ҚАНТ ҚАТ БОЛУДАН ҚАЛАДЫ
Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Елімізде АҚШ долларының бағамы көтерілгеннен бері көпшіліктің көңілі алаңдаулы. Шетел валютасы қымбаттағаннан кейін тауарлардың бағасы да шарықтайды деп ой түйген жұрт азық-түлік дүкендерінің сөрелерін кейбір тауарлардан босатып тастаған. Соның бір айғағы – қанттың қат болуы. Бір-бірін дүрліктірген жұрт “Отандық тауар өнімдеріне баға қосылмайды” деген тоқтамға назар аударар емес. Өйткені, саудамен айналысатын …