«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.02.2014

ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ БАҒЫ ЖАНСЫН!

Виктор БОНДАРЕНКО, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің профессоры. Спорттың ең ардақты оқиғасы – Олимпиада ойындары. Өйткені, осы ойындардың жеңімпазы, тіпті, оған қол жетпегенде, жүлдегері болудың өзі бұл саладағы барлық жетістіктерден жоғары тұрады. Сол себепті, спортшылар Олимпиада ойындарына қатысуды, оларда жеңіске жетуді бүкіл ғұмырының асыл арманына балайды. Жанашыр, көрермен ретінде былайғы бұқара жұртшылық та төрт жылда бір …

ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ БАҒЫ ЖАНСЫН! Read More »

ШАМОНИДЕН СОЧИГЕ ДЕЙІНГІ ҰЗАҚ ЖОЛ

Биылғы жылдың әлем спортындағы ең даңқты оқиғасы – 7 ақпанда Ресейдің Сочи курортында оты тұтанатын ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары. Осыған орай жаңа заманның Олимпиадаларын қайтадан жандандырған француз бароны Пьер де Кубертеннің есімі мәңгілік өлмейтіні анық. Ол 1898 жылы жазғы алғашқы ойындарды бастап бергені әлем спортына белгілі. Атақты француз қолдаушысының арқасында 1894 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті …

ШАМОНИДЕН СОЧИГЕ ДЕЙІНГІ ҰЗАҚ ЖОЛ Read More »

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР

Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталатын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып, нығая түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдына электрондық оқытудың жүйе құраушы факторлары мен негізгі педагогикалық ұстанымдарын анықтау және айқындауға байланысты бірқатар міндеттер қойылды. Сонымен қатар, электрондық оқыту …

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР Read More »

ТЕХНИКАЛЫҚ және КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ

Колледж және лицей оқушыларының 61,5%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алады. 2013-2014 оқу жылының басында облыста орташа кәсіби білімді мамандар даярлаумен – 28 колледж, ал кәсіби бастауыш білім берумен 1 кәсіптік лицей айналысты. Оқушылардың жалпы саны – 15 мың адам, соның ішінде 7 мың адам немесе 46,9%-ы – әйелдер. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың саны 6,8%-ға …

ТЕХНИКАЛЫҚ және КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ Read More »

ЕҢБЕККЕ БАУЛУДЫҢ ЫҚПАЛЫ ЕЛЕУЛІ

Адам үшін дене кемістігі ауыр тигенімен, одан да ауыры – ақыл-ой кемістігі. Әсіресе, бұл кембағал баланың сан қырлы болып өсуіне кері әсер етеді, ой-өрісінің дамуына кедергі келтіреді. Осы кемістіктерді асқындырып алмай, әрі қарай мүмкіндігінше түзету жұмыстарын жүргізу қажет. Ақыл-ойы тежеліп қалған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, яғни мүгедек балаларды қалпына келтіру, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына, …

ЕҢБЕККЕ БАУЛУДЫҢ ЫҚПАЛЫ ЕЛЕУЛІ Read More »

“ЖАС ФИЗИКТЕР” ЖҮЛДЕСІ БҰЙЫРДЫ

Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернаттың оқушылары Ресейдің Протвино қаласында 18-ші рет өткізілген “Компьютерлік физика” атты халықаралық сайысқа қатысып, “Жас физиктер” аталымы бойынша 3-орынды иеленді.  Сайысқа білім ошағының 5 оқушысы команда болып қатысқан. Білім додасына қатысушылар “Компьютерлік шығармашылық”, “Жас физиктер турнирі”, “Компьютерлік физика” және “Ғылыми жобалар сайысы” сияқты сынақтардан өткен. Гимназия-интернаттың оқушылары “Жас …

“ЖАС ФИЗИКТЕР” ЖҮЛДЕСІ БҰЙЫРДЫ Read More »

ҰСТАЗ СЫНШЫСЫ – ШӘКІРТІ

Елбасы Жолдауында Ұлттық Идея ретінде ұсынылған Мәңгілік Елдің ұрпақтарын оқытып, тәрбиелеу үшін ұстаздар қауымы өзгерісті өздерінен бастады. Көптеген ұстаздар әртүрлі деңгейде өз білімдерін жетілдіруде. Мен де Кембридж факультеті және педагогикалық шеберлік орталығы бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасы бойынша үш айлық курсты Петропавл қаласында оқып, аяқтадым. Екі ай бойы …

ҰСТАЗ СЫНШЫСЫ – ШӘКІРТІ Read More »

“АЛАШТАНУ” КУРСЫ НЕ БЕРЕДІ?

Биылғы оқу жылынан орта мектептерде “Алаштану” факультативтік курсы оқытыла бастады. Алаштану курсына мектеп бағдарламасынан орын беріліп, назар аударылғанының өзі көңілге қуаныш ұялатады. Өйткені, ХХ ғасырдың басынан Алаш қозғалысы ретінде қалыптасып, кейін “Алаш” партиясы, одан қалды демократиялық қағидатты негізге алған Алаш автономиясының тарихи қиын жағдайда 2 жыл 3 ай өмір сүргендігі белгілі. Алаштануға қатысты алғашқы пікірлер …

“АЛАШТАНУ” КУРСЫ НЕ БЕРЕДІ? Read More »

