«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВПЕН және…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловпен кездесті.  

Агенттік төрағасы 2013 жылғы қызметтің қорытындылары туралы баяндады және алдағы кезеңдегі жұмыстың перспективалық бағыттары жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы негізді мемлекеттік шешімдер қабылдау үшін сенімді статистикалық деректер қажеттігін атап өтті, сондай-ақ қайталанатын статистикалық ақпараттар жинақтауды одан әрі қысқартуға назар аударды.

– Еліміздің экономикалық дамуы үшін сенімді статистикалық деректер, атап айтқанда, еңбек өнімділігі, жұмыспен қамту деңгейі және тағы басқа көрсеткіштерді дер кезінде ұсыну аса маңызды. Осының бәрі мемлекеттік органдардың жұмысын және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті заманауи ақпараттық технологияларды мемлекеттік статистикаға одан әрі енгізіп, әдістемелік және әдіснамалық базаны жетілдіру арқылы оның сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев халық пен бизнес үшін ашық саясат ұстанудың, мемлекеттік статистикаға қолжетімділіктің маңыздылығына, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен заңнаманың статистика бөлігіндегі негізгі ережелерді түсіндіру жұмысын одан әрі жүргізудің мәні зор екеніне де тоқталды.

Ә.Смайылов агенттік өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісін жасап жатқанын, онда құжат айналымын азайту мақсатында есептілік көрсеткіштері екі есе қысқартылғанын айтты.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

ӨМІРЗАҚ ОЗҒАНБАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

Елбасы “Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы” республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті.

Кездесу барысында Ө.Озғанбаев қоғамдық бірлестіктің қызметі мен алдағы кезеңдегі жұмыс жоспарлары туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысы біздің елімізде соғыс және еңбек ардагерлеріне қажетті көмек тұрақты түрде көрсетіліп, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешілетінін, өзге де әлеуметтік қолдау жасалатынын атап өтті.

Ө.Озғанбаев елімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындық жүргізіліп жатқанын хабарлады және қазіргі уақытта Қазақстанда 6 мыңнан астам соғыс ардагері, 220 мың тыл еңбеккері тұратынын атап өтті.

Akorda.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp