«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР ЖАРЫМ ШОШҚА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айжан оқуды бітіріп келген жылы жаңа құрылып жатқан “Мереке” кеңшарына қатардағы есепші болып жұмысқа орналасады. Бір күні бөлімшенің шаруашылық меңгерушісі келіп:

– Айжан, шырағым, бір жарым шошқа сойып әкелдім. Соны айдың ағында списать етерсің, – дейді.

Айдың аяғында Айжан есеп жасап отырып, әлгі бөлімшенің мал басынан бір жарым шошқаны санақтан шығарып тастайды.

Кеңшардың бас есепшісі Сәкен айлық есеп-қисапты тексеріп отырып, әлгіні байқап қалады. Сосын Айжанды шақырып алып:

– Шырағым, бір жарым шошқаны списать еткенің қалай, сонда жарты шошқа тірі жүр ме? – деп сұрайды.

– Аға, мен қайдан білейін, бөлімшедегі завхоз аға бір жарым шошқаны списать етерсің деген. Сол кісінің айтқанын жаздым, – дейді.

Кейін тексерсе, әлгі шаруашылық меңгеруші шала сауатты екен, директордың айтқанымен екі шошқаны сойғызып, жарты шошқаның етін бөлімшедегі құрылысшыларға, бір жарым шошқаның етін орталық қоныстағы асханаға тапсырыпты. Етті қабылдап алған бас аспаз оған “біржарым ұша” деп түбіртек жазып берген екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp