«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭНЕРГЕТИКТЕР ІЗБАСАРЛАРЫН ІЗДЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде кейбір кәсіпорындар оқу орындарының болашақ түлектерімен оқтын-оқтын кездесіп, оларды бос жұмыс орындарына шақыруды дәстүрге айналдырған. Жақында “СевКазЭнерго” АҚ-ның энергетиктері Петропавлдың оқу орындарында осы мақсатпен болып қайтты.

Солтүстікқазақстандық энергетиктер жастарды өздерінің компанияларына жұмысқа тартады. “СевКазЭнерго” АҚ-ның мамандары студенттермен жыл сайын осындай кездесулер ұйымдастырып, оларға өңіріміздің ең ірі энергетика компаниясында қалыптасқан еңбек жағдайлары туралы баяндайды.

– Біз бүгіннің өзінде Петропавл темір жол көлігі колледжінде, Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінде және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде болдық. Өйткені, оларда болашақ энергетик мамандар білім алып жүр. Бұл жастар бізге жұмысқа келсе, жан-жақты қамқорлыққа аламыз. Компаниямызда жаңадан жұмысқа келгендерді бейімдеу және тәлімгерлік іс жолға қойылған. Бұған қоса мұнда қауіпсіз жұмыс жағдайлары қалыптасқан. Жастардың денсаулығына қамқорлық жасалады, ойдағыдай еңбекақы беріледі.Олар кәсіби біліктілігін жетілдіре алады, толық әлеуметтік пакеттерді иеленеді, – дейді “СевКазЭнерго” АҚ-ның ұйымдастыру жұмысы бойынша жетекші маманы Елена Пальянова.

– “СевКазЭнерго” АҚ-да бүгіндері 2,5 мыңдай маман еңбек етеді. Тек 2013 жылдың өзінде ғана мұнда қырыққа тарта жас маман жұмысқа алынды. Студенттер дипломдарын жазда алатындығына қарамастан, энергетиктер қазірдің өзінде Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығындағы және “Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы” АҚ-дағы 24 бос орынға жұмысқа келуге өтініш бере алады.

 “СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс бөлімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp