Бүгінгі таңда жалған терроризмді әлеуметтік зұлымдық деп атауға әбден болады, өйткені терроризм актілері туралы жалған ақпарат құқық қорғау мен арнайы органдар жұмысының тұрақсыздығын туындатады. Сондай-ақ шынайы қатермен күреске кететін қаржыны азаматқа шығындауда.
Қонысбек ЫБЫРАЕВ,
Петропавл қаласының прокуроры.
Бұған қоса мұндай жалған ақпарат тұрғындарды дүрліктіреді әрі облыс орталығы аумағында әлеуметтік шиеленіс деңгейін арттырады.
2013 жылы облыс бойынша жалған терроризмнің фактілері 3-тен 6-ға артты, соның бесеуі Петропавл қаласы аумағында жасалды. Аталған барлық фактілер ашылған.
Бұл тараптағы қылмыстың жүз пайыздық ашылуы жаңа технологияларды енгізуге байланысты, заманауи техника нақты абоненттен түскен әр қоңырауды, оның тұрған жерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жалған терроризм фактісі үшін жазаның қолданылмай қалмайтынына ықпал жасайды.
Бұған С. есімді азаматқа қатысты сот үкімі дәлел бола алады. 2012 жылы бұл азамат терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату мақсатында өзінің ұялы телефонынан СҚО ТЖД-нің кезекші операторына “112” нөмірі арқылы хабарласып, темір жол вокзалына бомба қойылғаны туралы хабарлаған. Тексеріс шаралары барысында бұл факті расталған жоқ, осыған байланысты Петропавл қаласы ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 242-бабы бойынша (дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату) аталмыш тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Нәтижесінде Петропавл қалаcы сотының үкімімен С. кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылды. Алайда жазаның мұндай жеңіл түрімен келіспеген прокуратура аппеляциялық наразылық келтірді.
Прокурордың аппеляциялық наразылығы бойынша облыстық соттың аппеляциялық алқасының қаулысымен сотталушыны бас бостандығынан айыру мерзімі екі жарым жылға дейін ұзартылды. Ол енді жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтеуде.
Бұған қоса сот үкімімен жалған ақпарат таратушыдан оқиға орнында қызмет еткен мемлекеттік жедел қызметтер пайдасына 377 213 теңге өндіріп алынды.
Жалған терроризм фактілерінің жиілеп кетуіне орай мұндай әрекет үшін қазақстандық заңнамада қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске салғымыз келеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 242-бабына сәйкес дайындалып жатқан терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратқандарға 200-ден 500-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе жеті не алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.