Ерте кезде жергілікті басшылар жұмыс істемегендерді жер аударамыз деп қорқытатын көрінеді. Ауылда тұратын Әлқиса күнұзаққа ұйқыны ермек қылып, колхоз жұмысына шықпай үйінде жатады екен. Келіншегі Манар болса колхоздың сиырын сауып, бұзауын бағып, жұмыстан қалып көрген жоқ.
Бір күні колхоз басқармасы келіншегіне әбден арқа сүйеп алған Әлқисаны кеңсесіне шақырып:
– Әй, Әлқиса, денің сау, мүшең бүтін, жұмысқа шықпай қойдың. Колхоздың басқарма мүшелері сені жер аударамыз деп бірауыздан ұйғарым жасап отыр, – десе керек. Сонда Әлқиса:
– Басеке, жер аударсаң, Манармен бірге аударшы, әйтпесе аштан өлемін ғой, – депті өтініп.