АТА-АНА ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН

Мұғалімнің өз сабағын терең білуі жеткіліксіз, оған қоса баланың жанын ұға білуі тиіс. 27 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан Еркегүл Хасенованың басты ұстанымы осы. Ол Петропавлдағы педагогикалық институттың химия-биология факультетін тамамдағанымен, еңбек жолын өзі туып-өскен Аралағаш орта мектебінде бастауыш сыныптардың мұғалімі болып бастаған. Содан бері бастауыш буында сабақ беріп келеді. Ол 1992 жылдары облыс …

АТА-АНА ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН Read More »

ЖЫЛ ҚҰЖАТЫН БАСШЫЛЫҚҚА АЛАМЫЗ

Елбасымыз теңдессіз және кең ауқымды “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жүзеге асыру үшін халықты бір мақсат, бір мүдде, бір болашақты көздеуге шақырады. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Балаларға сапалы білім беру биыл да назардан тыс қалған жоқ. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игерту …

ЖЫЛ ҚҰЖАТЫН БАСШЫЛЫҚҚА АЛАМЫЗ Read More »

ЖАҢАШЫЛДЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Елдің елдігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесін тең етіп, өркендететін, сондай-ақ болашағын айқындап та беретін – білім беру ісі. Осыған байланысты бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық идеялар мен өзгерістер өмірге келуде. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында: “Ұлттық білім …

ЖАҢАШЫЛДЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ Read More »

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ КӨЗДЕГЕНІ – мақсат, мүдде, болашақ бірлігі

Тәуелсіздігі осыдан 20 жылдан сәл астам бұрын ғана ресми түрде мойындалған, бірақ Тәуелсіздікке жету жолындағы көпғасырлық тәжірибесі оқиғаларының көптігімен, оның тұлғаларының күштілігі және беделділігімен, одан алған тәлімі мен тағылымының ерекшелігімен таңғалдыратын ел үшін топтастырушы фактор аса қажет. 2014 жылдың 17 қаңтар күні 18-ші рет жария етілген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – осындай факторлардың …

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ КӨЗДЕГЕНІ – мақсат, мүдде, болашақ бірлігі Read More »

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ орта білімді дамытуға негіз болады

Еліміздегі орта білімді дамытуға Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негіз болады. Атап айтқанда, бұл орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту тәжірибесіне қатысты, деп атап көрсетті Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінде. “Мемлекет басшысы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізінде орта білімнің мазмұнын жаңарту туралы міндет қойды. Ол мектептер біраз тәжірибе жинақтады, өткен жылдары тек …

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ орта білімді дамытуға негіз болады Read More »

БІЛІМ БЕРУГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ біздің өңірде де жұмыс істей бастады

Таяуда “Қаржы орталығы” АҚ қызметкерлері облыстық Білім басқармасының қолдауымен негізгі мақсатты аудитория – кіші және орта буындағы балалардың ата-аналарына арналған жаңа депозиттер түрінің тұсаукесерін өткізді. Мұндай тұсаукесерлер бұған дейін Алматы, Ақтөбе, Өскемен, Шымкентте өткізілген. Азаматтарға ақпаратты барынша толық жеткізу мақсатында тұсаукесерге жалпы білім беретін мектептердің ата-аналар комитеттерінің мүшелері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері және білім беруге …

БІЛІМ БЕРУГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ біздің өңірде де жұмыс істей бастады Read More »

ОҚУШЫ ОЙЛАП ТАПҚАН ЗЕРТХАНА америкалықтардың қызығушылығын туғызып отыр

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Колосовка негізгі мектебінде оқитын Новотроицкое ауылының оқушысы Олег Лило қолда бар заттардан жылжымалы “Луна” ғылыми-зерттеу зертханасын жасап шығарды. Астана қаласында өткен халықаралық ғылыми-техникалық форумда жылжымалы зертхана моделінің патентін сатып алуға ниет білдіргендер де табылды. Космостан хабары жоқтарға бұл тек қашықтықтан басқарылатын ойыншық сияқты. Алайда, солтүстікқазақстандық балалар ойлап тапқан жылжымалы “Луна” ғылыми-зерттеу зертханасына …

ОҚУШЫ ОЙЛАП ТАПҚАН ЗЕРТХАНА америкалықтардың қызығушылығын туғызып отыр Read More »

ШӘКІРТТЕРІН БАЙҚАУЛАРДА ШЫҢДАЙДЫ

Әлішер Мұқашев – Қызылжар ауданындағы Чапаев негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі. Екінші санатты, еңбек өтілі – 8 жыл. Елбасының мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі саясатын жүзеге асыру үшін пән мұғалімі ретінде оқушыларды қазақ тіліне үйретуді өзінің міндеті санайды. “Жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту” мәселесі бойынша жұмыс істейді. Әлішер Болатұлы …

ШӘКІРТТЕРІН БАЙҚАУЛАРДА ШЫҢДАЙДЫ Read More »

ОЛИМПИАДАНЫ “ҚАЗАҚСТАН” МЕН “ХАБАР” КӨРСЕТЕДІ

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік жөніндегі комитетінің төрағасы Абзал Естаев пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалиянбековтың қатысуымен Сочидегі XXII Қысқы Олимпиада ойындарын ақпараттық сүйемелдеу жайлы брифинг болды.XXII Қысқы Олимпиада ойындарынан хабар таратудың барлық құқығына “Қазақстан” корпорациясы мен “Хабар” агенттігі ие. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР …

ОЛИМПИАДАНЫ “ҚАЗАҚСТАН” МЕН “ХАБАР” КӨРСЕТЕДІ Read More »