-ның аға инспекторы. СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 қылмыстық-атқару инспекциясында бас бостандығынан оқшаулаусыз сотталған 10 адам есепте тұр. Оның тоғызының бас бостандығы шектеліп, ал бір адам шартты түрде жазасын өтеуде. Тіркеуде тұрған он адамның ішінде сегізі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің …

ЖАЗАЛАРЫ ҚАТАЙТЫЛДЫ Read More »

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Аққайың ауданының орталығы – Смирново ауылында “Мектеп түлектерін жұмыспен қамту және кәсіби бейімдеу жұмысы” тақырыбында жиын өтті. Бұл шара облыста алғаш рет ұйымдастырылды.  Аманжол НҰРТАЗИН, журналист. Бүгінгі күні Аққайың ауданында кадр тапшылығы байқалады. “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы аясында 2013 жылы ауданда 105 ауылдық тұрғын қайта даярлау курстарынан өтіп, тек 65-і тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. …

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ Read More »

ТӨЛЕМ АЛУ ТОҚТАТЫЛДЫ

Екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың несиелік шотты жүргізгені үшін комиссиялық төлем өндіріп алу мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің түсініктемесін облыс тұрғындары мен заңды тұлғалары өкілдерінің назарына ұсынамыз. “Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес (одан әрі – банктер туралы заң) көрсетілген банк қызметтері …

ТӨЛЕМ АЛУ ТОҚТАТЫЛДЫ Read More »

ӨТКЕН ЖЫЛҒА ӨКПЕЛЕРІ ЖОҚ

 “СевКазЭнерго” компаниялар тобы үшін 2013 жыл табысты болды. Энергетиктер жыл қорытындысы жайында облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы және бақылаушы билік органдары өкілдерінің қатысуымен 2013-2014 жылдары жылыту маусымын өткізу мәселелері бойынша 8 қаңтарда өткен салалық селекторлық кеңесте айтып берді. Шынында да, өткен жылды “СевКазЭнерго” АҚ-ы тұтастай өңірдің, соның ішінде саланың экономикалық өміріне сөзсіз ықпал жасаған бірқатар …

ӨТКЕН ЖЫЛҒА ӨКПЕЛЕРІ ЖОҚ Read More »

“ӘСЕМДІК МЕКЕНІ” Көркемөнер лицейін көпшілік осылай атайды

Облыс орталығының Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысына таман орналасқан Көркемөнер лицейін өнерді сүйетін адамдар “Әсемдік мекені” деп атайтынын мен осында қызмет еткен, есімі елімізге танымал суретші-линогравюрашы Василий Манзядан талай мәрте естіген едім. Қылқалам-ның әйгілі шебері осы мектеп ашылған күннен бастап оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарып, балдырғандарды әсемдікке, сурет өнеріне баулығанды. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. …

“ӘСЕМДІК МЕКЕНІ” Көркемөнер лицейін көпшілік осылай атайды Read More »

ЖАСТАРДЫ ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕК КҮТЕДІ

Виктор МОЛОДОВСКИЙ, облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысындағы жастар саны 133 мыңнан асады немесе шамамен облыс тұрғындарының 23 пайызы. Жас адамдардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады (75992 адам). Оны солтүстік өңірдің негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатындығымен түсіндіруге болады. Қалалық жастардың саны – 58 мыңдай. Демократиялық қоғам дамуы көрсеткіштерінің бірі – …

ЖАСТАРДЫ ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕК КҮТЕДІ Read More »

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАҒА ҚАТЫСТЫ ӘҢГІМЕ

Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Қазақстан халықтық коммунистік партиясының СҚО филиалы Петропавлдағы “Алтын Адам” қонақүй-ойын-сауық кешенінде “Қазақстанға либералдық қылмыстық заңнама қажет пе?” деген тақырыпта қоғамдық пікірталас ұйымдастырды.   Партия өкілдерінің пікірінше, соңғы кезде билік басындағылардың немесе басшылық қызметте отырғандардың ауыр қылмыс жасап, қоғамдағы беделдерінің арқасында жауапкершіліктен құтылып кетіп жатқанына жиі куә болып жүрміз. Қолданыстағы либералдық қылмыстық …

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАҒА ҚАТЫСТЫ ӘҢГІМЕ Read More »

ДІНДЕР ЖӨНІНДЕГІ САЙТ АШЫЛДЫ

Облыстық Дін істері жөніндегі басқарма ресми Интернет-порталдың ашылғанын хабарлайды. Сайт өңіріміздегі дәстүрлі діндердің рухани құндылықтарын, мемлекеттік құрылыстың зайырлы қағидаттарын насихаттауға, сондай-ақ діни экстремизм мен лаңкестіктің таралуының алдын алуға бағытталған. Портал біздің қоғамның рухани құндылықтарын ашуға және жастарды теріс діни ағымдардың зиянды әсерінен қорғауға тырысады. Порталды құрудағы ең басты мақсат – Қазақстанның дәстүрлі діндері жайлы дұрыс …

