«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМЕЙ ТҰРУЫҢ ҚИЫН ҒОЙ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әскер НҰРМҰҚАНОВ.

Пайғамбарымыз да сауда-саттық жасаған екен, бірақ ол өнімін жоқ-жітікке, кедей-кепшікке өз бағасына берсе, бай-бағланға қымбатқа сатып, кейде адамның түр-түсіне байланысты өзгертіп отырған екен. Ал қазіргі сатушыларымызға пайғамбарымыздай кеңпейіл болу қайда?! Біреулері таразыдан алдайды, енді біреулері тілімен жылмаңдайды. Сағат сайын өзгертіп, азық-түлікке кг. сайын 40-50 теңге қосып отыруды әдетке айналдырған. Азық-түліктің сараптама қағазын, қай өңірден әкелінгенін сұрамақ болсаң, қабақ шытып, тұтынушы халықты алдамақ болып, “мөрі микроскоппен де көрінбейтін, былтырғы ма, биылғы ма “шпаргалкасын” көрсетуге дайын тұрады. Менің ойымша, кейбіреулері бір зертханамен ауыз жаласып алғанға ұқсайды…

Егер осы азық-түліктен уланса, кім жауап бермекші?! Осыны қадағалайтын аудандық, қалалық санэпидстанция қызметкерлері қайда?!

Сауданың да пірі бар. Күні үшін, қарақан басы үшін бәрін сатып жүре беретіндер қазіргі заманымызда көбейіп барады. Сатушы-саудагерлер:

Сатушы болғаным биыл ғой,

Адамды құртатын тиын ғой…

Қып-қызыл ақша – қолымда,

Өмірден алған сыйым ғой.

Базар да туған үйім ғой,

Саудагерлер бір ұйым ғой.

Ақшаның исі шықпайды,

Жемей тұруың қиын ғой,

– деп әнге басады…

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp