Әні мен сөзі
Бүркіт БЕКМАҒАНБЕТТІКІ.
Есілің бұраңдап бұзып жарын,
Көрінген күншығыстан қызыл жарың.
Елімнің солтүстікте сақшысындай,
Сап құрған ақ қайыңнан Қызылжарым.
Қайырмасы:
Бидайлы боз өлкенің
Моншағы өзен-көлің.
Өзіңмен жалғасады,
Алға асады.
Келгендей сапар асып,
Қос батыр қатарласып,
Қызылжар өрінде тұр,
Төрінде тұр.
Куәсі қуаныш пен жан шерінің,
Қызылжар, мекенісің сал-серінің,
Домбыра аққу мойын Гәккуімен,
Тербелдің әсерімен ән селінің.
Қайырмасы.