ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ — 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Ж О Л Д А У Ы
Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар! Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – “Мәңгілік Қазақстан” жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін …