Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы.
Қыс кезінде жарақаттану оқиғасы жиі ұшырасады. Жазатайым жағдайдың басты себептері: аулада, көшеде, жолда ереже сақтамау. Сондай-ақ жиі кездесетін түрі – үсік шалу. Балалар жылы киінуді, аяқты жылы ұстау мен аяқкиім, шұлық құрғақ болуын әсте естен шығармағандары жөн.
Қар еріп, аяқкиім суланса, әсіресе, кешке, күн суытқанда аяқ тез үсіп қалады. Әсіресе, қазіргі суық күндерде абай болған жөн. Үлкендер баланы қадағалап отырмаса, саусақтары, құлағы, беті үсіп қалуы мүмкін. Ондай жағдайда бозарып тұрған жерлерін уқалап, қан жүгірту керек. Қолды үсік шалғанда, саусақтарды жұдырыққа жинап, жылы киіммен орап, икемге келтіру керек. Егер қолғап ішінде қол тоңса, онда қолды сермеп, қимылдатқан жөн. Қолды ішке тығып та жылытқан дұрыс. Егер аялдамада көп тұрып қалып, аяқтарыңыз тоңса, орныңызда тұрып қимылдаңыз. Бетті үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз. Үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады. Ал қармен сүртуге болмайды.
Жаяу жүргіншілер арнаулы жолмен ғана жүрулері тиіс. Жол белгісіне қарауды ұмытпаңыздар. Жолаушылар көлік жүргізушісіне кедергі келтірмегені, алаңдатпағаны дұрыс. Әсіресе, көктайғақ кезде сақ жүру қажет.
Көшеде, тайғақта асықпай, табанды тіреп, тізені бос ұстап жүру керек. Қолды бос ұстап, құлап бара жатқан жағдайда тізе бүгіп, жинақы болған дұрыс. Сонда басты, бетті сақтау оңай.
Қыстың жылы күнінде үйлер мен ғимараттардан алыстау жүрген жөн. Өйткені төбеден қар немесе мұз сүңгісі құлауы мүмкін. Қыста, боранда, дауылда, ақтүтекте сақтықпен кез келген ой-шұңқырдан айналып өтуге тырысыңыздар.