Бүгінгі күні барлық бұқаралық ақпарат құралдарында теңге бағамының өзгеруіне орай бағаның көтерілуі мәселесі жиі қозғалуда. Бұл жағдайдың 2014 жылы тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кері әсері бола ма? Тұрғындарды, медицина және дәрі-дәрмек мамандарына осындай маңызды мәселелер төңірегінде ақпараттандыру мақсатымен Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығы өзекті сұрақтарға жауап береді.
Доллар бағамының өсуінің тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге әсері болмайтындығын сеніммен айта аламыз.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, “СК-Фармация” ЖШС-і үстіміздегі жылы науқастарды қамтамасыз етуге жетерлік дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды толық көлемінде және қажетті мөлшерде сатып алғанын айтты.
Бұған қоса өзіміздің отандық фармацевтикалық индустрия зор көмек көрсететіндей жағдайға жеткендігі де қуантады. Медициналық мекемелерге дәрілік заттар бекітілген кестеге сай үздіксіз жеткізіліп тұрады.
Соңғы екі жылда дәрілік заттарды сатып алу бағасы өскен жоқ. Ал кей тұстарда, тіпті, төмендегенін мақтанышпен айтуға болады. Мәселен, үстіміздегі жылы отандық дәрілік өнімдер атауының 35 пайызға жуығы сатып алынған болатын.
2013 жылғы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің тегін кепілдендірген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу бойынша елеулі жұмыс жүргізді. Бүгінгі күнде дәрі-дәрмектің құны мемлекеттік тіркеу кезінде республикамызға енгізілу сәтінен бастап-ақ реттеледі. Дәрі-дәрмекті сатып алу қатаң қадағаланады. Осылайша өзімізді ең қажет дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз өсуінен сақтандырамыз. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, өмірлік қажетті дәрі-дәрмектер бағасының кенет көтерілуінің алдын алу мақсатында республикамыздың ірі дәріханалық мекемелерімен меморандумдар жасалатын болады.
ҚР ДСМ “Денсаулық сақтауды
дамыту республикалық орталығы” РМК Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы.