«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.01.2014

БИШІЛЕРДІ ТАБЫСТЫРҒАН “ТУҒАН ЖЕР”

 “Туған жер” халық би ансамблі – облысымыздың белді өнер ұжымдарының бірі. 2010 жылы облыстық филармонияның жанынан құрылған өнер ұжымының кезекті дайындығында болып, биылғы жоспарын біліп қайттық.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Жаңа жылдың басталғанына аз-ақ уақыт өтсе де, ансамбль үш бірдей бидің жобасын дайындап та үлгеріпті. Сол билердің бірі “Домбыра аңызы” деп аталады. Шынайылық, мәңгілік, …

БИШІЛЕРДІ ТАБЫСТЫРҒАН “ТУҒАН ЖЕР” Read More »

ӨНЕРГЕ СУСЫНЫ ҚАНБАҒАН ЖАН

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл Сергей Снурницынмен бірінші жүздесуім еді. Осыған дейін оны өңіріміздегі “Сладка ягода” өнерпаздар тобының жетекшісі әрі сырнайшысы ретінде танып келсем, сол күнгі кездесуден кейін Сергей Федоровичтің өн бойында басқа да өнердің тұнып тұрғанын байқадым. Ол ақын, сазгер, сырнайшы, философ, спортшы екен. Шығармашыл адамның қиялшыл келетіндігінен бе, әлде ғұмырының 40 жылын өнерге …

ӨНЕРГЕ СУСЫНЫ ҚАНБАҒАН ЖАН Read More »

ОЛАР АЛҒАШҚЫЛАР БОЛЫП ЕДІ

Облыстық мәслихаттың бірінші шақырылымына 45 депутат сайланған. Олар алғашқылар болып, жаңа тұрпаттағы жергілікті өкілетті органдарды құру үшін қолдан келгеннің барлығын жасады. Бірінші шақырылымдағы депутаттық корпус халық қалаулыларының бұрынғы тәжірибесіне сүйенді. Бұл Кеңес Одағы кезіндегі тәжірибе еді. Алайда, нарықтық қатынасқа көшкен кезеңде демократия жағдайында уақытпен бірге адымдап, осы қайта құруға тән нормалар мен талаптарды ұғынып, игеру …

ОЛАР АЛҒАШҚЫЛАР БОЛЫП ЕДІ Read More »

ӨЗДЕРІН САЙЛАҒАН ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЖАУАПТЫ

Биылғы жылы Қазақстанда мәслихат институттарының жергілікті өкілетті органдардың құрылғанына 20 жыл толады. Қайырлы ЕДІРЕСОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы. Мәслихат депутаттарын облыс, қала немесе аудан тұрғындары сайлайды, халықтың еркін білдіреді, Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды анықтайды және олардың жүзеге асыруын бақылайды. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, жаңа егемен мемлекеттің базалық негіздері …

ӨЗДЕРІН САЙЛАҒАН ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЖАУАПТЫ Read More »

МИНИСТРЛЕРГЕ ЖҮГІНЕ АЛАСЫЗДАР

“ХҚКО” РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Петропавл қалалық №1 бөліміне келушілер енді Қазақстан Республикасындағы министрлер мен агенттіктердің төрағаларына бейнебайланыс арқылы жүгіне алады.  Ольга ЮРЬЕВА, “ХҚКО” РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы менеджерінің м.а. Жергілікті атқарушы органдар мәселелерді шешуге көмектесе алмайтын болса, клиенттер өз сұрақтарын жоғарыда тұрған органдарға бейнебайланыс арқылы қалдыра алады. Атап айтқанда, Қазақстан …

МИНИСТРЛЕРГЕ ЖҮГІНЕ АЛАСЫЗДАР Read More »

ON-LINE РЕЖИМІНДЕ АҚПАРАТ ЖИНАУ

Бүгінгі күні оn-lain режимінде Интернет арқылы статистикалық есептерді толтыру және тапсыру үрдісін автоматтандыруға мүмкіндік бар. Электрондық үкімет бағдарламасын жүзеге асыру шегінде статистикалық нысандарды тапсыруға барынша қолайлы болу және уақытты үнемдеу үшін ҚР Агенттігі «е-статистика» ақпараттық жүйесін енгізуді бастады. Респонденттерге 127 нысан бойынша қағазға көшірмей-ақ, on-line режиміндегі Интернет-ресурс арқылы жұмыс орнында отырып есептерін тапсыруға мүмкіндік бар. …

ON-LINE РЕЖИМІНДЕ АҚПАРАТ ЖИНАУ Read More »

АХУАЛЫҢ ҚАЛАЙ, АРАЛАС МЕКТЕП?

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Ертеңгі жарқын болашағы мемлекеттік тілмен астасып жатқанын етене түсініп, қазақ тілін меңгеруге бет бұрғандардың саны күн санап өсіп келеді. Осыған орай аралас мектептердің саны да артып отыр. Бірақ орыс мектептерінде ашылып жатқан қазақ сыныптарына көпшілік күмәнмен қарайды. Олардың арасында орыс тілі үстемдік алатын аралас мектептерде балалардың ойы мен бойына ұлттық қасиет …

АХУАЛЫҢ ҚАЛАЙ, АРАЛАС МЕКТЕП? Read More »

ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ – ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Айымгүл МУСИНА, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің аға жетекшісі. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 5 оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі орындарға ие болып, білім ошағының, ата-аналары мен ұстаздарының мерейін үстем етті. Атап айтсақ, қазақ мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен 10-сынып оқушысы Эльмира Сәдуақасова – 1-орын, 11-сынып оқушысы …

ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ – ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ Read More »

БАЛАМНЫҢ ДА ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРГЕНІН ҚАЛАЙМЫН

Виктория КУРОВА, іс жүргізуші. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін ауқымды жұмыс қолға алынды. Өткен 22 жыл ішінде атқарылған істердің нәтижесін әркім түрліше бағалайды. Менің ойымша, Қазақстанның болашағы атанған өскелең ұрпақ қазақ тілін меңгеруге ден қойған. Олар балабақшадан мемлекеттік тілді үйренуді бастап, мектеп пен жоғары білім алғанда да, жұмыс орындарында да …

БАЛАМНЫҢ ДА ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРГЕНІН ҚАЛАЙМЫН Read More »