ДІНДЕР ЖӨНІНДЕГІ САЙТ АШЫЛДЫ Read More »

“БІЗДЕ БӘРІ ЖАҚСЫ”, – ДЕГЕНМЕН, жиналыс үстінде жәшікке салынған сауалдар жауапсыз қалды…

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Воскресеновка ауылдық округінің әкімі Нұрлан Құсайынов есепті баяндамасында айтқандай, округ аумағындағы үш елді мекенде 1472 адам тұрады екен. Барлығы 491 үй болса, олардың 346-сы қосалқы шаруашылық ұстайды. Тұрғындардың көпшілігі 11 жауапкершілігі шектеулі серіктестікте, 28 шаруа қожалығында, 8 фермерлік шаруашылықта және 13 жеке кәсіпкерлікте еңбек етеді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының 20 мың гектардан …

“БІЗДЕ БӘРІ ЖАҚСЫ”, – ДЕГЕНМЕН, жиналыс үстінде жәшікке салынған сауалдар жауапсыз қалды… Read More »

КӨКЕЙІНДЕГІСІН АЙТҚАН ӘР ТҰРҒЫН өз сауалына нақты жауап алды

Статистикалық экономикалық көрсеткіштерге толы баяндамалар халықпен кездесуге белгіленген уақыттың басым бөлігін зая кетіретіні рас. Мәселен, ауыл тұрғындарына ерікті түрде сұрақ қойғызатын болсақ, олардың ешбірі адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемін сұрамас еді. Өйткені, қарапайым халыққа сол есеп-қисаптың ең негізгілерін түсінікті түрде жеткізсе де жеткілікті. Тайынша ауданының әкімі Серік Салтықовтың қатысуымен өткен биылғы жылғы есепті кездесулердің өткізілу …

КӨКЕЙІНДЕГІСІН АЙТҚАН ӘР ТҰРҒЫН өз сауалына нақты жауап алды Read More »

Президент Жолдауы: Ұлттық Идеямыз – Мәңгілік Ел!

Кеше Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері “дөңгелек үстел” басына жиналып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауын талқылады. Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Рашбиль Евдаев Елбасының алғашқы Жолдауын тыңдағаннан бері талай реформаның жүзеге асырылғандығын жеткізді. Ол кездегі келелі мәселелер осы жылдар аралығында түбегейлі шешілгенімен, даму жолына түскен Қазақстанның алдында бүгін жаңа да …

Президент Жолдауы: Ұлттық Идеямыз – Мәңгілік Ел! Read More »

ЖАҢА БИЗНЕС- БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ – өңірлік үйлестіру кеңесінің басты мақсаты

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың төрағалығымен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен “Бизнестің Жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыруға арналған өңірлік үйлестіру кеңесінің жаңа жылдағы алғашқы отырысында 5 ұжымның банктен алған кредиттерінің сыйақысын қаржыландыру жөніндегі өтінімдері қаралды.  Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Петропавлдағы жеке кәсіпкер, қалалық мәслихаттың депутаты Сайран Хамзин басқаратын “Черная кошка” дәмханасы” ЖШС-де 35 …

ЖАҢА БИЗНЕС- БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ – өңірлік үйлестіру кеңесінің басты мақсаты Read More »

Тағайындау

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Қабдырахман Еркінұлы Сақтағанов облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Қабдырахман Еркінұлы 1962 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Ленин ауданына қарасты Ильинка ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын дәрігер мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы Петропавл қаласындағы 1-ші қалалық біріктірілген аурухананың хирургия бөлімшесінің медициналық қызметкері болып бастаған. 1983-1984 жылдары …

Тағайындау Read More »

БИЫЛ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖЫЛЫ Сондықтан Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысына жүктелген міндет зор

Өңір басшысы Самат Ескендіров емдеу мекемелерінің бас дәрігерлерімен отырыс өткізіп, онда өз өкімімен облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы етіп тағайындаған Қабдырахман Сақтағановты таныстырды. Ол бұған дейін Петропавл қаласындағы №3 ауруханасының бас дәрігері болып істеген. Ал осыған дейін облыстық Денсаулық сақтау басқармасын басқарған Анатолий Ко Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің СҚО …

БИЫЛ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖЫЛЫ Сондықтан Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысына жүктелген міндет зор Read More »