«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.01.2014

“ҚЫЗЫЛЖАР” БАЗАРЫ қымбатшылыққа тосқауыл қоюға тырысуда

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Жұртшылыққа “Қызылжар-Ақбастау” немесе “Қызылжар” коммуналдық базары атауымен танымал сауда орны әу баста – әлемдік экономикалық дағдарыс белең алған, инфляция шарықтап кеткен шақта тұрғындарды тұрақтандырылған азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында қалалық әкімдіктің қарамағында құрылған болатын. Көп ұзамай оған одан да зор міндет жүктеліп, облыстық әкімдіктің Қаржы басқармасының қарамағына өтті. Ал одан кейін …

“ҚЫЗЫЛЖАР” БАЗАРЫ қымбатшылыққа тосқауыл қоюға тырысуда Read More »

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ауылдарда әлі де төмен

Қазақстан Республикасы егемен ел болғаннан бастап демократиялық бағытты таңдағаны бүкіл әлемге мәлім. Демократиялық қоғамның өмір сүруіне қажетті адам құқықтары, сөз бостандығы, әділ сот, жергілікті өзін-өзі басқару, демократиялық сайлау жүйесі сияқты биік ұғымдар Ата Заңымыз – Конституцияда белгіленген болатын. Мінсіз демократиялық қоғам құру үшін өткен 22 жыл аз болса да, алғашқы қадамдар нық болды. Осы орайда …

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ауылдарда әлі де төмен Read More »

РОМАНСТАР ТЫҢДАП, РИЗА БОЛДЫҚ

Петропавл қалалық Мәдениет үйінде классикалық романс кеші өтті. Оны Қырғыз КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, облыстық филармонияның камералық хорының көркемдік жетекшісі Юрий Колчин жүргізді. Анна КУЧЕРЕНКО,   еңбек ардагері. Концерт ерекше өтті. Жүргізуші көрермендерге орындалған әрбір әннің шығу тарихын таныстырып отырды. Музыка өнеріндегі романс әндері көбінесе лирикалық сарында келеді. Концертте бұл бағытта музыка жазған белгілі …

РОМАНСТАР ТЫҢДАП, РИЗА БОЛДЫҚ Read More »

ТАТАР ӘНДЕРІ ТАМЫЛЖЫТА ШЫРҚАЛДЫ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында татар әндеріне арналған концерт өтті. Оны жергілікті әнші Ильдар Сисанбаев ұйымдастырды. Рашит ИСМАИЛОВ, қоғамдық тілші.   Ильдар Сисанбаев бала кезінен ән шырқап келеді. Ол ғана емес. Оның отбасы мүшелері түгел дерлік өнерге бір табан жақын. Әншінің әкесі Марат Сисанбаев баян аспабында ойнайды. Анасы Насима да татар халық әндерін нақышына …

ТАТАР ӘНДЕРІ ТАМЫЛЖЫТА ШЫРҚАЛДЫ Read More »

БАЛАЛЫҚ АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН МУЗЫКАНТ

Өңірімізде облыстық филармонияның жанынан құрылған үш бірдей үлкен оркестр бар. Солардың бірі – эстрада және джаз музыкасы оркестрі. Геннадий Брюханов жетекшілік ететін бұл өнер ұжымы көп жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. Оркестрдің дирижёрі Геннадий Брюханов – Петропавл қаласындағы өнер колледжінің үрлемелі және соқпалы аспаптар бөлімінің байырғы меңгерушісі. Оны болашақ музыканттарды даярлайтын өнер ордасында жолықтырдық. …

БАЛАЛЫҚ АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН МУЗЫКАНТ Read More »

МҮГЕДЕКТЕРГЕ МҮМКІНДІК ТУҒЫЗҒАН “Үміт” спорт клубы облыс әкімінің қолдауына ие

2013 жыл солтүстікқазақстандық паралимпиадашылар үшін ерекше жыл ретінде есте қалды. Жыл барысында жерлес спортшылар халықаралық аренада айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Осы орайда Голландияда өткен мүгедектердің Бүкілдүниежүзілік ойындарында жеңіске жеткен жерлесіміз Владимир Эрманның алтын медалінің өзі бір төбе. Сондай-ақ 2013 жылдың басты жаңалығы – облыс әкімі Самат Ескендіровтің қолдауымен Петропавл қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Үміт” …

МҮГЕДЕКТЕРГЕ МҮМКІНДІК ТУҒЫЗҒАН “Үміт” спорт клубы облыс әкімінің қолдауына ие Read More »

ҮШ ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ ҮМІТ АРТАМЫЗ

Кеңес Одағы кезінде Мәскеуде 1980 жылы тұңғыш рет жазғы Олимпиада ойындары өткізілсе, биылғы жылдың 7 ақпанында Сочи қаласында Россия Федерациясының тарихындағы алғашқы қысқы ХХІІ Олимпиаданың алауы тұтанады. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Қысқы спорттың жеті түрі бойынша 1998 жылғы Наганодағы (Жапония) Олимпиададан бастап екі мыңнан аса үміткер ең байрақты бәсекелерінде шеберлік пен күш-қайрат сынақтарына түсіп келеді. …

ҮШ ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ ҮМІТ АРТАМЫЗ Read More »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ МӘДЕНИЕТ деңгейі көңілден шыға ма?

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Қазір Петропавлдағы үлкен-кіші автобустардың саны көп, қала ішінде жүру уақыттары да бір жүйеленіп қалған. Бұл, әсіресе, қыстың қытымыр суығында шаһардың бір шетінен екіншісіне баратын тұрғындар үшін қолайлы. Алайда, бүгінгі қоғамдық көліктер ішіндегі мәдениет, әсіресе, жол ақысын жинайтын жолсеріктердің киім киісі көңілге қона бермейді. …Аялдамада тоңып біраз тұрған соң келіп қалған көлікке …

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ МӘДЕНИЕТ деңгейі көңілден шыға ма? Read More »

Галина САПКО: “КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БҮЛДІРШІНДЕРІ ҮШІН арнайы балабақша ашылса, игі болар еді”

Бүгінгі таңда көпбалалы, асырауында мүгедек баласы бар аналарға, аз қамтылған отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін бірқатар әлеуметтік көмек бар. Сондай-ақ қайырымдылық қорлары ашылып, жемісті жұмыс істеуде. Осындай игі бастаманың бірін қолға алып, Петропавл қаласының әлжуаз бөлігіне қолдан келгенше қамқорлық көрсетіп отырған “Қызылжар аналары” көпбалалы аналар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы, “Күміс алқа” иегері Галина Сапкомен кездесіп, жүргізіліп …

Галина САПКО: “КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БҮЛДІРШІНДЕРІ ҮШІН арнайы балабақша ашылса, игі болар еді” Read More »

ТЕХНИКАМЕН ТІЛ ТАБЫСҚАН Даниярдай мамандарға сұраныс зор

Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Инновацияны дамыту және индустрияландыру бағдарламасы бойынша көптеген жаңа өндіріс орындары салынып жатқан уақытта жас буын өкілдерін инженерлік-техникалық мамандықтарға баулу өзекті мәселеге айнала түсуде. Әсіресе, қолынан іс келетін жоғары білімді жас инженер мамандарға деген сұраныс зор. Техника тетігін жақсы меңгерген, жаңа технологиямен жұмыс істей алатын жас маман Данияр Кошкенов осындай өрендер қатарынан. …

ТЕХНИКАМЕН ТІЛ ТАБЫСҚАН Даниярдай мамандарға сұраныс зор Read More »

АЙГҮЛДІҢ “ШАХИРИСІ” Мәскеуге де өнім жөнелтті

Гүл НҰРАЛИНА, журналист. Айгүл Әбдірахманова – Тайынша ауданының орталығында орналасқан, көпшілікке танымал “Шахирис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы. Үлкен өндіріс орнында жұмысты ұйымдастыру – аса жауапты іс. Сондықтан ондай қызметке таңдалатын адамға да ерекше талап қойылады. Ең бастысы – оның өз ісіне сай білімінің болуы. Екіншіден – көпшілікпен жұмысты ұйымдастыра білуге қабілеттілігі, ал үшіншіден – әкімшілікпен …

АЙГҮЛДІҢ “ШАХИРИСІ” Мәскеуге де өнім жөнелтті Read More »

ӨНДІРІСТЕГІ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР мүсіреповтік аграршыларды биік белеске көтерді

“Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғырту жолымен дамытуға айрықша көңіл аударды. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне жаһандық сұраныс өсіп отырған жағдайда Қазақстан өзінің азық-түлік нарығындағы көшбасшылық мүмкіндігін көрсетуі және ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуы тиіс. Ол үшін егіс алқаптарын кеңейту, жаңа технологиялар енгізу есебінен астық шығымдылығын …

ӨНДІРІСТЕГІ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР мүсіреповтік аграршыларды биік белеске көтерді Read More »