Жанат ЖҰМАБАЕВ,
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары,
Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алатын заңсыздықтарды анықтау және алдын алу бойынша былтырғы жылы 131 тексеріс өткізілді. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 65 пайызға кем.
Тексерістер кезінде 410 заң бұзушылық анықталды. Олардың 20-сында – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының, 7-еуі бойынша – Ар-намыс кодексінің, 383-інде мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының бұзылуына жол берілген.
Агенттіктің тапсырмасына сәйкес өткен жылы жоспарлы тексерістер саны 86 пайызға азайтылды. Егер 2012 жылы 317 тексеріс өткізілсе, өткен жылы 45 тексеріс ұйымдастырылды.
Айта кетерлігі, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне сәйкес өткізілетін тексерістер санының біршама артуы байқалады. Мәселен, 2011 жылы мұндай 6 тексеріс, 2012 жылы – 13, ал өткен жылы 15 тексеріс жүргізілген. Оның барысында 17 заң бұзушылық анықталып, 1 заңсыз бұйрықтың күші жойылып, 7 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Азаматтардың жергілікті мемлекеттік органдарға жүгінуі кезінде соз бұйдаға салуға кез болады. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір мемлекеттік қызметшілер азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс істеу, мәселенің байыбына бару, тиісті шараларды қолдану кезінде ағаттыққа жол беріп жатады. Өтініштер бойынша жүргізілген тексерістер кезінде негізінен “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңның 9-бабы, яғни заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін заңда белгiленген тәртiп пен мерзiмде қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға қатысты заң талаптары бұзылады.
Өңірде мемлекеттік қызметшілерге арналған семинарларды өткізу, мемлекеттік орган басшыларының тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның орындалуын қадағалау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шараларының нәтижесінде жоспарлы тексеріс қорытындылары бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны біршама кеміген. Егер 2012 жылы 56 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылса, өткен жылы бұл көрсеткіш 30 адамды құрады.
Департамент тексерістерінің қорытындысы бойынша 17 заңсыз бұйрықтың күші жойылды. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 4 есе артық.
Анықталған заң бұзушылықтарды талдай келе олардың 39-ы әкімшілік бос орындар лауазымына конкурс өткізу кезінде орын алғаны анықталды. 25-і – мемлекеттік қызметшілердің аттестаттау рәсімін сақтамау, 32-сі тәртіптік жазаны тартқызу кезінде жасалған.
Табыс және мүлік декларациясын тапсырудың уақытын бұзуға қатысты заңсыздық жиі кездеседі. Сондай-ақ мемлекеттік органдарда конкурстарды жүргізу кезінде уәкілетті орган бекіткен үлгіге сәйкес келмейтін сауалнаманы толтыру кезінде жаңылысып жататын қызметшілер де бар. Тексерістер кезінде жазбаша түсініктемені сұратып алусыз тәртіптік жаза қолдану, аттестаттауды жүргізу кезінде аттестаттау комиссиясы шешімінің көшірмесін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібермеу сияқты тәртіп бұзушылық анықталуда.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау шаралары бойынша есепті деректер қайшылығының 30 фактісі анықталды.
Өткен жылдың ішінде тәртіптік кеңестің 9 отырысы өтіп, онда 44 тәртіптік іс қаралды. Құқық бұзушылыққа жол берген 69 адам жауапкершілікке тартылып, олардың 25-іне – ескерту, 12-сіне – сөгіс жариялау, 9-ына қатаң сөгіс жариялау, 14-іне – толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту жасау және 9 мемлекеттік қызметшіні қызметтен босату туралы тәртіптік жаза қолданылды.
Былтыр облыс бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бергені үшін 85 мемлекеттік қызметші және оларға теңестірілген тұлға тиісті жазаларын алды. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 22 пайызға кем.
Тәртіптік кеңестің ұсынымымен барлық жауапкершілікке тартылғандардың 25 пайызы, яғни 23-і жазаланды.