«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.02.2014

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ С.С.ЕСКЕНДІРОВТІҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Тәжірибе көрсеткеніндей, жыл сайынғы есепті кездесулер біздің жұмысымыздың басты өлшемдерінің біріне айналуда. Билік пен халықтың диалогі жүргізіліп жатқан саясат туралы тұрғындарды дұрыс хабардар етуге, өңіріміздің қазіргі пробле-малары мен мәселелеріне уақтылы шара қолдануға мүмкіндік береді. Үстіміздегі жылғы 17 қаңтарда Қазақ-стан Республикасының Президенті – Ел-басы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. “Біз қазақстан-дықтардың ел болашағының …

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ С.С.ЕСКЕНДІРОВТІҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ Read More »

БАҒАНЫ ШАРЫҚТАТУҒА ЕШ НЕГІЗ ЖОҚ

Өңір басшысы Самат Ескендіров аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің қатысуымен селекторлық режімде кеңес өткізді. Онда ұлттық валютаның жаңа бағамына орай өңір аумағында орналасқан дүкендер мен сауда орталықтарындағы, жанар-жағармай станцияларындағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі талқыланды. Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Доллар бағамының шарықтауы тұрғындардың жағдайына теріс әсерін тигізбеуі үшін өңір бойынша тиісті шара қолданылуда. Бұл …

БАҒАНЫ ШАРЫҚТАТУҒА ЕШ НЕГІЗ ЖОҚ Read More »

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРІСТІ ЖАНДАНДЫРУ КЕРЕК

Александр КУЗЛЯКИН, “Молсоюз” ЖШС-нің директоры. Осынау ел өміріндегі жауапты кезеңде Отанына берілген тауар өндірушілер екенімізді танытып, бағаның күрт көтерілуіне жол бермеуіміз керек. Бұл орайда тым болмағанда Үкімет белгілеген инфляциялық дәлізден шықпағанымыз жөн. Бастапқы кезде бұрыннан қолдағы бар материалдар қорын пайдаланып, бағаны ауыздықтап отыруға тиіспіз. Өз мысалымызда айтсақ, біздің “Молсоюз” ЖШС-нің қоймасында 4 мыңға жуық өндіріске …

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРІСТІ ЖАНДАНДЫРУ КЕРЕК Read More »

АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ СЫНАЛАР ШАҚ

Аркадий ВОЗНЮК, “Казмясопродукт” ЖШС-нің директоры. Еліміздің Ұлттық Банкінің қаржы нарығы мен экономика тұрақсыздығына жол бермеу үшін теңгенің жаңа айырбас бағамын ұсынуға мәжбүр болғанын жақсы білеміз. Сол себепті біздерге, тауар өндірушілерге жүктелетін азаматтық жауапкершілік жүгін де түсінеміз. Мұндай жағдайды 2009 жылы да бастан өткергенбіз, онда 30 пайызға жуық девальвацияға ұшыраған теңге жылдам еңсесін көтеріп, осы күнге …

АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ СЫНАЛАР ШАҚ Read More »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ХАБАРЛАЙДЫ

“Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі” туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ұлттық Банктің мақсаты Қазақстан Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Айырбас бағамының ел экономикасы үшін маңыздылығын ескере отырып, соңғы жылдары Ұлттық Банктің валюталық саясаты оның деңгейінің 145-155 АҚШ доллары көлемінде сақталынуына бағытталған еді. Бұл экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2013 жылы Қазақстанның ІЖӨ 6 …

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ХАБАРЛАЙДЫ Read More »

БАҒАНЫҢ ШАРЫҚТАУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Данаш ХАМЗИНА, журналист. Доллар бағамы шарықтап жатқанда баспана, көлік, өзге қызмет түрлерін былай қойғанда, ең бастысы, азық-түліктің жайы не болмақ деген сұрақ туындап тұрғаны анық. 11 ақпанда Петропавлдағы “Тайга” базарына барып, тұрғындармен сөйлескен облыс әкімі Самат Ескендіров солтүстікқазақстандықтардың күмәнін бірден сейілтті. “Бізде азық-түлік қымбаттамайды”, – деді өңір басшысы. Өйткені, нан мен сүт, ет пен май, …

БАҒАНЫҢ ШАРЫҚТАУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ Read More »

ОТПЕН ЕКІ САҒАТ АРПАЛЫС

Аман ӘУЕСХАНОВ, СҚО ТЖД-нің “Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары” ММ-нің баспасөз хатшысы. 2014 жылдың 10 ақпан күні 11 сағат 9 минутта өрт сөндіру қызметінің кезекшісіне Петропавл қаласының Горький көшесіндегі 14-ші үйдің жанып жатқаны жөнінде телефон арқылы хабар келіп жетті. №3 мамандандырылған өрт учаскесінің екі бөлімшесінің өртсөндірушілері оқиға орнына бірден аттанып кетті. Олар келіп …

