«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТАНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫ Қызылжар өңірі тұрғындарымен кездесуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауын насихаттау мақсатында өңірімізге ат басын бұрған республикалық ақпараттық-насихат тобы түрлі сала өкілдерімен кездесті. Жиынға өңір басшысы Самат Ескендіров төрағалық етті.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Қазақстан – 2020” Стратегиясын жүзеге асыруға арналған биылғы Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып өткен облыс әкімі Самат Ескендіров маңызды құжатты насихаттаушы топтың мүшелерін таныстырды. Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың жетекшілігімен вице-министрлерден, министрліктер жанындағы комитеттер мен департаменттердің басшыларынан құралған ақпараттық-насихат тобы жұмыс сапары барысында білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарын аралап, өңір тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездеспек.

Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Елбасының Жолдауында барлық құқық қорғау жұмысының сапасын арттыру қажеттігіне баса мән берілгендігін айтып, өзі басқарып отырған саладағы реформаларға тоқталып өтті. Былтырғы жылы республика бойынша жасалған қылмыстар көрсеткіші оның алдындағы жылмен салыстырғанда біршама артқанын айтқан министр солтүстік өңірдегі қылмыстық ахуал тұрақты екенін тілге тиек етті.

Жиында сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы – Мәңгілік Елдің іргетасын қалаудың маңызы жайында сөз сөйлеп, бұл мақсатты жүзеге асыру үшін халық бірлігін сақтау керектігін жеткізді.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp