«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.02.2014

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВПЕН және…

Мемлекет басшысы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловпен кездесті.   Агенттік төрағасы 2013 жылғы қызметтің қорытындылары туралы баяндады және алдағы кезеңдегі жұмыстың перспективалық бағыттары жөнінде айтты. Мемлекет басшысы негізді мемлекеттік шешімдер қабылдау үшін сенімді статистикалық деректер қажеттігін атап өтті, сондай-ақ қайталанатын статистикалық ақпараттар жинақтауды одан әрі қысқартуға назар аударды. – Еліміздің экономикалық дамуы үшін сенімді статистикалық …

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВПЕН және… Read More »

АСТАНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫ Қызылжар өңірі тұрғындарымен кездесуде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауын насихаттау мақсатында өңірімізге ат басын бұрған республикалық ақпараттық-насихат тобы түрлі сала өкілдерімен кездесті. Жиынға өңір басшысы Самат Ескендіров төрағалық етті. Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. “Қазақстан – 2020” Стратегиясын жүзеге асыруға арналған биылғы Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып өткен облыс әкімі Самат …

АСТАНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫ Қызылжар өңірі тұрғындарымен кездесуде Read More »

КАНАДА ЕЛШІСІНІҢ САПАРЫ Үйеңкі жапырағы елі мен аққайыңдар өлкесі арасындағы өзара тиімді байланыс орнатуға дәнекер болды

Облыс әкімі Самат Ескендіров Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Стивен Миллармен кездесіп, өңірімізді аталмыш елмен байланыстырар сауда-экономикалық ынтымақтастық жайында сөйлесті.  Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. – Сізге өндірістік алаңдар көрсетілді. Бұл алдағы уақытта бірлескен өндіріс құруға да мүмкіндік береді. 14 ақпан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелдің трансұлттық компанияларын елімізде бірлескен кәсіпорын …

КАНАДА ЕЛШІСІНІҢ САПАРЫ Үйеңкі жапырағы елі мен аққайыңдар өлкесі арасындағы өзара тиімді байланыс орнатуға дәнекер болды Read More »

ӨҢІРІМІЗДЕГІ БЕТКЕҰСТАР ШАРУАШЫЛЫҚ – өзгелерге өнеге

Облыс әкімі Самат Ескендіров “Зенченко және К” КС-нің нысандарында болып, өңіріміздегі іргелі агроөнеркәсіп кешенінің Петропавл қаласындағы сүт зауытымен танысып, Қызылжар ауданының Новоникольское елді мекеніндегі шаруашылығын аралады. Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде бой көтерген “Зенченко және К” КС-нің жаңа сүт өңдеу зауытының жобалық құны 655 миллион теңгені құрайды. Қаржы “ҚазАгроҚаржы” АҚ-дан жылдық …

ӨҢІРІМІЗДЕГІ БЕТКЕҰСТАР ШАРУАШЫЛЫҚ – өзгелерге өнеге Read More »

МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ КҮШЕЙТІЛУ ҮСТІНДЕ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы облыс әкімі Самат Ескендіров Елбасының “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және жұмысқа орналастыруға қатысты тапсырманың жүзеге асуына байланысты жиын өткізді. Оған мемлекеттік органдардың, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің және кәсіподақтардың облыстық …

МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ КҮШЕЙТІЛУ ҮСТІНДЕ Read More »

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАР жазаланбай қалмайды

Бүгінгі таңда жалған терроризмді әлеуметтік зұлымдық деп атауға әбден болады, өйткені терроризм актілері туралы жалған ақпарат құқық қорғау мен арнайы органдар жұмысының тұрақсыздығын туындатады. Сондай-ақ шынайы қатермен күреске кететін қаржыны азаматқа шығындауда.  Қонысбек ЫБЫРАЕВ, Петропавл қаласының прокуроры. Бұған қоса мұндай жалған ақпарат тұрғындарды дүрліктіреді әрі облыс орталығы аумағында әлеуметтік шиеленіс деңгейін арттырады.   2013 жылы …

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАР жазаланбай қалмайды Read More »

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ доллар бағамының өсуі әсер етпейді