ОТПЕН ЕКІ САҒАТ АРПАЛЫС Read More »

БІР АПТАДА – ЕКІ ӨЛІМ

Жыл басынан бері облыста 125 өрт болып, одан 9 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 10 адам қайғылы қазаға ұшыраса, оның 2-еуі – бала. 5 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Өткен аптаның өзінде облыста 30-дан астам төтенше жағдай оқиғалары тіркелген, қаза тапқандар бар. Жамбыл ауданының Святодуховка ауылындағы үйлердің бірінде өрт шығып, 60 жастағы ер …

БІР АПТАДА – ЕКІ ӨЛІМ Read More »

ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Өткен жылы облыста 56 бала жол-көлік оқиғасында зардап шеккен. Осыған орай облыстық есту мүшесі зақымданған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне жолда жүру ережелері бойынша ашық сабақ ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары жолда жүру ережелерін, жол реттеушісінің қимылдарын түсіндіріп, жол сақшыларының қызметі туралы баяндады. Балалар көбіне бейғамдығынан жол апатынан зардап шегеді. Яғни, көлік ағылған жолды белгіленбеген жерден кесіп өтудің …

ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ Read More »

ҮШ БАЛАНЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Ерлан БАЙМЫШЕВ, Мағжан Жұмабаев аудандық ТЖБ-нің бастығы. Үстіміздегі жылдың 12 қаңтарында таңғы сағат 5-те Возвышенка ауылындағы №12 өрт бекетіне сол жерден 35 шақырым қашықтықта орналасқан Писаревка ауылындағы үйлердің бірінен өрт шыққандығы туралы хабар түскен болатын. Кезекші қарауыл оқиға орнына жедел жеткенімен, бұл уақытта тұрғын үй толықтай өртеніп кеткен еді. Өрт шыққан үйде шырт ұйқыда жатқан …

ҮШ БАЛАНЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ Read More »

ЖЕРЛЕС ҚАЛАМГЕРЛЕР ЖАЙЛЫ СҰХБАТ-САБАҚ

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қазақ әдебиеті бөлімінде болған сұхбат-сабақ дүниеден озған жерлес ақын-жазушыларымыздың өмірі мен шығармашылығына арналды. Сұхбат-сабақты облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығы ұйымдастырып, осы мекеменің әдіскері Гауһар Темірбаева оны айтарлықтай мазмұнды өткізді. Ең алдымен аталған тақырыптағы кітап көрмесі көз тартады. Ұлы Мағжан Жұмабаевтан бастап, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, Сафуан Шаймерденовтің, Сәкен Жүнісовтің, …

ЖЕРЛЕС ҚАЛАМГЕРЛЕР ЖАЙЛЫ СҰХБАТ-САБАҚ Read More »

Теңге құнсыздануы қазақстандық өндірісшілерді бәсекеге қабілетті етеді – Б.Сұлтанов

Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай деп мәлімдеді.   «Жалпылай алғанда, теңге құнсыздануы қазақстандық өндірісшілер мен экспортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Яғни, жүргізіліп отырған индустрияландыру саясатын ескерер болсақ, мұның жайы осылай», – деді ол.   «Девальвация нәтижесінде отандық тауар өндірушілер өнімдерінің өсуі және неғұрлым қымбат импорттық …

Теңге құнсыздануы қазақстандық өндірісшілерді бәсекеге қабілетті етеді – Б.Сұлтанов Read More »

Тамақ өнімдеріне инфляцияның өсуіне жол берілмейді – Б.Сұлтанов

Коммуналдық қызметтер тарифтерінің қосымша өсуі көзделмейді. Инфляцияға ақылы қызметтердің салымы бұрын бекітілген 1,2% деңгейінде қалады, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. «Бұл ретте, биылғы жылы инфляцияның орташа деңгейін 2%-ға өсіру арқылы зейнетақыны 9%-ға, әлеуметтік жәрдемақыларды 7%-ға арттыру көзделеді», – деп айрықша атады ол. «Тамақ өнімдеріне инфляцияның …

Тамақ өнімдеріне инфляцияның өсуіне жол берілмейді – Б.Сұлтанов Read More »

КИІМДЕРІ ЖҰПЫНЫ ӨНЕРПАЗДАРЫМЫЗ жайнап жүретін күн қашан туады?

“Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ”. Бүгінде “шүберек” адам көркi ғана емес, сонымен қатар кiсiнiң эстетикалық талғамынан, өмір сүріп отырған ортасының таным-түсiнiгiнен хабар береді. Әрине, күнделікті өмірде кімнің не кием десе өз еркі болғанымен, белгілі бір санаттағы адамдарға бұл тұрғыдан талап басқаша. Ол санатқа өнер саласының өкілдері жатады. Өнерді елдің қазынасы, ұлт мәдениетінің …

КИІМДЕРІ ЖҰПЫНЫ ӨНЕРПАЗДАРЫМЫЗ жайнап жүретін күн қашан туады? Read More »

Сергей ЖУКОВ: “ІСКЕР АДАМ ЕШҚАШАН МОЙЫМАУЫ КЕРЕК”

Кәсіпкерлік жолды таңдап, еңбек етіп жүрген Сергей Жуковтің іскерлікте өзіндік ұстанымы мен бағыты бар. Мәскеудің М.Ломоносов атындағы мемлекеттік университетін тамамдаған ол 21 жылдан бері М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің жас экономистеріне тәлім беріп келеді. Ол – экономика ғылымының кандидаты, бүгінгі кәсіпкерлікке сын көзбен қарап, оның даму үдерісіне ой айта алатын жан. Сондықтан біз оны кәсіпкерлік және …

Сергей ЖУКОВ: “ІСКЕР АДАМ ЕШҚАШАН МОЙЫМАУЫ КЕРЕК” Read More »

ҚИЫН ДА ҚЫЗЫҚТЫ МАМАНДЫҚ

Әшекей ЖҰМАҒҰЛҚЫЗЫ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің оқытушысы. Ахмет Байтұрсыновтың: “Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі” деген тұжырымы бүгіннің өзінде мағынасын жойған жоқ. Ол тек жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға өткен сайын түрленіп, айшықтала түсуде. Осыдан 20 жыл бұрын бұқараға ақпарат тарату көздері теледидар, радио және газет-журнал болса, қазіргі таңда қоғам дамуына ілескен техникалық өркендеудің жаңа тетіктері пайда болды. …

ҚИЫН ДА ҚЫЗЫҚТЫ МАМАНДЫҚ Read More »

ОҚУШЫСЫ МҰҒАЛІМІНЕ САЙ

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Петропавл қаласындағы Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы Вера Григорьева жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде орыс тілінен бірінші орын алған болатын. Бұған дейін білім ошағы тарихында олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атанған жағдай болмаған. Олимпиада жеңімпазының ұстазы – “КСРО Білім беру ісінің үздігі” атағының иегері Людмила …

ОҚУШЫСЫ МҰҒАЛІМІНЕ САЙ Read More »

ҚАЗАҚШАНЫ ТАҢДАҒАНДА ҚАЙМЫҚПАДЫМ ДЕМЕЙМІН…

Екатерина ШАЙХУТДИНОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің 3-курс студенті. Мен бүгінгі таңда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Тіл және әдебиет институтында “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша білім алып жүрмін. Қазақ тілінде жоғары білім алуға келгенде қаймыққаным да рас. Себебі, Шал ақын ауданындағы Сухорабовка ауылындағы орыстілді орта мектепті тамамдаған менің бұл қылығымды ауылдастарым да, мұғалімдерім де, …

ҚАЗАҚШАНЫ ТАҢДАҒАНДА ҚАЙМЫҚПАДЫМ ДЕМЕЙМІН… Read More »

“ӘЖЕЛЕР КЛУБЫН” АШҚАНЫМЫЗ АБЗАЛ

Қазір бала тәрбиесі туралы сөз қозғар болсақ, жас келіндерге жақтырмай қарайтынымыз бар. Олар отбасылық өмірге жаңа қадам жасап жатқан соң мұның қыр-сырын біле бермейді. Сондықтан да келіндерге кінә таға беруге болмайды.  Керісінше, қолдан келгенше көмектесіп, ақыл-кеңесті аямау керек. Бүгінгі таңда жастар көп жағдайда ата-анасынан бөлек тұрып, өз мәселелерін өздері шешкенді қалайды. Бұл, бір жағынан, дұрыс …

“ӘЖЕЛЕР КЛУБЫН” АШҚАНЫМЫЗ АБЗАЛ Read More »

ШОЛПЫ, ШАШБАУ ТАҒУ ДА тәрбиенің бір түрі

Қазақтың қолдан жасалған әшекей бұйымдары ерекше әдемілікпен көз тартады. Ол әрбір бойжеткенге жарасып, ажарын ашады. Сырға, білезіктердің жөні бөлек, ал қыздардың шашына тағатын шолпы мен шашбауы қандай тамаша десеңізші?! Өкінішке қарай, бүгінгі таңда шолпы тағатын ұзын шашты қыздарды сирек кездестіреміз. Оның өзінде қыз ұзату сияқты тойларда болмаса, күнделікті тағып жүретіндер мүлдем жоқ та шығар. Сырт …

ШОЛПЫ, ШАШБАУ ТАҒУ ДА тәрбиенің бір түрі Read More »