СҚО бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы Нұрлан Шабдар мен облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нелли Кукушкина кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Жиында сөз алған Қаржы полициясы департаментінің бастығы, департамент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы тұру мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрлан Шабдар кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін айтып, Елбасы өзінің биылғы Жолдауында бұл мәселеге баса мән бергенін атап өтті.
– Екі құрылым арасындағы меморандум арқылы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру өңір кәсіпкерлерінің мүддесі мен заңды құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыратынына сенемін, – деді департамент бастығы.
Кәсіпкерлер палатасының директоры Нелли Кукушкина да бұл құжатқа қол қоюдың маңыздылығына тоқталып, меморандум аясында кәсіпкерлік субъектілері үшін қоғамдық қабылдау ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. Оның айтуынша, мұндай қоғамдық қабылдау бизнес субъектілерінің қордаланып қалған мәселелерін іс жүзінде шешуге мүмкіндік бермек. Бұл бастама Қаржы полициясы басшылығының тарапынан қолдауға ие болды.
Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап бизнес субъектілерінің қызметін қорғауды күшейту үшін арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.
СҚО Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес департаментінің
баспасөз қызметі.