Бүгінгі күні барлық бұқаралық ақпарат құралдарында теңге бағамының өзгеруіне орай бағаның көтерілуі мәселесі жиі қозғалуда. Бұл жағдайдың 2014 жылы тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кері әсері бола ма? Тұрғындарды, медицина және дәрі-дәрмек мамандарына осындай маңызды мәселелер төңірегінде ақпараттандыру мақсатымен Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығы өзекті сұрақтарға жауап береді.  Доллар бағамының өсуінің тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге …

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ доллар бағамының өсуі әсер етпейді Read More »

СӨЗ БАЙЛАСҚАН ӘРЕКЕТ ЖАСАҒАНДАРЫ РАСТАЛДЫ

2013 жылдың қыркүйек-қазан айларында тауық жұмыртқасына бағаның айтарлықтай өсуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы инспекция 2013 жылдың 31 қазанында тауарларды сатып алудың немесе өткiзудiң келiсiлген бағаларын не басқа жағдайларын белгiлеуде және (немесе) ұстап тұруда байқалған нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері барысында, тауық жұмыртқасын өндірушілердің (көтерме өткізушілердің) монополияға қарсы заңнаманы бұзғанына қатысты тергеу …

СӨЗ БАЙЛАСҚАН ӘРЕКЕТ ЖАСАҒАНДАРЫ РАСТАЛДЫ Read More »

ЖАҢА СОРТТАР – ӨНДІРІСКЕ

Ермек МҰСТАФИН, облыстық Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі инспектураның басшысы. Солтүстік Қазақстан облыстық инспектураның мемлекеттік сорт сынау учаскелері 2013 жылы барлығы 426 сорт тәжірибесін қамтитын, 258 сорт пен будан сынағы енгізілген 42 дақыл бойынша сортты сынақтан өткізді. Отандық селекция сияқты, сынаққа Ресейден де және алыс шетелдерден де сорттар көптеп түсе бастады. Үстіміздегі 2014 жылы …

ЖАҢА СОРТТАР – ӨНДІРІСКЕ Read More »

ҮШ АСХАНАСЫ БАР АРУ ҮШ АСХАНАСЫ БАР АРУ

Жақсы аспаз болу да өнер. Біріншіден, ол асқан дәлдікті қажет етеді, екіншіден, өз ісіне беріле істейтін аспаздың кез келген тағамды тіл үйіретіндей дәмді ететін ерекше бір сыры және тамақты әдемі етіп безендіре алатын шығармашылық қабілеті болу керек. Осындай ерекшеліктердің барлығын бір бойына жинай білген іскер әйелдердің бірі – облыс орталығындағы қалалық классикалық гимназия асханасының иесі …

ҮШ АСХАНАСЫ БАР АРУ ҮШ АСХАНАСЫ БАР АРУ Read More »

БІР АПТАДА – ҮШ ӨЛІМ

Өткен аптада өңірімізде онға жуық өрт тіркелді. Құрбандар мен зардап  Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылының тұрғыны өзінің 67-інші туған күнін тойлай алмады. Ол өз үйінен шыққан өрттен қаза тапты. Жергілікті тергеушілердің айтуынша, өрт пешті пайдаланудағы қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамаудан туындаған.   Петропавл қаласының 2-інші Косогор мекенжайы бойынша тұрғын үйде екі нәзік жан отқа оранған. Біреуі 1955 …

БІР АПТАДА – ҮШ ӨЛІМ Read More »

“ҚАУІПСІЗ ҚАЛА” ШАРАЛАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Солтүстікқазақстандық әмбебап полицейлер “Қауіпсіз қала” жедел-алдын алу шарасын қорытындылады. 11-13 ақпан аралығында әмбебап полицейлер күшейтілген түрде қызмет етті, аталмыш шараға сыртқы қызметтердің 650 маманы, сондай-ақ полицияның ерікті көмекшілері қатысты. Олар қоғамдық тәртіпке қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу, жедел жағдайды жақсарту, қылмыстық әрекетке бейім тұлғаларды анықтаумен айналысты. “Қауіпсіз қала” аясында жол-патруль инспекторлары …

“ҚАУІПСІЗ ҚАЛА” ШАРАЛАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ Read More »

КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНДАР жазасыз қалмайды

Жыл басынан бері облыс аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 86 фактісі тіркелді.  Бұл үшін 70 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бөтен елдің төрт азаматы сот тәртібімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Солардың бірі – 24 жастағы өзбек жігіті. Ол Қазақстанда жүріп қылмыс жасаған, түзеу мекемесіндегі жазасын өтеген соң еліне аттандырылды.   Өзіміздің екі жерлесіміз шетелдіктерді жұмысқа тарту ережесін …

КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНДАР жазасыз қалмайды Read More »

ЕКІ АУРУХАНАДА – ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

“Саламатты Қазақстан – 2015” мемлекеттік бағдарламасының аясында облыстық онкологиялық диспансердің материалдық-техникалық базасы құны 320 млн. теңгенің “Оптима -600” компьютерлік томографымен толықты.  АҚШ-та жасалған заманауи қондырғы обыр ауруының белгілерін жедел түрде анықтай алады. Онкологиялық ауруларды емдеуде таптырмас құрылғы 2013 жылы шығарылған.   Өңіріміз республикада обыр дерті бойынша алдыңғы қатарда екендігін ескерсек, бұл компьютерлік томограф сырқатты еш …

ЕКІ АУРУХАНАДА – ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР Read More »

АРАЙЛЫ КӨКТЕМГЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

 Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің “Көктем вальсі” концерті болып өтті.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Көктем тақырыбына арналған концертті Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі А.Хачатурянның “Вальс” шығармасымен ашты. Дирижері, оркестрдің көркемдік жетекшісі – ҚР Мәдениет қайраткері Қайырлы Ғафуров. Концертте қазақ және шетел классик сазгерлерінің шығармалары …

АРАЙЛЫ КӨКТЕМГЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ Read More »

БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖҰМЫЛА ЖҰМЫС ІСТЕДІ

Надежда ТКАЧЕНКО, ТЖ департаментінің бас маманы. Таяуда Азаматтық қорғаныс басқармасы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесінің басқару органдары және күштерінің дайындығы бойынша 2013 жылдың қорытындысын шығарды. Басқарма бастығының міндетін атқарушы майор Евгений Обухов іс-шараны аша отырып, солтүстікқазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құрылымдық бөлімшелердің айтарлықтай үлес қосқанын атап көрсетті. 2013 жылы облыста 4 республикалық және …

БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖҰМЫЛА ЖҰМЫС ІСТЕДІ Read More »

Әдептілік – әдемілік

Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ. Туыс-туғандарыңмен, нағашы-жиендеріңмен және басқа ілік, құда-жекжаттармен жиі қатынасып, араласып-құраласып жүр. Оларды өзіңе жақын тұт. Туған жеріңді ұмытпа. Ол жерге жиі барып тұр. Бір уыс топырағын үйіңде қастерлеп сақта. Жолдағы қорымдарға дұға оқып, бет сипауды есіңнен шығарма. Әр істе әділ бол. Әділ болсаң әлді боласың. Қаруың – білімің мен тілің, сүйенішің, тірегің – ақылың …

Әдептілік – әдемілік Read More »

Өтірік өлең

 Ермек ӨТЕТІЛЕУҰЛЫ. Шыншыл жоқ өзімнен, Көрдім мен көзіммен: Қайықтың ұшқанын, Қамытын тышқанның. Пойыздың жүзгенін, Тасқа ине кіргенін. Шортанды жүгірген, Шаянды жегілген. Сақалды сиырды, Сандалды суырды.  

Шаңқобыз

Бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапты ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспапта жеке ән-күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге …

Шаңқобыз Read More »

ТҮЛКІ ҚАСҚЫРҒА ҚАЛАЙ ТОН ТІКТІ? (Орыс халқының ертегісі)

Жас достар, газетіміздің “Балалар әлемі” қосымшасынан бұған дейін де әлем халықтарының тәлім-тәрбие берер талай ертегілерін оқып келдіңіздер. Біз сол дәстүрімізді жалғастыра отырып, енді “Әлем халықтарының ертегілері” деген жаңа айдар ашып, соның аясында еліміздегі ынтымағы жарасқан ұлт пен ұлыстардың ертегілері, ғибратты әңгімелерін жариялап отыруды жөн көрдік. Егерде, балалар, сондай ертегілердің бірін өздеріңіз де білсеңіздер, газетімізге жолдаңыздар. …

ТҮЛКІ ҚАСҚЫРҒА ҚАЛАЙ ТОН ТІКТІ? (Орыс халқының ертегісі) Read More »