Надежда ТКАЧЕНКО,
ТЖ департаментінің бас маманы.
Таяуда Азаматтық қорғаныс басқармасы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесінің басқару органдары және күштерінің дайындығы бойынша 2013 жылдың қорытындысын шығарды. Басқарма бастығының міндетін атқарушы майор Евгений Обухов іс-шараны аша отырып, солтүстікқазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құрылымдық бөлімшелердің айтарлықтай үлес қосқанын атап көрсетті.
2013 жылы облыста 4 республикалық және 4 аудандық командалық-штабтық оқу-жаттығу, 3033 нысаналық оқу-жаттығу мен жаттықтырулар өтті. Сондай-ақ барлық жерде толық көлемде облыстық және аудандық АҚ және ТЖ қызметтері жұмылдырылды.
Е.Обухов радиациялық және химиялық қорғаныс, өртке қарсы қызмет, медициналық, қоғамдық тәртіпті сақтау, байланыс және хабарлау қызметтерінің осы іс-шараларға белсене қатысқандарын атап көрсетті.
Кеңесті өткізу барысында басқарма бөлімшелерінің бастықтары, жануарларды және өсімдіктерді қорғау, өртке қарсы қызмет, сауда және тамақтану қызметтерінің өкілдері атқарылған жұмыстары бойынша баяндама жасады.